Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы N 101 Заңы.

      МАЗМҰНЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1-бап. Сенаттың және Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi, сондай-ақ Парламенттiң бiрлескен комиссиялары Қазақстан Республикасы Парламентiнiң жұмыс органдары болып табылады.

      2-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң және Палаталар комиссияларының өкiлеттiгi мен қызмет тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, осы Заңмен, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен, Парламенттiң және оның Палаталарының регламенттерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.19. № 384 Заңымен.

      3-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi тиiстi Палатаның депутаттары арасынан Парламенттiң бiрiншi сессиясында құрылады.

      Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң саны, олардың атауы Сенат пен Мәжiлiстiң отырыстарында тиiстi Палаталар депутаттарының ұсынысы бойынша белгiленедi.

      Қажет болған жағдайда жаңа тұрақты комитеттер құрылуы, бұрын құрылғандарының таратылуы және қайта ұйымдастырылуы мүмкiн.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері
мен комиссияларын құру тәртібі

      4-бап. Сенат пен Мәжiлiс құратын тұрақты комитеттердiң саны әрбiр Палатада жетiден аспауға тиiс.

      5-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тиiстi тұрақты комитеттерi мүшелерiнiң санын Палата анықтайды.

      6-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң төрағалары комитеттердiң саны мен атауы белгiленгеннен кейiн сайланады.

      7-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары Сенат, Мәжiлiс отырысында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

      Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

      Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бірінің төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.

      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.06.2020 № 340-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      8-бап. Тиiстi тұрақты комитет төрағасының қызметiне кандидатураларды Палата депутаттары ұсынады.

      9-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетi төрағасының қызметiне кандидатқа Палата депутаттары алдында сөз сөйлеу құқығы берiледi. Кандидат сөз сөйлеп болғаннан кейiн депутаттардың оған сұрақтар қоюына, кандидатура жөнiнде өз пiкiрiн айтуға құқығы бар. Палатаның комитетi төрағасының қызметiне кандидатқа депутаттар сұрақтарына жауап қайтару үшiн уақыт бөлiнедi. Кандидаттарды талқылау Палаталар регламенттерiмен белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

      10-бап. Егер тұрақты комитет төрағасының қызметiне екiден көп кандидат ұсынылса және дауыс беру кезiнде олардың ешқайсысы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусын ала алмаса, ең көп дауыс санын алған екi кандидат бойынша қайта дауыс беру өткiзiледi.

      Қайта дауыс беру кезiнде тұрақты комитеттiң төрағасы қызметiне ең көп дауыс алған кандидат сайланды деп есептеледi.

      11-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң төрағасы тиiстi Палата Бюросының құрамына кiредi.

      12-бап. Тұрақты комитеттiң төрағасы тұрақты комитет мүшелерi жалпы санының кем дегенде үштен екiсiнiң бастамасы бойынша тиiстi Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қызметiнен керi шақырылып алынуы мүмкiн.

      13-бап. Тұрақты комитеттiң төрағасы қызметтен кетуге құқылы, егер Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiгi мұны жақтап дауыс берсе, ол қабылданды деп есептеледi.

      14-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң төрағалары сайланғаннан кейiн Палата отырысында комитеттердiң мүшелерi сайланады.

      15-бап. Палаталар тұрақты комитеттерiнiң құрамын қалыптастырған кезде депутаттың белгiлi бiр комитетте жұмыс iстеуге тiлек бiлдiру құқығы ескерiледi.

      16-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң Төрағалары және олардың орынбасарлары Палаталар тұрақты комитеттерiнiң құрамына кiре алмайды.

      17-бап. Республика Парламентiнiң депутаты бiр тұрақты комитеттiң ғана мүшесi бола алады.

      Депутат бiр тұрақты комитеттен екiншiсiне ауысуға құқылы. Депутаттың бiр тұрақты комитеттен екiншiсiне ауысуы туралы шешiм Палата қаулысымен, оның Регламентi белгiлеген тәртiппен қабылданады.

      18-бап. Парламент депутаты Парламенттiң өзi құрамына кiрмейтiн тұрақты комитеттерi мен комиссияларының отырыстарына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқылы.

      19-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң хатшысы тиiстi тұрақты комитеттiң отырысында оның мүшелерi арасынан ашық дауыс беру арқылы Палатаның комитетi мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

      Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің хатшылары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

      Парламент Мәжілісінің екі тұрақты комитетінің хатшысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.

      Осы Заңның 7-бабының үшінші бөлігіне және осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес парламенттік оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланған Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағасы мен хатшылары Парламент Мәжілісінің әртүрлі тұрақты комитетіне сайланады.

      Ескерту. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.06.2020 № 340-VI Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      20-бап. Тұрақты комитет төрағасының, комитет мүшелерiнiң ұсынысы бойынша тұрақты комитеттiң хатшысы, егер комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi мұны жақтап дауыс берсе, қызметiнен керi шақырылып алынуы мүмкiн.

      21-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерi өз қызметiнiң негiзгi бағыттары бойынша қосымша комитеттер құруы мүмкiн.

      Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағасы мен хатшысы Палаталар комитетi қосымша комитеттерiнiң құрамына ене алмайды.

      22-бап. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-теңдiк негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Парламенттiң бiрлескен комиссияларының сан құрамы Палаталар арасындағы келiсiм бойынша белгiленедi. Бiрлескен комиссиялардың мүшелерiн сайлауды әрбiр Палата дербес жүзеге асырады.

      23-бап. Қаралатын заң жобалары бойынша туындаған келiспеушiлiктердi еңсеру үшiн Сенат пен Мәжiлiс әрбiр Палата депутаттарының бiрдей санымен келiсiм комиссияларын құрады.

      Келiсiм комиссияларын құру қажеттiгi туралы және олардың құрамына Сенат пен Мәжiлiс депутаттарын сайлау туралы шешiмдi Палаталардың отырыстарында Сенат, Мәжiлiс депутаттары жалпы санының көпшiлiгi қабылдайды.

      24-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясы 47-бабының 1-тармағында көзделген өкiлеттiктi жүзеге асыру мақсатында Парламент әрбiр Палатадан тең мөлшерде алынған депутаттардан және медицинаның тиiстi салаларындағы мамандардан тұратын арнаулы уақытша комиссия құрады.

      25-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясы 47-бабының 2-тармағында көзделген Сенат өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында Сенат арнаулы уақытша комиссия құрады.

      26-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң Қазақстан Республикасы Конституциясы 57-бабының 5) және 6)-тармақшаларында көзделген өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында Парламент Палаталары арнаулы комиссиялар құруы мүмкiн.

      27-бап. Парламенттiң және оның Палаталарының бiрлескен, келiсiм, арнаулы және өзге де комиссияларын құру, сондай-ақ олардың төрағаларын сайлау және Палаталардың бірлескен комиссияларының төрағаларын қызметтен босату тәртiбi Парламент Регламентiмен, Сенат пен Мәжiлiстiң регламенттерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 27-бапқа өзгеріc енгізілді - ҚР 2009.04.29. № 154-IV Заңымен.

      28-бап. Бiрлескен, келiсiм және арнаулы комиссиялардың қызметi уақытша сипатта болады, ол белгiлi бiр мерзiммен және (немесе) нақты мiндетпен шектеледi.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Парламенті комитеттері мен комиссияларының өкілеттігі

      29-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi заң жобаларымен жұмыс жүргiзу, Палатаның қарауына жататын мәселелердi алдын ала қарау және әзiрлеу үшiн құрылады.

      Өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру үшiн Палатаның тұрақты комитетi:

      1) заң актiлерiне қорытындылар жасайды, тиiстi Палатаның Бюросына заң актiсi жобасын отырыстың күн тәртiбiне енгiзу не онымен жұмысты жалғастыру немесе дәлелдi негiздеме келтiре отырып, оны қабылдамау туралы ұсыныстар енгiзедi;

      2) тиiстi Палатаның немесе оның Бюросының тапсырмасы бойынша нақты заң жобасы немесе Палатаның қарауына жататын басқа мәселе жөнiндегi бас комитет қызметiн атқарады;

      3) енгiзiлген заң жобаларын қарау жөнiндегi жұмыс топтарын құрады, олардың құрамына заң жобасы бастамашыларын, мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктер, ғылыми мекемелер өкiлдерiн, мамандарды, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер басшыларын тартады;

      4) заң актiлерi жобаларын әзiрлеу үшiн жұмыс топтарының құрамы жөнiнде тиiстi Палатаның Бюросына ұсыныстар енгiзедi;

      5) осы заң актiсiне қатысты мәселелер бойынша заң жобасының бастамашыларын тыңдайды;

      6) енгiзiлген заң жобаларының, қаулылар, Парламент пен оның Палаталары қабылдайтын басқа да актiлер жобаларының мәтiнiн өзгерту және (немесе) толықтыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;

      7) өзiн заң жобасы немесе басқа мәселе бойынша бас комитет деп белгiлеген жағдайда Палата тұрақты комитеттерiнiң, депутаттарының ескертпелерi мен ұсыныстарын жинақтайды, қорытынды және материалдар, сондай-ақ қосымша баяндама дайындайды;

      8) Палаталар Республиканың лауазымды адамдарын қызметке тағайындауға Президентке келісім беру, оларды сайлау, тағайындау, қызметтен босату және ешкімнің тиіспеуі жөніндегі құқығынан айыру жөнiндегi өкiлеттiгiн жүзеге асыру мақсатында өз отырысында ұсынылған кандидатураларды талқылайды және қарау нәтижесi бойынша қорытынды шығарады;

      9) Парламент комиссияларының құрамына жіберілетін Палаталар депутаттарының кандидатуралары бойынша ұсыныстар енгізеді;

      10) (алып тасталды - 2009.04.29. № 154-IV Заңымен);

      11) тиiстi Палата Бюросының шешiмiмен өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi;

      12) өз қарауындағы мәселелер бойынша Палаталардың басқа тұрақты комитеттерiнiң, мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң, ғылыми мекемелердiң, мамандардың пiкiрлерiн сұрауы мүмкiн;

      13) Парламент Палаталарына есеп беретiн лауазымды адамдардың есебiн немесе хабарын Парламент сессиясында тыңдау туралы ұсыныстар енгiзедi;

      14) депутаттар енгiзген мәселелер мен ұсыныстарды қарайды, олар бойынша шешiм қабылдайды, қабылданған шешiмдердiң жүзеге асуын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың орындалуына бақылау жасайды;

      15) Палатаның қарауына сыртқы және iшкi саясаттың жалпы және жекелеген мәселелерi бойынша декларациялар, үндеулер мен мәлiмдемелер қабылдау туралы ұсыныстар енгiзедi;

      16) Палата Бюросына шет мемлекеттерге жiберiлетiн ресми парламенттiк делегациялардың құрамы жөнiнде ұсыныс енгiзедi.

      Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.04.29. № 154-IV Заңымен.

      29-1-бап. Республика Президентінің ұсынысы бойынша Парламент Сенатының және (немесе) Мәжілісінің тұрақты комитеттері өзге де мәселелерді қарайды және мемлекет Басшысына тиісті қорытындыларды табыс етеді.

      Ескерту. 29-1-баппен толықтырылды - ҚР 1999.05.19. № 384 Заңымен.

      30-бап.

      Ескерту. 30-бап алып тасталды - ҚР-ның 2009.04.29. № 154-IV Заңымен.

      31-бап. Бiрлескен комиссиялардың өкiлеттiгiн депутаттар Парламент Палаталарының бiрлескен отырыстарында оларды құрған кезде белгiлейдi.

      32-бап. Келiсiм комиссияларының өкiлеттiгi олардың қарауына енгiзiлген мәселелер ауқымымен шектеледi.

      33-бап. Парламенттiң арнаулы комиссияларының өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен белгiленедi.

4-тарау. Қазақстан Республикасы Парламент комитеттері мен комиссияларының қызметін ұйымдастыру

      34-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң төрағасы:

      1) тұрақты комитеттiң жұмысына басшылық жасайды;

      2) тұрақты комитеттiң жұмыс жоспарын және оның отырысы күн тәртiбiнiң жобасын жасайды;

      3) комитеттiң, Палата Бюросының, Палатаның шешiмi бойынша тұрақты комитет мүшелерiне берiлген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады;

      4) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi орындайды.

      35-бап. Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитетiнiң хатшысы:

      1) тұрақты комитеттiң iс жүргiзуiн және оның отырыстарының хаттамаға түсiрiлуiн ұйымдастырады;

      2) тұрақты комитеттiң төрағасы болмаған жағдайда оның мiндеттерiн атқарады;

      3) өзiне Палатаның Регламентiмен жүктелген басқа да мiндеттердi атқарады.

      36-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитеттердiң қызметiне белсене қатысуға, олардың тапсырмаларын орындауға мiндеттi.

      Сенаттың, Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерiнiң мүшелерi комитет отырыстарында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешушi дауыс құқығын пайдаланады.

      Тұрақты комитеттiң мүшесi:

      1) сайлауға және комитет төрағалығына, хатшылығына сайлануға, осы кандидатуралар бойынша ұсыныс енгiзуге;

      2) комитет отырысында қарау үшiн мәселелер ұсынуға, күн тәртiбi, талқыланатын мәселелердi қарау тәртiбi мен олардың мәнi бойынша ұсыныстар мен ескертпелер енгiзуге;

      3) комитет отырыстарында комитет құзыретiне жататын мәселелер бойынша лауазымды адамдарды тыңдау туралы ұсыныс енгiзуге;

      4) заңдардың, қаулылардың, комитет отырысында әзiрленiп жатқан басқа да актiлердiң жобаларына түзетулер енгiзуге;

      5) комитет отырысында баяндама жасаушыларға, төрағалық етушiге сұрақтар қоюға;

      6) өз ұсыныстарын негiздеп сөйлеуге, анықтамалар беруге;

      7) комитет мүшелерiн азаматтардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiмен таныстыруға;

      8) комитет отырыстарының стенограммалары мен хаттамаларынан депутаттардың сөйлеген сөздерiнiң мәтiндерiмен танысуға;

      9) заңдарға сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқылы.

      37-бап. Ұсыныстары тұрақты комитеттiң қолдауын таппаған депутат оларды регламенттерге сәйкес Парламент Палатасының отырыстарында осы мәселенi талқылаған кезде енгiзе алады немесе олар жайында төрағалық етушiге жазбаша түрде хабарлай алады.

      38-бап . Депутаттар өз ынтасымен немесе тұрақты комитеттiң тапсыруы бойынша өздерiнiң аймақтары мен сайлау округтерiнде комитеттiң құзыретiндегi мәселелердi зерделейдi, мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың ұсыныстарын жинақтайды, өз қорытындылары мен ұсыныстарын комитетке хабарлайды.

      39-бап. Тұрақты комитеттер өз шешiмдерi мен тапсырмаларын орындауға комитеттер мүшелерiнiң қатысуы туралы олардың хабарламаларын тыңдауға құқылы.

      40-бап. Тұрақты комитеттiң мүшесi комитеттiң отырыстарына дәлелсiз себептермен қатыспаған жағдайда оған "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен, сондай-ақ Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiмен белгiленген тәртiппен жазалау шаралары қолданылады.

      Ескерту. 40-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.05.19. № 384 Заңымен.

      41-бап. Сенат пен Мәжiлiстiң тұрақты комитеттерi өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша қызмет нысандары мен әдiстерiн еркiн таңдап алады, мемлекеттiк органдармен және қоғамдық бiрлестiктермен өзара қарым-қатынас жасайды, қоғамдық пiкiрдi зерделейдi және ескерiп отырады.

      42-бап. Сенат пен Мәжiлiс тұрақты комитеттерiнiң отырыстары қажетiне қарай, бiрақ айына кемiнде екi рет өткiзiлiп тұрады.

      43-бап. Тұрақты комитеттiң төрағасы отырыстарды өз бастамасы бойынша да, сондай-ақ комитет депутаттарының, Палата Төрағасының ұсынысы бойынша да шақырады.

      44-бап. Тұрақты комитеттердiң отырыстары ашық өткiзiледi. Парламент пен оның Палаталарының регламенттерiнде көзделген жағдайларда жабық отырыстар өткiзiлуi мүмкiн.

      45-бап. Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен Қазақстан Республикасы Үкiметінің мүшелерi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінiң Төрағасы, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкiмшiлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының басшылары, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң Парламенттегi өкiлдерi тұрақты комитеттердiң кез келген ашық, сол сияқты жабық отырыстарына қатысуға құқылы және өз сөздерiн тыңдатуға құқығы бар.

      Ескерту. 45-бап жаңа редакцияда – ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      46-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары Парламент Палаталарында тiркелген жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi тұрақты комитеттердiң ашық отырыстарына қатыса алады.

      47-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң отырыстары олардың мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан жағдайда заңды болады.

      48-бап. Тұрақты комитеттiң отырыстарында комитеттiң төрағасы немесе хатшысы төрағалық етедi.

      Комитеттердiң отырыстары хаттамалармен ресiмделедi. Тұрақты комитеттер отырыстарының хаттамаларына төрағалық етушi қол қояды.

      49-бап . Тұрақты комитеттер өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша комитет мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысымен қаулылар қабылдайды.

      50-бап. Бiрнеше тұрақты комитеттердiң құзыретiне жататын мәселелердi комитеттердiң өз бастамасы бойынша, сондай-ақ Палатаның тапсырмасымен, не Палата Бюросының ұсынысымен комитеттердiң бiрлесiп әзiрлеуiне және қарауына болады. Бұл орайда жұмысты үйлестiру, Палата Бюросының ұсыныстары мен есептерiн қорыту үшiн сол мәселе бойынша тұрақты бас комитет айқындалады. Егер ондай шешiм қабылданбаса, қаулыда бiрiншi болып аталған комитет бас комитет болып есептеледi.

      51-бап. Тұрақты комитеттер бiрлескен отырыстар өткiзуге құқылы, оларды комитеттердiң төрағалары өзара келiсе отырып жүргiзедi. Бұл орайда қаулы әрбiр тұрақты комитеттiң жалпы құрамының көпшiлiк даусымен қабылданады.

      52-бап. Тұрақты комитеттер өз құзыретiне жататын мәселелердi қараған кезде тең құқықтарды пайдаланып, тең мiндеттер атқарады.

      Тұрақты комитеттердiң белгiлi бiр мәселе бойынша айқындамаларында келiспеушiлiк болған жағдайда олар келiспеушiлiктердi еңсеру жөнiнде шаралар қолданады. Егер комитеттер келiсiмге келе алмаса, олар өз пiкiрiн бұл мәселемен одан әрi жүргiзiлетiн жұмыс нысаны туралы шешiм қабылдайтын Палаталар Бюросына дейiн жеткiзедi.

      Палаталар отырысында комитеттердiң келiспеушiлiгі еңсерiлмеген мәселелер қаралған кезде келiспеушiлiктердiң мәнiсi, Палаталар Бюросының келiспеушiлiктердi еңсеру жөнiнде қолданылатын шаралары және олар ұсынатын шешiм депутаттарға хабарланады. Мұндай мәселелер бойынша дауыс беру Палаталар регламенттерiне сәйкес жүргiзiледi.

      53-бап. Тұрақты комитеттердiң өкiлдерi өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша Парламент пен оның Палаталарының пленарлық отырыстарында баяндамалар мен қосымша баяндамалар жасай алады.

      Тұрақты комитеттер өздерi алдын ала немесе қосымша қарауға берген, Палаталардың қарауына енгiзген мәселелер бойынша өздерiнiң баяндамашыларын немесе қосымша баяндамашыларын бөледi.

      Тұрақты комитеттердiң бiрлесiп әзiрлеген мәселелерi бойынша комитеттер бiрлескен баяндамалар және қосымша баяндамалар жасай алады не өздерiнiң ескертпелерiн, ұсыныстарын, қорытындыларын жеке табыс ете алады.

      54-бап. Тұрақты комитеттер қаралатын мәселелердi әзiрлеу үшiн Палата депутаттарын, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң, ғылыми мекемелердiң өкiлдерiн, сондай-ақ мамандар мен ғалымдарды тарта отырып, жұмыс топтарын құра алады.

      Тұрақты комитеттер өз жұмысына әртүрлi саланың мамандарын сарапшылар ретiнде тартуға, сондай-ақ заң жобаларының тәуелсiз сараптамасын тағайындауға құқылы.

      55-бап. Тұрақты комитеттер:

      өз қызметi үшiн қажеттi материалдар мен құжаттарды мемлекеттiк, қоғамдық бiрлестiктерден, ұйымдардан және лауазымды адамдардан сұратып алуға;

      лауазымды адамдарды өз отырыстарына шақыруға және комитеттердiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша оларды тыңдауға құқылы.

      Мемлекеттiк органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар тұрақты комитеттерге сұратылған материалдар мен құжаттарды заңмен қорғалатын құпияны ескере отырып беруге мiндеттi.

      56-бап. Тұрақты комитет қарайтын мәселелер бойынша қорытындылар әзiрлеу үшiн қажеттi мерзiм Палатаның шешiмi бойынша берiлген тапсырмада көрсетiледi немесе Палаталардың регламенттерiнде белгiленедi.

      Республика Президентінің заңдар жобаларын қараудың басымдығын белгiлеуге құқығы бар, бұл тиісті заң жобалары бірінші кезектегі тәртіппен екі ай ішінде қабылдануға тиіс екенін бiлдiредi.

      Ескерту. 56-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      57-бап. Парламент пен оның Палаталарының бiрлескен, келiсiм және арнаулы комиссияларының қызметiн ұйымдастыру Палаталар тұрақты комитеттерiнiң қызметiн ұйымдастырумен ұқсас.

      58-бап. Қазақстан Республикасы Конституциясы 57-бабының 5) тармақшасына сәйкес Парламент Палаталары өз құзыретiндегi мәселелер бойынша парламенттiк тыңдаулар өткiзедi.

      Парламенттiң Палаталарындағы парламенттiк тыңдауларды Палаталар Бюросының шешiмi бойынша Палаталардың тұрақты комитеттерi өткiзедi.

      Парламенттiк тыңдауларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi Парламент Палаталарының регламенттерiнде белгiленедi.

      Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.04.29. № 154-IV Заңымен.

5-тарау. Қорытынды ережелер

      59-бап. Тұрақты комитеттердiң қызметiн үйлестiру Палаталардың Бюросына жүктеледi.

      60-бап. Тұрақты комитеттер мен олардың мүшелерінің қызметiн ұйымдық, құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де жағынан қамтамасыз етудi Парламент Палаталарының тиiстi аппараттары жүзеге асырады.

      61-бап. Тұрақты комитеттерде iс жүргiзу Регламентке және Қазақстан Республикасы Парламентiнде Құжаттармен жұмыс iстеу жөнiндегi нұсқаулыққа сәйкес ұйымдастырылады.

      Қазақстан Республикасының
Президентi

О комитетах и комиссиях Парламента Республики Казахстан

Закон Республики Казахстан от 7 мая 1997 года N 101-1.

      Глава 1. Общие положения

      Статья 1. Рабочими органами Парламента Республики Казахстан являются постоянные комитеты Сената и Мажилиса, а также совместные комиссии Палат.


      Статья 2. Полномочия и порядок деятельности постоянных комитетов Сената и Мажилиса, комиссий Палат определяются Конституцией Республики Казахстан, Конституционным законом Республики Казахстан "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов", настоящим Законом, другими законодательными актами Республики Казахстан, регламентами Парламента и его Палат.

      Сноска. В статью 2 внесены изменения - Законом РК от 19 мая 1999 г. N 384.

      Статья 3. Постоянные комитеты Сената и Мажилиса образуются из числа депутатов соответствующей Палаты на первой сессии Парламента.

      Количество постоянных комитетов Сената и Мажилиса, их наименования определяются на заседаниях Сената и Мажилиса по предложению депутатов соответствующих Палат.

      В случае необходимости могут образовываться новые постоянные комитеты, упраздняться и реорганизовываться ранее созданные.

Глава 2. Порядок образования комитетов и комиссий Парламента Республики Казахстан

      Статья 4. Количество постоянных комитетов, образуемых Сенатом и Мажилисом, не должно превышать семи в каждой из Палат.

      Статья 5. Число членов соответствующих постоянных комитетов Сената и Мажилиса определяется Палатой.

      Статья 6. Избрание председателей постоянных комитетов Сената и Мажилиса осуществляется после определения количества и наименования комитетов.

      Статья 7. Председатели постоянных комитетов Палат избираются из числа депутатов открытым или тайным голосованием на заседании Сената, Мажилиса большинством голосов от общего числа депутатов Палаты.

      Парламентская оппозиция вправе выдвигать из числа своих депутатов кандидатуры на должности председателей постоянных комитетов Мажилиса Парламента.

      Председатель одного из постоянных комитетов Мажилиса Парламента избирается из числа депутатов, выдвинутых от парламентской оппозиции (при ее наличии), в порядке, предусмотренном частью первой настоящей статьи.

      Сноска. Статья 7 - в редакции Закона РК от 02.06.2020 № 340-VI (вводится в действие с 01.01.2021); с изменением, внесенным Законом РК от 05.11.2022 № 157-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 8. Кандидатуры на должность председателя соответствующего постоянного комитета выдвигаются депутатами Палаты.

      Статья 9. Кандидату на должность председателя постоянного комитета Сената, Мажилиса предоставляется право выступить перед депутатами Палаты. После выступления кандидата депутаты имеют право задавать ему вопросы, высказывать свое мнение по кандидатуре. Кандидату на должность председателя комитета Палаты отводится время для ответов на вопросы депутатов. Обсуждение кандидатур проводится в порядке, установленном регламентами Палат.

      Статья 10. При выдвижении на должность председателя постоянного комитета более двух кандидатов и если при голосовании ни один из них не набрал большинства голосов от общего числа депутатов Палаты, проводится повторное голосование по двум кандидатам, получившим наибольшее число голосов.

      При повторном голосовании избранным на должность председателя постоянного комитета считается кандидат, набравший наибольшее число голосов.

      Статья 11. Председатель постоянного комитета Сената, Мажилиса входит в состав Бюро соответствующей Палаты.

      Статья 12. Председатель постоянного комитета может быть отозван от должности большинством голосов от общего числа депутатов соответствующей Палаты по инициативе не менее двух третей от общего числа членов комитета.

      Статья 13. Председатель постоянного комитета вправе подать в отставку, которая считается принятой, если за это проголосовало большинство от общего числа депутатов Палаты.

      Статья 14. После избрания председателей постоянных комитетов Сената и Мажилиса на заседании Палаты избираются члены комитетов.

      Статья 15. При формировании состава постоянных комитетов Палат учитывается право депутата в выборе комитета, где он хотел бы работать.

      Статья 16. Председатели Сената и Мажилиса и их заместители не могут входить в состав постоянных комитетов Палат.

      Статья 17. Депутат Парламента Республики может быть членом только одного постоянного комитета.

      Депутат правомочен перейти из одного постоянного комитета в другой. Решение о переходе депутата из одного постоянного комитета в другой принимается постановлением Палаты в порядке, определяемом ее Регламентом.

      Статья 18. Депутат Парламента вправе участвовать в заседаниях комитетов и комиссий Парламента, в состав которых он не входит, с правом совещательного голоса.

      Статья 19. Секретарь постоянного комитета Сената, Мажилиса избирается на заседании соответствующего комитета из числа его членов открытым голосованием большинством голосов от общего числа членов комитета Палаты.

      Парламентская оппозиция вправе выдвигать из числа своих депутатов кандидатуры на должности секретарей постоянных комитетов Мажилиса Парламента.

      Секретари двух постоянных комитетов Мажилиса Парламента избираются из числа депутатов, выдвинутых от парламентской оппозиции (при ее наличии), в порядке, предусмотренном частью первой настоящей статьи.

      Председатель и секретари постоянных комитетов Мажилиса Парламента, избранные из числа депутатов, выдвинутых от парламентской оппозиции, в соответствии с частью третьей статьи 7 настоящего Закона и частью третьей настоящей статьи, избираются в разные постоянные комитеты Мажилиса Парламента.

      Сноска. Статья 19 с изменениями, внесенными Законом РК от 02.06.2020 № 340-VI (вводится в действие с 01.01.2021)..

      Статья 20. По предложению председателя постоянного комитета, членов комитета секретарь постоянного комитета может быть отозван от должности, если за это проголосовало большинство от общего числа членов комитета.

      Статья 21. Постоянные комитеты Палат по основным направлениям своей деятельности могут образовывать подкомитеты.

      Председатель и секретарь постоянного комитета Палат не могут входить в состав подкомитетов комитета Палат.

      Статья 22. Для решения вопросов, касающихся совместной деятельности Палат, Сенат и Мажилис вправе на паритетных началах образовывать совместные комиссии. Численный состав совместных комиссий Парламента определяется по согласованию между Палатами. Избрание членов совместных комиссий осуществляется каждой Палатой самостоятельно.

      Статья 23. Для преодоления возникших разногласий по рассматриваемым законопроектам Сенат и Мажилис создают согласительные комиссии с равным числом депутатов от каждой Палаты.

      Решение о необходимости создания согласительных комиссий и об избрании в их состав депутатов от Сената и Мажилиса принимается на заседаниях Палат большинством от общего числа депутатов Сената, Мажилиса.

      Статья 24. В целях осуществления полномочий, предусмотренных пунктом 1 статьи 47 Конституции Республики Казахстан, Парламент образует специальную временную комиссию, состоящую из равного от каждой Палаты числа депутатов и специалистов в соответствующих областях медицины.

      Статья 25. В целях осуществления полномочий Сената, предусмотренных пунктом 2 статьи 47 Конституции Республики Казахстан, Сенат образует специальную временную комиссию.

      Статья 26. В целях осуществления полномочий Сената и Мажилиса, предусмотренных подпунктами 5) и 6) статьи 57 Конституции Республики Казахстан, Палаты Парламента образуют специальные временные комиссии.

      Статья 27. Порядок образования совместных, согласительных, специальных и иных комиссий Парламента и его Палат, а также избрания их председателей и освобождения председателей совместных комиссий Палат определяется Регламентом Парламента, регламентами Сената и Мажилиса.

      Сноска. Статья 27 с изменением, внесенным Законом РК от 29.04.2009 № 154-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

      Статья 28. Деятельность совместных, согласительных и специальных комиссий носит временный характер, она ограничивается определенным сроком и (или) конкретной задачей.

Глава 3. Полномочия комитетов и комиссий Парламента Республики Казахстан

      Статья 29. Постоянные комитеты Сената и Мажилиса образуются для ведения законопроектной работы, предварительного рассмотрения и подготовки вопросов, относящихся к ведению Палаты.

      Для реализации своих полномочий постоянный комитет Палаты:

      1) дает заключения на проекты законодательных актов, вносит предложения в Бюро соответствующей Палаты о включении проекта законодательного акта в повестку дня пленарного заседания либо о продолжении работы над ним, или его отклонении с мотивированным обоснованием;

      2) по поручению соответствующей Палаты или ее Бюро выступает головным по конкретному законопроекту или другому вопросу, отнесенному к ведению Палаты;

      3) создает рабочие группы по рассмотрению внесенных законопроектов, привлекает в их состав инициаторов законопроекта, представителей государственных органов и общественных объединений, научных учреждений, специалистов, руководителей хозяйствующих субъектов;

      4) вносит предложения в Бюро соответствующей Палаты по составу рабочих групп для разработки проектов законодательных актов;

      5) заслушивает инициаторов законопроекта по вопросам, касающимся данного законодательного акта;

      6) готовит предложения по изменению и (или) дополнению текста внесенных проектов законов, постановлений, других принимаемых Парламентом и его Палатами актов;

      7) в случае определения его головным по законопроекту или другому вопросу обобщает замечания и предложения постоянных комитетов, депутатов Палаты, готовит заключение и материалы, а также содоклад;

      8) в целях осуществления Палатами полномочий по даче Президенту согласия на назначение на должность, избранию, назначению на должность, освобождению от должности и лишению неприкосновенности должностных лиц Республики обсуждает на своем заседании предложенные кандидатуры и по итогам рассмотрения выносит заключение;

      9) вносит предложения по кандидатурам депутатов Палат, делегируемых в состав комиссий Парламента;

      10) исключен Законом РК от 29.04.2009 № 154-IV (порядок введения в действие см. ст. 2);

      11) по решению Бюро соответствующей Палаты по вопросам своей компетенции проводит парламентские слушания;

      12) по вопросам, находящимся на его рассмотрении, может запрашивать мнения других постоянных комитетов Палат, государственных органов и их должностных лиц, общественных объединений, научных учреждений, специалистов;

      13) вносит предложения о заслушивании на сессии Парламента отчета или информации должностных лиц, подотчетных Палатам Парламента;

      14) рассматривает вопросы и предложения, внесенные депутатами, принимает по ним решения, организует проведение в жизнь принятых решений, а также контролирует их выполнение;

      15) вносит на рассмотрение Палаты предложения о принятии декларации, обращений и заявлений по общим и отдельным вопросам внутренней и внешней политики;

      16) вносит в Бюро Палаты предложения по составу направляемых в зарубежные государства официальных парламентских делегаций.

      Сноска. Статья 29 с изменениями, внесенными Законом РК от 29.04.2009 № 154-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

      Статья 29-1. По предложению Президента Республики постоянные комитеты Сената и (или) Мажилиса Парламента рассматривают иные вопросы и представляют Главе государства соответствующие заключения.

      Сноска. Дополнен статьей 29-1 - Законом РК от 19 мая 1999 г. N 384.
      Статья 30. Исключена Законом РК от 29.04.2009 № 154-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

      Статья 31. Полномочия совместных комиссий определяются депутатами на совместных заседаниях Палат Парламента при их образовании.

      Статья 32. Полномочия согласительных комиссий ограничиваются кругом вопросов, вынесенных на их рассмотрение.

      Статья 33. Полномочия специальных комиссий Парламента определяются Конституцией Республики Казахстан.

Глава 4. Организация деятельности комитетов и комиссий Парламента Республики Казахстан

      Статья 34. Председатель постоянного комитета Сената, Мажилиса:

      1) руководит работой постоянного комитета;

      2) составляет план работы и проект повестки дня заседания постоянного комитета;

      3) организует выполнение поручений, данных членам постоянного комитета по решению комитета, Бюро Палаты, Палаты;

      4) выполняет другие обязанности, возлагаемые на него Регламентом Палаты.

      Статья 35. Секретарь постоянного комитета Сената, Мажилиса:

      1) организует делопроизводство постоянного комитета и протоколирование его заседаний;

      2) исполняет обязанности председателя постоянного комитета в случае его отсутствия;

      3) выполняет другие обязанности, возложенные на него Регламентом Палаты.

      Статья 36. Члены постоянных комитетов Палат обязаны активно участвовать в деятельности комитетов, выполнять их поручения.

      Члены постоянных комитетов Сената, Мажилиса пользуются правом решающего голоса по всем вопросам, рассматриваемым на заседаниях комитета.

      Член постоянного комитета вправе:

      1) избирать и быть избранным председателем, секретарем комитета, вносить предложения по этим кандидатурам;

      2) предлагать вопросы для рассмотрения на заседании комитета, вносить предложения и замечания по повестке дня, порядку рассмотрения и существу обсуждаемых вопросов;

      3) вносить предложения о заслушивании на заседаниях комитета должностных лиц по вопросам, относящимся к компетенции комитета;

      4) вносить поправки к проектам законов, постановлений, других готовящихся на заседании комитета актов;

      5) задавать вопросы докладчикам, председательствующему на заседании комитета;

      6) выступать с обоснованием своих предложений, давать справки;

      7) знакомить членов комитета с обращениями граждан, общественных объединений;

      8) знакомиться с текстами выступлений депутатов в стенограммах и протоколах заседаний комитета;

      9) осуществлять другие полномочия в соответствии с законодательством.

      Статья 37. Депутат, предложения которого не получили поддержки постоянного комитета, может внести их в соответствии с регламентами при обсуждении данного вопроса на заседании Палаты, Парламента или сообщить о них в письменной форме председательствующему.

      Статья 38. Депутаты по своей инициативе или по поручению постоянного комитета изучают в своих регионах и избирательных округах вопросы, относящиеся к компетенции комитета, обобщают предложения государственных органов, общественных объединений, организаций, а также граждан, сообщают комитету свои выводы и предложения.

      Статья 39. Постоянные комитеты вправе заслушивать сообщения членов комитетов об их участии в выполнении его решений и поручений.

      Статья 40. В случае отсутствия члена постоянного комитета без уважительных причин на заседаниях комитета к нему применяются меры взыскания в порядке, установленном Конституционным законом Республики Казахстан "О Парламенте Республики Казахстан и статусе его депутатов", а также регламентами Парламента и его Палат.

      Сноска. В статью 40 внесены изменения - Законом РК от 19 мая 1999 г. N 384.

      Статья 41. Постоянные комитеты Сената и Мажилиса по вопросам своей компетенции свободны в выборе форм и методов деятельности, взаимодействуют с государственными органами и общественными объединениями, изучают и учитывают общественное мнение.

      Статья 42. Заседания постоянных комитетов Сената и Мажилиса проводятся по мере необходимости, но не реже двух раз в месяц.

      Статья 43. Председатель постоянного комитета созывает заседания как по своей инициативе, так и по предложению депутатов комитета, Председателя Палаты.

      Статья 44. Заседания постоянных комитетов являются открытыми. В случаях, предусмотренных регламентами Парламента и его Палат, могут проводиться закрытые заседания.

      Статья 45. Президент Республики Казахстан, Премьер-Министр Республики Казахстан и члены Правительства Республики Казахстан, Председатель Национального Банка Республики Казахстан, Генеральный Прокурор Республики Казахстан, Председатель Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, Председатель и члены Высшей аудиторской палаты Республики Казахстан, а также Государственный советник Республики Казахстан, руководители Администрации Президента Республики Казахстан и Аппарата Правительства Республики Казахстан, представители Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан в Парламенте вправе присутствовать на любых как открытых, так и закрытых заседаниях постоянных комитетов и имеют право быть выслушанными.

      Сноска. Статья 45 - в редакции Закона РК от 19.04.2023 № 223-VII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 46. Представители средств массовой информации могут присутствовать на открытых заседаниях постоянных комитетов при условии аккредитации средств массовой информации в Палатах Парламента.

      Статья 47. Заседания постоянных комитетов Палат правомочны при наличии не менее двух третей от общего числа их членов.

      Статья 48. На заседаниях постоянного комитета председательствует председатель комитета или секретарь.

      Заседания постоянных комитетов оформляются протоколами. Протоколы заседаний комитетов подписываются председательствующим.

      Статья 49. По вопросам своей компетенции постоянные комитеты принимают постановления большинством голосов от общего числа членов комитета.

      Статья 50. Вопросы, относящиеся к компетенции нескольких постоянных комитетов, могут по инициативе самих комитетов, а также по поручению Палаты либо рекомендации Бюро Палаты подготавливаться и рассматриваться комитетами совместно. При этом для координации работы, обобщения предложений и замечаний Бюро Палаты определяется головной по данному вопросу постоянный комитет. Если такое решение не принято, то головным считается тот комитет, который указан в постановлении первым.

      Статья 51. Постоянные комитеты вправе проводить совместные заседания, их ведут председатели комитетов по согласованию между собой. Постановление при этом принимается большинством голосов от общего состава каждого постоянного комитета.

      Статья 52. Постоянные комитеты при рассмотрении вопросов, относящихся к их компетенции, пользуются равными правами и несут равные обязанности.

      В случае расхождения позиций постоянных комитетов по одному и тому же вопросу ими принимаются меры по преодолению разногласий. Если комитеты не пришли к согласию, они доводят свое мнение до Бюро Палат, которые принимают решение о форме дальнейшей работы над этим вопросом.

      При рассмотрении на заседании Палат вопросов, по которым не преодолены разногласия комитетов, до сведения депутатов доводится суть разногласий, меры, принимаемые Бюро Палат по преодолению разногласий, и рекомендуемое им решение. Голосование по таким вопросам проводится в соответствии с регламентами Палат.

      Статья 53. Представители постоянных комитетов могут выступать на пленарных заседаниях Парламента и его Палат с докладами и содокладами по вопросам, относящимся к их компетенции.

      Постоянные комитеты по вопросам, внесенным ими на рассмотрение Палат, переданным им на предварительное или дополнительное рассмотрение, выделяют своих докладчиков или содокладчиков.

      По вопросам, подготовленным постоянными комитетами совместно, комитеты могут выступать с совместными докладами и содокладами либо отдельно представлять свои замечания, предложения, заключения.

      Статья 54. Постоянные комитеты для подготовки рассматриваемых вопросов могут создавать рабочие группы с привлечением депутатов Палаты, представителей министерств, государственных комитетов и иных центральных исполнительных органов, общественных объединений, научных учреждений, а также специалистов и ученых.

      Постоянные комитеты вправе привлекать к своей работе специалистов различного профиля в качестве экспертов, а также назначать независимую экспертизу законопроектов.

      Статья 55. Постоянные комитеты вправе:

      запрашивать материалы и документы, необходимые для их деятельности, у государственных органов, общественных объединений, организаций и должностных лиц;

      приглашать на свои заседания и заслушивать должностных лиц по вопросам, относящимся к компетенции комитетов.

      Государственные органы, организации и должностные лица обязаны предоставлять постоянным комитетам запрашиваемые материалы и документы, с учетом охраняемой законом тайны.

      Статья 56. Сроки, необходимые для подготовки заключений по рассматриваемым постоянным комитетом вопросам, указываются в поручении, данном по решению Палаты, или определяются регламентами Палат.

      Президент Республики имеет право определять приоритетность рассмотрения проектов законов, означающее, что соответствующие законопроекты должны быть приняты в первоочередном порядке в течение двух месяцев.

      Сноска. Статья 56 с изменением, внесенным Законом РК от 11.07.2017 № 91-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Статья 57. Организация деятельности совместных, согласительных и специальных комиссий Парламента и его Палат аналогична организации деятельности постоянных комитетов Палат.

      Статья 58. В соответствии с подпунктом 5) статьи 57 Конституции Республики Казахстан Палаты Парламента по вопросам своей компетенции проводят парламентские слушания.

      Парламентские слушания в Палатах Парламента проводятся по решению Бюро Палат постоянными комитетами Палат.

      Порядок организации и проведения парламентских слушаний определяется регламентами Палат Парламента.

      Сноска. Статья 58 с изменением, внесенным Законом РК от 29.04.2009 № 154-IV (порядок введения в действие см. ст. 2).

Глава 5. Заключительные положения

      Статья 59. Координация деятельности постоянных комитетов возлагается на Бюро Палат.

      Статья 60. Организационное, правовое, информационно-аналитическое и иное обеспечение деятельности постоянных комитетов и их членов осуществляют соответствующие аппараты Палат Парламента.

      Статья 61. Делопроизводство в постоянных комитетах организуется согласно Регламенту и Инструкции по работе с документами в Парламенте Республики Казахстан.

     
      Президент
Республики Казахстан