Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.06.07 № 753 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiн құру туралы" 2000 жылғы 17 ақпандағы N 345 U000345_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1-4.
Ескерту. 1-4-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен. P010151_
5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың заңсыз айналымына және оларды терiс пайдалануға қарсы күрестi үйлестiру үшiн нашақорлыққа және есiрткi бизнесіне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссияларды құру ұсынылсын.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына және Премьер-Министрдiң 1994 жылғы 26 желтоқсандағы N 520 өкiмiне өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 3 сәуiрдегі N 390 қаулысына:
үшiншi абзацтағы "Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау
жасау жөнiндегі мемлекеттiк комиссиясының құрамына (2-қосымша) және" деген
сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегі N
2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995
жылғы 29 желтоқсандағы N 1894
P951894_
қаулысына (Қазақстан
Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң
түрлерiне лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың
(лицензиарлардың) тiзбесi мынадай мазмұндағы 38-реттік нөмiрмен
толықтырылсын:
"38 Қазақстан Республикасының Есiрткi құралдарының,
Нашақорлыққа және есiрткi психотроптық заттардың
бизнесiне қарсы күрес және прекурсорлардың
жөнiндегі агенттiгi айналымына байланысты
қызмет"
7. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр
шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
8.
Ескерту. 8-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2001.01.30. N 151
қаулысымен.
P010151_
9. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Yкiметiнің
2000 жылғы 6 мамырдағы
N 677 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi
бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттігі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыратын және iске асыратын, аталған салада басшылықты, сондай-ақ арнаулы атқарушылық, рұқсат ету функцияларын, салааралық үйлестiру мен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.
2. Агенттік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттiк мемлекеттiк мекеменiң ұйымдастырушылық құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгіленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.
Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Агенттiк өз құзыретiндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтармен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
5. Агенттiктiң Ережесiн және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi Агенттiктiң құрылымын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
6. Агенттiктiң заңды мекен-жайы:
473000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 10.
7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегі агенттiгi" мемлекеттiк мекемесi.
8. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады.
9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ғана жүзеге асырылады. Агенттiкке өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Агенттiктің негізгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары
10. Агенттіктiң негізгі мiндеттерi:
1) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтi мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
3) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметiн ведомствоаралық үйлестiру;
4) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестiру, сондай-ақ жүзеге асыру;
5) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялар мен өзге де техникалық көмектердi тартуға қатысу;
6) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласына қатысатын заңды тұлғалардың қызметiнiң тәртiбiн реттейтiн заң және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу болып табылады.
11. Агенттік заңнамада белгiленген тәртiппен және өз құзыретiнiң шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) өз құзыретiнiң аясында барлық мемлекеттiк органдар мен меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қызметiн мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
2) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметтердiң барлық түрлерiн лицензиялауды бақылайды және жүзеге асырады, сондай-ақ экспорттық және импорттық операциялар туралы шешiмдердi келiседi;
3) мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы қызметiнiң нәтижелерiн талдайды және оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
4) құзыреттi және өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы реформалаудың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi;
5) есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың тiзiмдерi мен жiктелулерiнде аталған өсiмдiктердi, заттарды және препараттарды өсiруге, өндiруге, дайындауға, олардың көтерме және халықаралық саудасына, бөлуге, зерттеуге; есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың бөлшек саудасы мен бөлiнуiне; есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды, шикiзаттарды, материалдарды және оларды дайындауға арналған жабдықтарды сақтауға; прекурсорларды өндiруге, дайындауға, олардың көтерме және халықаралық саудасы мен бөлiнуiне қолданылатын ережелер мен нормаларды және басқа да ережелер мен нормаларды әзiрлейдi;
6) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласына түсетiн техникалық көмектер мен инвестициялардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
7) құзыреттi және өзге де мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында мемлекеттiк саясат пен стратегияны қалыптастырады және iске асырады;
8) тиiстi мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру арқылы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң стратегиялары мен мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруды қамтамасыз етедi;
9) Қазақстан Республикасының құзыретті мемлекеттiк органдарымен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымының барлық түрлерiнiң ауқымын болжайды;
10) құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп мемлекеттiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға және прекурсорларға деген сұранысының нормаларын айқындайды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметiне Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi халықаралық комитетi Қазақстан Республикасына арналған халықаралық квоталарды бекiтуi үшiн мемлекеттiң есiрткi құралдарына, психотроптық заттарға сұранысының нормалары жөнiнде ұсыныстар табыс етедi;
11) Қазақстан Республикасында нашақорлық жағдайының дамуының жай-күйi мен тенденцияларын талдайды, нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес саласындағы стратегиялар мен мемлекеттiк бағдарламалардың iске асырылуы барысы туралы ақпараттық-талдаулық материалдарды дайындайды;
12) мемлекеттiк органдардың есiрткi құралдарының психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы қызметiн үйлестiредi;
13) мүдделi мемлекеттiк органдардың арасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға арналған қаражатты бөлу жөнiнде ұсыныс енгiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасы шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан алатын қаржылық және өзге де техникалық көмектi бөледi;
14) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық комиссиялардың қызметiн үйлестiрудi, сондай-ақ олардың нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламаларын орындауын жүзеге асырады;
15) денсаулық сақтау органдарына нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға медициналық-әлеуметтiк көмек көрсетуге және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтары мен бостандығы кепiлдiгiнiң қамтамасыз етiлуiне жәрдемдеседi;
16) нашақорлықты емдеу, оңалту және оның алдын алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттік емес, қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
17) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты үйлестiредi және жүзеге асырады;
18) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауды жүзеге асырады және жасасады;
19) өз қызметiнiң аясында халықаралық ұйымдар мен Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөнiнде өзара iс-қимыл жүргiзедi және ынтымақтастықта болады;
20) нашақорлыққа, есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң халықаралық практикасын және есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылаудың жүзеге асырылуын талдайды және қорытады;
21) ұсыныс енгізедi және есiрткi құралдарының психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласына инвестициялар мен техникалық көмектердi, оның ішінде халықаралық, тартуды жүзеге асырады;
22) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында заңнаманың қолдынылуы практикасын талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi және енгiзедi;
23) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы нормативтiк құқықтық кесiмдердiң, оның iшiнде стратегиялардың, мемлекеттiк бағдарламалардың жобаларын әзiрлейдi және енгiзедi, сондай-ақ Қазақстан Республикасында бақылауға жататын есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың тiзiмi мен заңсыз сақтауда немесе айналымда аңғарылған Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды шағын, iрi, өте iрi мөлшерлерге жатқызу туралы жиынтық кестеге өзгерiстер мен толықтырулар жөнiнде ұсыныстар енгізедi;
24) құзыретті және өзге де мемлекеттік органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы жұмыстар үшiн мамандарды, сондай-ақ ескерту iс-шараларын, алдын алуды, есiрткi құралдары мен психотроптық заттарды пайдаланатын және пайдалануға бейiм адамдарды, бiрiншi кезекте кәмелетке толмағандар мен жастарды емдеудi, әлеуметтiк оңалтуды ұйымдастыру мәселелерiмен айналысатын мамандарды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды, олардың тағлымдамадан өтуiн және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және үйлестiредi;
25) қоғамның нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күресуде топтасуы жөнiндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестiредi, қоғамның құқықтық мәдениетiн арттыру жөнiндегi шараларды жүзеге асырады;
26) құзыреттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласындағы ғылыми зерттеулердi үйлестiреді;
27) республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу кезiнде және индикативтiк жоспарлау бойынша Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң жүзеге асырылуы және тиiстi мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуы үшiн қажеттi бюджеттiк қаражаттарды бөлу туралы ұсыныс енгiзедi;
28) өзiне заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
12. Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi iске асыруы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) нормативтiк құқықтық кесiмдердi, оның iшiнде нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң стратегиялары мен мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу, түзету және iске асыру жөнiндегi ұсыныс енгiзуге;
2) қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылда стратегияларды, мемлекеттiк және өзге де бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi ведомствоаралық және аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға;
3) мемлекеттiк органдардан, лауазымды тұлғалардан және ұйымдардан өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша ақпарат пен материалдар сұратуға және алуға;
4) мемлекеттiк органдардың өзiнiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша есептiлiгiнiң нысандары мен мерзiмдерiн белгiлеуге;
5) өз құзыретiнiң шегінде халықаралық ұйымдармен және шетелдiк заңды тұлғалармен келiссөздер жүргiзуге және келiсімдер жасасуға;
6) Агенттiктiң жанынан консультативтiк-кеңесшi органдар, комиссиялар және жұмыс топтарын құруға, сондай-ақ нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестi жетiлдiру, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымына тиiмдi мемлекеттiк бақылау орнату жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу үшiн ғалымдар мен мамандарды, оның ішiнде шетелдiк, тартуға;
7) мемлекеттiк органдар, сондай-ақ есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды терiс пайдалануға қарсы iс-әрекет саласында қызметтi жүзеге асыратын өзге де ұйымдар өткiзетiн мәжiлiстер мен кеңестерге қатысуға;
8) Қазақстан Республикасының Үкiметiне ведомстволық бағыныстағы
ұйымдарды, оның iшiнде журналдарды, газеттердi және басқа да бұқаралық
ақпарат құралдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныс
енгiзуге;
9) нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күреске ерекше үлес
қосқан қызметкерлердi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградаларымен
марапаттауға ұсынуға;
10) Агенттiктiң құзыретiне жататын мәселелер бойынша кеңестер,
семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзуге;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды
жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Агенттiктiң мүлкi
13. Агенттiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады.
14. Агенттiкке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
15. Агенттiктiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен
шығаруға немесе өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Агенттiкке заңнамада белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке
билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
4. Агенттiктiң қызметін ұйымдастыру
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
17. Төраға Агенттiктiң қызметiн ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және агенттiкке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауаптылықта болады.
18. Агенттiктiң төрағасы осы мақсатта:
1) өзiнiң орынбасарлары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының өкiлеттiгi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
2) Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң құрылымын, штат кестесiн және олар туралы ережелердi бекiтедi;
3) заңнамаға сәйкес Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
4) заңнамада белгiленген тәртiппен Агенттiктiң қызметкерлерiн
көтермелеу, оларға материалдық көмектер көрсету мәселелерін шешедi және
тәртiптiк жаза қолданады;
5) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды;
6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де
өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
19. Орынбасарлар өздеріне Төраға жүктеген функцияларды орындайды,
Төраға болмаған кезде оның мiндеттерiн Төраға уәкiлеттiк берген
орынбасарлардың бiрi орындайды.
20. Агенттiк төрағасының жанынан сандық және жеке құрамын Агенттiктiң
төрағасы бекiтетiн консультативтiк-кеңесшi орган - алқа құрылады.
5. Агенттiктi қайта ұйымдастыру және тарату
21. Агенттiкті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 6 мамырдағы
N 677 қаулысына
1-қосымша
Штат санының лимитi қысқартылатын және
Қазақстан Республикасының Нашақорлыққа және есiрткі
бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi агенттiгiне берiлетiн
мемлекеттік органдардың
ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi - 2 адам
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi - 1 адам
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi - 1 адам
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгі - 1 адам
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң Мәдениет комитетi - 1 адам
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi - 1 адам
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi
жөнiндегі агенттiгi - 1 адам
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс
министрлiгiнiң Кеден комитетi - 1 адам
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2000 жылғы 6 мамырдағы
N 677 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр күшi жойылған
шешiмдерiнiң
ТIЗБЕСI
1. "Қазақстан Республикасының Есiрткi заттарға бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 P941367_ қаулысы.
2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 ақпандағы N 204 қаулысы.
3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 тамыздағы N 996 P960996_ қаулысы.
4. "1997-1998 жылдарға арналған есiрткiнi терiс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасаудың кешендi шаралары" жөнiндегі үкiметтiк мақсатты бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 5 наурыздағы N 305 P970305_ қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 12, 81-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 маусымдағы N 952 P970952_ қаулысы.
6. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 12 қаңтардағы N 6 P980006_ қаулысы.
7. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 алғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 тамыздағы N 748 P980748_ қаулысы.
8. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5
желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 24 сәуiрдегі N 468
P990468_
қаулысы.
9. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5
желтоқсандағы N 1367 қаулысына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Yкіметiнiң 1999 жылғы 27 сәуiрдегi N 483
P990483_
қаулысы.
10. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 5
желтоқсандағы N 1367 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 20 шiлдедегі N 1004
P991004_
қаулысы.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.