ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.10.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-3-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Министрдің міндетін атқарушы | А. Рахметуллин |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрлігі
бұйрығымен бекітілген |
Халықаралық шарттарды электрондық басқару жүйесінде бастама жасалуға және орындалуға жататын халықаралық шарттармен байланысты процестердің тізбесі
Р/с | Процес атауы | Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
1. | "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9318 болып тіркелді) бекітілген нысанға сәйкес халықаралық шартты жасасудың тұжырымдамасын әзірлеу | ОМО |
2. | Халықаралық шартты жасасудың сыртқы саяси орындылығы туралы қорытынды беру | СІМ |
3. | Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарды, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларын келісу | ОМО (Әділетминінен басқа) |
4. | Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына заңдық сараптама жүргізу | Әділетмині |
5. | "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2022 жылғы 31 наурыздағы № 11-1-4/136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу реестрінде № 27388 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидасына қосымшада көрсетілген нысан бойынша халықаралық шартқа анықтаманы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне жолдау | ОМО |
6. | Халықаралық шарттарды тіркеу және есепке алу | СІМ |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі
Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
ОМО – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары (Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары)