"Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 2 маусымдағы № 340-VI ҚРЗ.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      1-бап. "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 9, 94-құжат; 1999 ж., № 12, 398-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2015 ж., № 21-II, 130-құжат; 2017 ж., № 16, 56-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Палаталардың тұрақты комитеттерiнiң төрағалары, егер осы Заңда өзгеше белгіленбесе, Сенат, Мәжiлiс отырысында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы Палата депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен сайланады.

      Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағалары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

      Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің бірінің төрағасы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.";

      2) 19-бап мынадай мазмұндағы екінші, үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Парламенттік оппозиция өз депутаттарының арасынан Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің хатшылары лауазымына кандидатуралар ұсынуға құқылы.

      Парламент Мәжілісінің екі тұрақты комитетінің хатшысы осы баптың бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен парламенттік оппозициядан (ол бар болса) ұсынылған депутаттар арасынан сайланады.

      Осы Заңның 7-бабының үшінші бөлігіне және осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес парламенттік оппозициядан ұсынылған депутаттар арасынан сайланған Парламент Мәжілісі тұрақты комитеттерінің төрағасы мен хатшылары Парламент Мәжілісінің әртүрлі тұрақты комитетіне сайланады.".

      2-бап. Осы Заң 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады