Об утверждении Перечня связанных с международными договорами процессов, подлежащих инициированию и выполнению в электронной системе управления международными договорами

Приказ и.о. Министра иностранных дел Республики Казахстан от 3 апреля 2025 года № 11-1-4/196

      Примечание ИЗПИ!
      Вводится в действие с 01.10.2025.

      В соответствии со статьей 2-3 Закона Республики Казахстан "О международных договорах Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемый Перечень связанных с международными договорами процессов, подлежащих инициированию и выполнению в электронной системе управления международными договорами.

      2. Международно-правовому департаменту Министерства иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) в течение пяти рабочих дней со дня подписания настоящего приказа направление его копии в электронном виде на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан" Министерства юстиции Республики Казахстан для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства иностранных дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после подписания настоящего приказа обеспечить представление в Департамент юридической службы Министерства иностранных дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 октября 2025 года и подлежит официальному опубликованию.

      Исполняющий обязанности Министра А. Рахметуллин

      "Согласован"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

  Утвержден приказом

Перечень связанных с международными договорами процессов, подлежащих инициированию и выполнению в электронной системе управления международными договорами

№ п/п

Наименование процесса

Государственный орган, ответственный за исполнение

1.

Разработка концепции заключения международного договора согласно форме, утвержденной приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 11 марта 2014 года № 08-1-1-1/70 "Об утверждении формы концепции заключения международного договора Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9318)

ЦГО

2.

Дача заключения о внешнеполитической целесообразности заключения международного договора

МИД

3.

Согласование международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектов международных договоров

ЦГО (за исключением МЮ)

4.

Юридическая экспертиза международных договоров, участницей которых намеревается стать Республика Казахстан, а также проектов международных договоров

МЮ

5.

Направление в Министерство иностранных дел Республики Казахстан справки к международному договору по форме, указанной в приложении к Правилам ведения Государственного реестра международных договоров Республики Казахстан, утвержденным приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 31 марта 2022 года № 11-1-4/136 "Об утверждении Правил ведения Государственного реестра международных договоров Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 27388)

ЦГО

6.

Регистрация и учет международных договоров

МИД

      Расшифровка аббревиатур:

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      МЮ – Министерство юстиции Республики Казахстан

      ЦГО – центральные государственные органы Республики Казахстан (государственные органы Республики Казахстан, непосредственно подчиненные и подотчетные Президенту Республики Казахстан, а также центральные исполнительные органы Республики Казахстан)

Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 3 сәуірдегі № 11-1-4/196 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Министрдің міндетін атқарушы А. Рахметуллин

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

  бұйрығымен бекітілген

Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесі

Р/с

Процес атауы

Орындауға жауапты мемлекеттік орган

1.

"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9318 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес халықаралық шартты жасасудың тұжырымдамасын әзірлеу

ОМО

2.

Халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды беру

СІМ

3.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу

ОМО (Әділетминінен басқа)

4.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына заңдық сараптама жүргізу

Әділетмині

5.

"Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 27388 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасына қосымшада көрсетілген нысан бойынша халықаралық шартқа анықтаманы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолдау

ОМО

6.

Халықаралық шарттарды тіркеу және есепке алу

СІМ

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ОМО – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары (Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары)