"1997-1998 жылдарға арналған есiрткiнi терiс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасаудың кешендi шаралары" жөнiндегi үкiметтiк мақсатты бағдарлама туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 5 наурыз N 305. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2000.05.06. N 677 қаулысымен. ~P000677

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "1997-1998 жылдарға арналған есiрткiнi терiс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасаудың кешендi шаралары" туралы Үкiметтiк мақсатты бағдарлама бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың қызметкерлерi

қатарынан Есiрткiнi бақылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның
Тұрақты жұмыс iстейтiн хатшылығы қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын.
     3. Қазақстан Республикасының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясы екi айдың iшiнде Есiрткiнi бақылау жөнiндегi
мемлекеттiк комиссияның Хатшылығы туралы ереженi әзiрлесiн және
Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 5 наурыздағы
                                          N 305 қаулысымен
                                             бекiтiлген

                  ҮКIМЕТТIК МАҚСАТТЫ БАҒДАРЛАМА

         "1997-1998 жылдарға арналған есiрткiнi терiс пайдалануға
               және заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасаудың
                           кешендi шаралары"



      1997-1998 жылдарға арналған "Есiрткiнi терiс пайдалануға және заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасаудың кешендi шаралары" туралы үкiметтiк мақсатты бағдарлама Есiрткiнi бақылау жөнiндегi мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентiнiң тапсырмасын орындау үшiн әзiрлендi. Бағдарламада 1997-1998 жылдарға және 2000 жылға дейiн кезеңге арналған қылмысқа қарсы күрестi күшейту жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағдарламасының ережелерi ескерiлдi.

                 1. Жағдайдың сипаттамасы

      Есiрткiлiк заттарды терiс пайдалану және олардың заңсыз айналымы соңғы жылдары дүние жүзiлiк маңызды проблемалардың бiрiне айналды және бүкiл әлемдiк қоғамдастықтың ұлғая түскен алаңдаушылығын туғызып отыр. Бүгiндерi планетамызда осы қауiптi құбылыстың терiс жағынан көрiнбеген жерi жоқ. Нашақорлықтың таратылуына қарсы күрестi күшейтудi бiрiктiру үшiн арнаулы халықаралық ұйымдар құрылып, жұмыс iстейдi, мемлекеттердiң бiрлескен қызметтерiнiң бағдарламалары қабылданып, жүзеге асырылып жатыр. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы есiрткiнi терiс пайдалануға қарсы күрестiң он жылдығын (1991-2000 жылдар) жариялап, қарсы әрекет iстеудiң кешендi ұлттық бағдарламасын әрбiр мемлекеттiң қабылдануын ұсынды.
      Нашақорлық және онымен байланысты қылмыс Қазақстан Республикасында күннен-күнге кең ауқымға ие болуда және қоғамдағы моральдық психологиялық ахуалға барынша елеулi түрде әсерiн тигiзуде. Есiрткiнi медициналық емес мақсатқа пайдалануға жол беретiн адамдардың саны тұрақты түрде көбеюде. Әлеуметтiк зерттеу көрсетiп отырғанындай, олардың саны қазiргi кезде 17 мыңнан астам адамды құрайды. Әсiресе жастардың арасында нашақорлықтың таралуы үлкен алаңдатушылық туғызып отыр. Есiрткi пайдаланатындардың үштен екiсi дерлiк, 30 жасқа дейiнгi адамдар, балалар мен жасөспiрiмдердiң нашақорлығы ұлғаюда.
      Есiрткiмен байланысты қылмыс та өсiп келедi. Мұндай қылмыстардың саны соңғы 5 жылда төрт есеге дейiн өстi және 1995 жылы 13 мыңға жеттi. Жекелеген аймақтарда мүлiктiк қылмыстардың 60%-ке дейiнi нашақорлықтың кесiрiнен жасалады. Есiрткiнi терiс пайдаланудың бой алуы және оған бағаның күрт өсуi, есiрткiлiк заттардың ұйымдасқан түрде таратылуын жүзеге асыратын қылмыстық құрылымдардың тууына және өсуiне қолайлы жағдай жасауда.
      Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелiктерi, қолданылып жүрген заңдардың жетiлдiрiлмеуi, кедендiк және шекаралық бақылауды ұйымдастыру мен қамтамасыз етудiң қиындығы халықаралық есiрткiмен сауда жасайтындардың жiтi назарын аударып, олардың iшкi есiрткi бизнесiмен қосылуы шындыққа айналуда.
      Республика үшiн таяу жылдарға арналған есiрткi жағдайының жалпы болжамы өте қолайсыз.
      Нашақорлықтың таралу ауқымы мен қарқыны, есiрткiлiк заттардың заңсыз айналымының кең өрiс алуы, қолданылып жүрген шаралардың нәтижелілiгiнiң төмендiгi туралы куәландырады. Осы салада белгiлi бiр жұмыс тәжiрибесi және айтарлықтай материалдық әлеуетi бар әртүрлi қауымдастықтар мен қорлар қызметiнiң тиiмдiлiгi шамалы болып қалып отыр. Осы уақытқа дейiн дәрiгерлер мен психологтар нашақорларды тиiмдi емдеу мен нашақорлықпен ауыратындарды емдеу мен оңалтудың тиiмдi әдiстерiн жасаған жоқ. Құрамында есiрткi бар өсiмдiктердiң егiстерiн анықтайтын және жоятын қажеттi техникалық құралдар мен жабайы өсетiн сораны жоюға арналған экологиялық таза препараттар жоқ. Заң жетiлдiрудi қажет етiп, оны халықаралық стандартқа келтiру қажеттiлiгi туып отыр. Есiрткiге қарсы насихат жүргiзетiн жүйе құрылған жоқ. БҰҰ қабылдаған Есiрткiнiң заңсыз айналымы мен психотроптық заттарға қарсы iс-қимылдың бүкiләлемдiк бағдарламасы шеңберiнде халықаралық ұйымдардың мүмкiндiктерi жеткiлiксiз қолдануда.
      Бұл жағдайларда есiрткiнiң таралуына қарсы тиiстi және тиiмдi шаралардың жоқтығы, нашақорлықтың заңсыз таралуы елдiң қауiпсiздiгi, Қазақстан халқының денсаулығы мен салауаттылығы үшiн кең көлемдегi қатерге әкелiп соғуы мүмкiн.
      Қалыптасқан жағдайға талдауды, оның таяу болашақтағы даму болжамын негiзге ала отырып, әлеуметтiк, медициналық, құқықтық және ұйымдастырушылық сипаттағы жалпы мемлекеттiк үйлестiрiлген шаралар кешенiн көздейтiн, есiрткiнi терiс пайдалануға және олардың заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасаудың мемлекеттiк мақсаттағы бағдарламасын тезiрек қабылдау және оны жүзеге асырудың қажеттiгi анық болып отыр.

           2. Бағдарламаның мақсаттары мен принциптерi

      Бағдарламаның басты мақсаты, есiрткiнi заңсыз пайдалану мен айналымының өсуiн тоқтату, ал одан кейiн нашақорлық пен оған байланысты құқық бұзушылықтарды қоғамға қауiпсiз боларлықтай төменгi дәрежеге дейiн кезең-кезеңiмен қысқарту болып табылады. Бағдарламаны орындау мүдделi мемлекеттiк органдар, қоғамдық құрылымдар, үкiметтiк емес ұйымдар мен азаматтардың күштерiн бiрiктiру негiзiнде жасалады.

     Есiрткiнiң таралуына қарсы күресте, нашақорлық пен оған
байланысты құқық бұзушылықтың алдын алуда қоғамның қызметiн
жетiлдiруге және күштерiн арттыруға басым назар аударылады.
     Бағдарламаны қаржы жағынан қамтамасыз ету республика бюджетi
бекiтiлген кезде жыл сайын қаралатын болады.

               1. Ұйымдастыру және құқықтық шаралар
___________________________________________________________________
N  |         Шаралар                       |    Орындаушылар
р/с|                                       |
___________________________________________________________________
 1 |                  2                    |          3
___________________________________________________________________
1.  Мынадай кешендi зерттеулер жүргiзу:      Ұлтстатагенттiгi,
    республика тұрғындары арасында           Экономсаудаминi,
    iрiктемелi эпидемиологиялық зерттеулер   Бiлiм және мәдениетминi,
    жолымен есiрткiлiк заттарды медициналық  МТК (келiсiм бойынша)
    емес мақсатта пайдаланудың ауқымы

    есiрткiлiк заттардың заңсыз айналымының  Iшкiiсминi, Мемкеденкомы
    және нашақорлықпен байланысты қылмыстың  Әдiлетминi, МТК, ҰҚК
    жасырындылығының деңгейi                 (келiсiм бойынша)

    нашақорлықтың таралуынан мынадай
    салаларда шыққан материалдық шығындар:

    өндiрiс (есiрткiлiк заттарды пайдалану   Ұлтстатагенттiгi,
    нәтижесiнде болған апаттар, жұмысқа      Экономсаудаминi,
    себепсiз шықпай қалушылық, жарақат алу,  Ғылымминi-Ғылым
    жұмысқа қабiлетсiз және басқа да         Академиясы,
    экономикалық тұрғыдағы негативтiк        Денсаулықминi
    факторлар)

    Денсаулық сақтау (нашақорларды емдеуге   Денсаулықминi,
    арналған шығындар, өндiрiс және арнаулы  Ұлстатагенттiгi,
    жабдықтарды пайдалану, оңалту шаралары,  Экономсаудаминi,
    қызмет көрсететiн персоналдарды ұстау    Еңбекәлеуметминi
    және т.б.)

    құқық тәртiбi және әдiл сотты жүзеге     Iшкiiсминi, Әдiлетминi,
    асыруда (құқық қорғау органдарының iс    Мемкеденкомы, Бас
    жүргiзу қызметiне, арнаулы шаралар       прокуратура, МТК, ҰҚК
    өткiзуге және т.б. жұмсалатын шығындар) (келiсiм бойынша)

2.  Тұрғындардың нашақорлық деңгейiнiң       Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    кешендi зерттелуiнiң нәтижелерiн есепке  Әдiлетминi,
    ала отырып, оның сандық және сапалық     Ұлтстатагенттiгi,
    сипатының экспресс-әдiсiнiң өлшемiн,     Экономсаудаминi, МТК
    сондай-ақ есiрткiнiң заңсыз              (келiсiм бойынша)
    айналымымен байланысты қылмыстың
    құрылымы мен динамикасын әзiрлеу. Осы
    негiзде есiрткiнi терiс пайдалану
    жағдайларына ұдайы аймақтың және
    республикалық талдаулар жүргiзу және
    iс-қимыл жасау шараларын дәл
    уақытында қолданылуды қамтамасыз ету

3.  Осы Бағдарламаның негiзiнде және оның    Облыстар, республикалық
    ережелерiн орындау үшiн есiрткiлiк       маңызы бар қалалар және
    заттарды терiс пайдалануға және олардың  астана әкiмдерi
    заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл
    жасаудың аймақтық (облыстық, қалалық,
    аудандық) бағдарламаларын ұсыну,
    әзiрлеу және қабылдау

4.  Iшкiiсминi және МТК құрамындағы жоғары   Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    мектептерде есiрткiнi заңсыз таратуға    Бiлiм және мәдениетминi,
    қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi бойынша  Мемкеденкомы, МТК
    мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру          (келiсiм бойынша)
    жөнiндегi ведомствоаралық орталық құру

5.  Мыналар әзiрленсiн:
    Заң актiлерiнiң жобалары:
    Есiрткiлiк заттар, психотроптық заттар,  Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    прекурсорлар және олардың заңсыз         Сыртқыiсминi,Әдiлетминi,
    айналымымен олардың терiс пайдалануына   Мемкеденкомы, МТК, ҰҚК
    қарсы iс-қимыл жасау шаралары туралы     (келiсiм бойынша)

    Ұйымдастыру-құқықтық негiздер:
    есiрткiлiк заттарды медициналық емес     Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    мақсатта пайдалануға жол беретiн         Бiлiм және мәдениетминi,
    азаматтардың түрлi санаттарын табу,      МТК, ҰҚК (келiсiм
    куәландыру және есепке алу               бойынша)

    есiрткi бизнесi арқылы табылған          Iшкiiсминi, Ұлттық банк,
    қорларды заңдастыру фактiлерiнiң жолын   МТК, ҰҚК (келiсiм
    кесу мақсатында банк және коммерциялық   бойынша)
    құрылымдардың қызметiне бақылау жасауды
    қамтамасыз ету

            2. Есiрткiлiк заттарды терiс пайдаланудың алдын алу

6.  Есiрткiлiк заттардың заңсыз сұранымының
    алдын алу және қысқарту мақсатында
    мыналар әзiрленсiн:
    оқушы жастар мен мектеп жасына           Бiлiм және мәдениетминi,
    дейiнгiлер арасында есiрткiге қарсы      Денсаулықминi,
    жұмыстардың әдiснамасы мен әдiстемесiн   Еңбекәлеуметминi
    өткiзу (ұсынымдар басып шығару)

    теледидар мен радио бойынша балалар      Бiлiм және мәдениетминi,
    мен жасөспiрiмдер арасындағы             Денсаулықминi
    нашақорлықтың алдын алудың ғылыми        "Қазақстанның теледидары
    негiзделген принциптерiн, теле-радио     және радиосы"
    материалдардың сынама үлгiлерiн олардың  республикалық
    мониторингiнiң тиiмдiлiгiн жасау         корпорациясы

    балалардың бойынша есiрткi пайдалануға   Бiлiм және мәдениетминi,
    жағымсыз қарым-қатынас қалыптастыруға    Денсаулықминi
    ата-аналарға арналған оқу құралы
    (әзiрленген оқу құралын басып шығару)

    есiрткiге қарсы оқытуға, жалпы бiлiм     Бiлiм және мәдениетминi,
    беретiн мекемелерде (мектеп жасына       Денсаулықминi
    дейiнгiлерге, бастауыш және орта
    мектеп, КТУ оқушылары үшiн) салауатты
    және қауiпсiз өмiр салтын насихаттауға
    арналған бағдарламалар мен көрнекi
    оқу құралдары

    құқық қорғау органдарының                Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    қызметкерлерiне, дәрiгерлерге,           Бiлiм және мәдениетминi,
    педагогтарға және ата-аналарға           МТК (келiсiм бойынша)
    есiрткiнi медициналық емес мақсатта
    пайдаланатын адамдарды табу жөнiндегi
    ұсынымдар

7.  Бiлiм органдары мен мекемелерiнде,       Бiлiм және мәдениетминi,
    Еңбекәлеуметминiнiң кәмелетке            облыстар, республикалық
    толмағандарды әлеуметтiк оңалту арнаулы  маңызы бар қалалар және
    мекемелерiнде бекiтiлген штат санының    астана әкiмдерi
    шегiнде психологиялық-педагогикалық
    қызмет құру. Жағдайдың жасалуына қарай
    бекiтiлген штат саны шегiнде, мектеп
    жасына дейiнгi және оқу орындарының
    штаттарына психологтарды кiргiзу

8.  Психологиялық-педагогикалық қызмет,      Бiлiм және мәдениетминi,
    есiрткiлiк заттарды терiс пайдаланатын   Денсаулықминi
    балалар мен жасөспiрiмдердi
    педагогикалық оңалту орталықтары
    туралы үлгiлiк Ережелер әзiрлеу

9.  Жоғары және орта арнаулы оқу орындарына  Бiлiм және мәдениетминi
    бiлiм беру бағдарламасына есiрткiнi
    терiс пайдалану және олардың заңсыз
    айналымы проблемалары жөнiнде қосымша
    тақырыптар (курстар) енгiзудi ұсыну

10. Оқу орындары мен тұрғылықты жерлерi      Бiлiм және мәдениетминi,
    бойынша есiрткiлiк заттарды терiс        облыстар мен Алматы
    пайдаланудың алдын алуға бағытталған     қаласының әкiмдерi
    жасөспiрiмдердiң
    физкультуралық-спорттық орталықтарының
    жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

11. Әдiлет министрлiгiнiң Соттық-сараптау    Әдiлетминi
    ғылыми-зерттеу институтының негiзiнде,
    есiрткiлiк заттардың заңсыз айналымы
    мен оларды дайындауға қолданылатын 
    жабдықтарға мемлекеттiк бақылауды
    құқықтық және ғылыми қамтамасыз ету
    мәселелерi бойынша ұлттық лаборатория
    құру

12. Жұмысқа наркологиялық тексеру            Еңбекәлеуметминi,
    жүргiзiлгеннен кейiн рұқсат етiлетiн     Денсаулықминi
    кәсiптердiң тiзбесiн қайта қарау

         3. Есiрткiлердi медициналық емес мақсатта пайдаланушы
            адамдарды емдеу, еңбекке қабiлеттiлiгiн қалпына
                          келтiру және оңалту

13. Нашақорлықпен ауыратын адамдарды         Денсаулықминi, Iшкiiсминi
    емдеудiң неғұрлым тиiмдi әдiстерiн,      Бiлiм және мәдениетминi
    әлеуметтiк және медициналық оңалту
    мен әлеуметтiк жағдайын қалпына
    келтiру, сондай-ақ оны жүзеге асырудың
    ұйымдастырушылық-әдiстемелiк үлгiлерiн
    әзiрлеу

14. Мыналарды әзiрлеу мен практикаға
    енгiзудi жалғастыру:

    есiрткi пайдалануға тосқауыл болатын     Денсаулықминi, Ғылымминi
    психологиялық қорғаныс әдiстерi          Ғылым академиясы

    әлемдiк тәжiрибелердi ескере отырып,     Денсаулықминi, Ғылымминi
    жоғары аурубасқыш тиiмдiлiгi кезiнде     Ғылым академиясы
    есiрткiлiк әсерiнiң аздығымен
    ерекшелiнетiн психоактивтiк заттарды
    енгiзу мәселесiн зерделеу

    әртүрлi жұмыс iстеу принциптерiнде       Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    есiрткiден мас болуды айқындайтын,       МТК, ҰҚК (келiсiм
    алып жүретiн және тұрақты                бойынша)
    приборлардың дүние жүзiлiк практикада
    қолданылу тәжiрибесiн зерделеп, одан
    әрi олардың iшiндегi ең үнемдi,
    қолдануға қарапайым және тиiмдiсiн
    сатып алуға ұсыным жасау

    Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының  Ғылымминi - Ғылым
    базасында есiрткiлiк және қатты әсер     академиясы, Әдiлетминi,
    ететiн заттарды, дәрiлiк препараттар     Денсаулықминi, МТК
    мен улы заттарды зерделеу бойынша        (келiсiм бойынша)
    ғылыми әдiстемелер

15. Нашақорлықтың алдын алу саласындағы
    мамандардың даярлау және қайта
    даярлауды қамтамасыз ету:

    меншiк нысанына қарамастан оқу           Денсаулықминi, Бiлiм
    орындарының, медицина ұйымдарының        және мәдениетминi
    медициналық персоналдарын

    денсаулық сақтаудың есiрткiден емдеу     Денсаулықминi,
    мекемелерi мен нашақорларды әлеуметтiк   Iшкiiсминi
    оңалту мекемелерiнiң мамандарын

16. Есiрткiнiң тарау деңгейi жоғары елдi     Денсаулықминi,
    мекендер аймақтарында диагностикалық     Iшкiiсминi, облыстар
    жылжымалы есiрткi лабораторияларын       әкiмдерi
    құруды ұсыну

17. Есiрткiден емдеу мекемелерiн             Денсаулықминi,
    нашақорларды емдеуге бағытталған         "Фармация" АҚ
    қазiргi заманғы дәрiлiк препараттармен
    қамтамасыз ету

18. Есiрткi пайдалануға бейiм кәмелетке      Бiлiм және медениетминi
    толмағандарды психологиялық-педагогикалық
    оңалту жөнiнде мұғалiмдерге арналған
    оқу құралдарын әзiрлеу және басып шығару

19. Есiрткi пайдалануға бейiм балалар мен    Бiлiм және мәдениетминi,
    жасөспiрiмдердi медициналық-әлеуметтiк   Денсаулықминi, облыстар,
    педагогикалық оңалтудың аймақтық         республикалық маңызы бар
    орталықтарын құруды ұсыну                қалалар және астана
                                             әкiмдерi Iшкiiсминi, МТК
                                             (келiсiм бойынша)

20. Еңбекпен түзеу мекемелерiнде есiрткi     Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    пайдаланатын адамдардың емделу
    практикасын зерделеу. Қорытындысы
    бойынша оның тиiмдiлiгiн арттыру
    шараларын әзiрлеу және жүзеге асыру

21. Нашақорлықпен ауыратындарға              Денсаулықминi, Бiлiм
    консультация алуға және жасырын емделу   және мәдениетминi,
    үшiн сенiм телефондары бар кабинеттер    облыстар мен Алматы
    ұйымдастыру                              қаласының әкiмдерi

           4. Есiрткi заттарының шығарылуы мен таратылуына
                      бақылауды қамтамасыз ету

22. Есiрткiлiк заттар мен күштi әсер ететiн  Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    заттардың тiзiмiн, олардың мөлшерiнiң    Әдiлетминi, Мемкеденкомы
    өлшемдерiн айқындауды жыл сайын қайта    Жоғарғы Сот (келiсiм
    қарау                                    бойынша)

23. Олардың көмегiмен немесе олардан         Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    есiрткiлiк заттар жасалуы мүмкiн         Экономсаудаминi,
    жабдықтардың, химиялық заттардың         Ғылымминi - Ғылым
    тiзбесiн айқындау                        академиясы

24. Әдiлет министрлiгiнiң ғылыми және        Әдiлетминi
    кадр әлеуетiн және ҚазССҒЗИ мен Заң
    ҒЗИ-ын қоса алғанда, оның құрылымдық
    бөлiмшелерiн пайдалана отырып,
    есiрткiнi терiс пайдалануға және
    заңсыз таратуға қарсы iс-қимыл жасауды
    құқықтық қамтамасыз ету және құқық
    қолдану практикасы саласында,
    перспективалық Ғылыми зерттеулер
    бағдарламасын әзiрлеу және жүзеге асыру

25. Есiрткiлiк және күштi әсер ететiн        Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    заттарды өндiру, сақтау, тасымалдау,     Экономсаудаминi,
    заңды пайдалану, есептен шығаруды        Ғылымминi - Ғылым
    реттейтiн құқықтық және                  академиясы, Мемкеденкомы
    бақылау-техникалық ережелердi            Бас Прокуратура
    әзiрлеу                                  (келiсiм бойынша)

26. Есiрткiлiк заттарды, сондай-ақ,олардың   Iшкiiсминi, Әдiлетминi
    көмегiмен немесе олардан есiрткi         Экономсаудаминi,
    заттары жасалуы мүмкiн                   Ғылымминi - Ғылым
    құрал-жабдықтарды, химиялық заттар мен   академиясы, Мемкеденкомы
    прекурсорларды Қазақстан                 Бас Прокуратура
    Республикасынан әкету және әкелу         (келiсiм бойынша)
    ережесiн әзiрлеу

27. Мыналар әзiрленсiн:
    сериялық өндiрiске түсетiн және          Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    шетелден сатып алынатын дәрiлiк
    препараттардың құрамына фармакологиялық
    бақылау жүйесi

    құқық қорғау органдарының                Iшкiiсминi,Денсаулықминi
    қызметкерлерiне көмекте есiрткiлiк       Мемкеденкомы, МТК
    заттардың жаңа түрлерiн айыру            (келiсiм бойынша)
    әдiстемесi

28. Құрамында есiрткiлiк заттар бар          Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    дәрiлiк препараттар өндiрiлетiн,
    сақталатын және сатылатын
    дәрiханаларға, химфармкәсiпорындарына,
    қоймаларға, басқа да орындарға
    кешендi тексерiстер жүргiзу. Оның
    нәтижесi бойынша мұндай объектiлердiң
    тiзбесiн қайта қарап, қызметтiң
    бұл түрiне лицензиялар беру

29. Мыналар әзiрленсiн:
    құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi       Ауылшарминi,
    жоюға арналған жаңа және қолданылып      Экобиоресурсминi,
    жүрген экологиялық қауiпсiз              Ғылымминi - Ғылым
    препараттарды бейiмдеу                   академиясы

    құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi       Iшкiiсминi, Ауылшарминi,
    жоюға арналған, жаңадан жасалған және    Ғылымминi - Ғылым
    бейiмделген химиялық препараттарды       академиясы
    жеткiзу және диспергирлеу әдiстерi

    ауыл шаруашылығы дақылдары егiсiнде      Ауылшарминi, Ғылымминi -
    құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi жою   Ғылым академиясы
    жөнiндегi агротехникалық шаралар

    құрамында есiрткi бар өсiмдiктердi       Экобиоресурсминi,
    жоюдың жасалған әдiстерiне экологиялық   Ауылшарминi, Ғылымминi -
    сараптама жүргiзу                        Ғылым академиясы

30. Құрамында есiрткi бар жабайы             Облыстар, Алматы қаласы
    өсiмдiктердi және заңсыз егiлген         әкiмдерi, Ауылшарминi,
    егiстердi табу және жою жөнiндегi        Iшкiiсминi, МТК
    шараларды тұрақты түрде өткiзудi         (келiсiм бойынша)
    қамтамасыз ету

         5. Есiрткiлiк заттардың заңсыз айналымының жолын кесу

31. Есiрткiнiң Қазақстан аумағымен           Iшкiiсминi,
    тарауының негiзгi бағыттары бойынша      Көлiккомминi,
    заңсыз тасымалдауы мен транзитiнiң       Мемкеденкомы, МТК,
    жолын кесуге шаралар әзiрлеу             ҰҚК (келiсiм бойынша)

32. Мыналар құрылсын:
    компьютер техникасы негiзiнде,          Iшкiiсминi, Сыртқыiсминi
    Iшкiiсминi мен МТК ақпараттық-есептеу   "Интерпол" ұлттық бюросы,
    орталықтарының базасында есiрткiлердiң  Мемкеденкомы, МТК
    заңсыз айналымына қатысушы адамдар      (келiсiм бойынша)
    туралы ақпараттарды, сондай-ақ оларды
    таратуға қарсы күрестiң жай-күйiн,
    оның халықаралық жүйедегi
    перспективалық ынтымақтастығын
    көрсететiн деректердi жинау, талдау
    және оны жинақтап қорытудың бiрыңғай
    ведомствоаралық автоматты жүйесi

    Iшкiiсминi мен МТК ақпараттық-есептеу    Денсаулықминi,Iшкiiсминi
    орталықтарының базасында, Қазақстан      Мемкеденкомы
    шегiнде (өндiрiс пунктiнен босату
    пунктiне: дәрiханаларға,
    емдеу-профилактикалық, ғылыми және
    өзге мекемелерге) құрамында есiрткi бар
    дәрiлiк препараттардың, соның iшiнде
    импорт бойынша түскен және экспортқа
    арналғандарының қозғалысына тiкелей
    бақылау жасайтын компьютерлiк жүйе

33. Почта байланыстары мекемелерiнде почта   Көлiккомминi
    ережесiнiң почта арқылы есiрткiлiк
    заттар салуға тыйым салынған бөлiгiндегi
    талаптарын сақтауға, почта
    жөнелтушiлердiң жауапкершiлiгi туралы
    тұрғындарға арналған ақпаратты
    қамтамасыз ету

34. Заңсыз айналысқа түсетiн есiрткiлiк      Iшкiiсминi,Мемкеденкомы,
    және күштi әсер ететiн дәрiлiк           МТК (келiсiм бойынша)
    заттардың көзiн табу және жою
    мақсатында жыл сайын тиiстi кешендi
    операциялар өткiзу

35. Өсiмдiк тектес есiрткiлiк заттардың      Iшкiiсминi,Мемкеденкомы,
    заңсыз айналымға түсуiнiң жолын кесу     МТК, ҰҚК (келiсiм
    және жою мақсатында жыл сайын "Мак",     бойынша)
    "Допинг" кешендi алдын алу
    операцияларын өткiзу

36. Есiрткiнiң заңсыз айналымымен күрес
    саласында халықаралық ынтымақтастық:
    есiрткiнi терiс пайдалануға және         Iшкiiсминi,Сыртқыiсминi,
    олардың заңсыз айналысына қарсы          Денсаулықминi,
    күреспен айналысатын халықаралық         Мемкеденкомы, МТК, ҰҚК
    ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту.      (келiсiм бойынша)
    Қазақстан Республикасының тиiстi
    халықаралық конвенциялар мен
    келiсiмдерге қосылуы туралы Үкiметке
    ұсыныстар енгiзу

    есiрткiнi бақылау және нашақорлықтың     Сыртқыiсминi,Iшкiiсминi,
    таралуымен күрес саласында басқа         Әдiлетминi, Мемкеденкомы
    мемлекеттермен және бәрiнен бұрын        МТК, ҰҚК, Бас Прокуратура
    ТМД мемлекеттерiмен көп жақты және       (келiсiм бойынша)
    екi жақты шарттар мен келiсiмдердiң
    жасалу практикасын жалғастыру

    кадрлар даярлау, құрамында есiрткi бар   Сыртқыiсминi,Iшкiiсминi,
    өсiмдiктер егiсiн ауыл шаруашылығының    Мемкеденкомы, МТК, ҰҚК
    басқа дақылдарымен ауыстыру,             (келiсiм бойынша)
    материалдық-техникалық жабдықтауға,
    заң актiлерi мен ұлттық
    бағдарламаларының жобаларына сараптама
    жүргiзу т.б. салаларда, бiрлескен
    бағдарламаларды әзiрлеу тұрғысында
    Есiрткiнi халықаралық бақылау жөнiндегi
    БҰҰ Бағдарламасымен ынтымақтастықты
    жандандыру

    есiрткiнi негiзгi шығаратын елдер мен    Сыртқыiсминi,Iшкiiсминi,
    таяу және алыс шет елдердегi есiрткi     Мемкеденкомы, МТК, ҰҚК
    транзитi елдерiмен байланыс офицерлерiн  (келiсiм бойынша)
    алмасу туралы мәселенi пысықтау

    есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы       Iшкiiсминi,Сыртқыiсминi,
    iс-қимылдар ұйымдастыру мәселелерi       Мемкеденкомы,Әдiлетминi,
    жөнiнде шетелдердiң құқық қорғау         Денсаулықминi, МТК, ҰҚК
    органдарымен және арнаулы қызметтерiмен  Бас Прокуратура (келiсiм
    тұрақты негiзде байланыс орнату және     бойынша)
    оған қолдау көрсету. Осы мәселе
    бойынша халықаралық семинар-кеңестерге
    қатысу

    есiрткiнiң таратылуына және оны терiс    Iшкiiсминi,Сыртқыiсминi,
    пайдалануға қарсы күрес проблемалары     Мемкеденкомы,Әдiлетминi
    бойынша, қол қойылған Келiсiмдердiң      МТК, ҰҚК (келiсiм
    шеңберiнде Қазақстан Республикасының     бойынша)
    халықаралық мiндеттемелерiн орындауды
    қамтамасыз ету
___________________________________________________________________
N|   Орындау мерзiмi            | Қаржы қажеттiлiгi (млн. теңге),
 |                              |  қаржыландыру көзi
 |                              |__________________________________
 |                              | Барлығы  |  1997 жыл | 1998 жыл
___________________________________________________________________
1|              4               |     5    |     6     |    7
___________________________________________________________________
1.    1997-1998                      0,3                    0,3

                                     0,2                    0,2
     1997                        Аталған ведомстволар мен
                                 министрлiктердiң қаражаты

     1997-1998                       103,7                  103,7

     1998                            11,3                   11,3
                                 Аталған ведомстволар мен
                                 министрлiктердiң қаражаты
2.   "                               1,2                    1,2
3.   1997                        Жергiлiктi бюджеттер
4.   1998                            74,2                   74,2
5.   1997                        Аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты

     1997                        Аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты

                                 Бұл да сол
6.
     1997-1998                       342                    342

     1997-1998                       0,1                    0,1

     1998                            8,1                    8,1

     1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

     1998                            6,1                    6,1

7.   1998                            1,1                    1,1

8.   1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

9.   1997-1998                   Бiлiм және мәдениетминiнiң қаражаты

10.  1998                            26                     26

11.  1997                        Аталған министрлiктердiң, Ғылым
                                 министрлiгi - Ғылым академиясының
                                 қаражаты есебiнен

12.  "                           Аталған министрлiктердiң қаражаты

13.  1998                            0,1                    0,1

14.
     1997-1998                       0,1                    0,1

     1998                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

     1997                        Аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты

     1998                            4                      4
15.
     "                               1                      1
     1998                            3,4                    3,4

16.  1997                            4,1                    4,1

17.  1997-1998                   Аталған министрлiктер мен жергiлiктi
                                 бюджеттердiң қаражаты
18.  1998                            0,02                   0,02

19.  "                               24,1                   24,1

20.  1998                            1,3                    1,3

21.  1997                        Аталған министрлiктер мен жергiлiктi
                                 бюджеттердiң қаражаты
22.  1997-1998                       0,5                    0,5

23.  1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

24.  1997                        Аталған министрлiктiң, Ғылымминi -
                                 Ғылым академиясының қаражаты

25.  1998                            0,3                    0,3

26.  1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

27.  1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

     1998                            3,5                    3,5
28.  1997-1998                       0,6                    0,6

29.  1998                            84                     84
     1997                            0,1                    0,1
                                 Және аталған министрлiктердiң
                                 қаражаты
     1998                            84                     84
     1998                            4,1                    4,1

30.  1997-1998                       8           4          4
                                 Және аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты

31.  1997-1998                       0,3                    0,3

                                 Және аталған министрлiктердiң
                                 қаражаты
32.  1997-1998                       2,7                    2,7
                                 Және аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты
     1998                            0,6                    0,6

33.  1997                        Аталған министрлiктердiң қаражаты

34.  1997-1998                       17,6                   17,6
                                 Және аталған министрлiктердiң
                                 және комитеттердiң қаражаты

35.  1997-1998                       86,8                   86,8

36.  1997-1998                   Аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты
     1997-1998                   Бұл да сол
     "                           Бұл да сол
     "                           Аталған министрлiктер мен
                                 комитеттердiң қаражаты
     "                           Бұл да сол
               

                                  Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                  1997 жылғы 5 наурыздағы
                                   N 305 қаулысына
                                       Қосымша

         Қазақстан Республикасының Есiрткiнi бақылау жөнiндегi
                 мемлекеттiк комиссиясы Хатшылығының
                              ҚҰРАМЫ

     Қазақстан Республикасының Iшкi iстер
     министрлiгi                                     - 2 адам
     Қазақстан Республикасының Денсаулық
     сақтау министрлiгi                              - 2 адам
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
     Тергеу комитетi (келiсiм бойынша)               - 1 адам
     Қазақстан Республикасының Ұлттық
     қауiпсiздiк комитетi (келiсiм бойынша)          - 1 адам
     Қазақстан Республикасының Ауыл
     шаруашылығы министрлiгi                         - 1 адам
     Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
     кеден комитетi                                  - 1 адам
     Қазақстан Республикасының Әдiлет
     министрлiгi (ҚазССҒЗИ)                          - 1 адам
     Қазақстан Республикасының Бiлiм және
     мәдениет министрлiгi                            - 2 адам
     Қазақстан Республикасының Қорғаныс
     министрлiгi                                     - 1 адам
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады