Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 27 сәуір N 483. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2000.05.06. N 677 қаулысымен. ~P000677

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Есірткі заттарға бақылау жасау

 

жөніндегі мемлекеттік комиссиясын құру туралы" Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 5 желтоқсандағы N 1367 


P941367_



қаулысына

мынадай толықтыру енгізілсін:

     аталған қаулының 1-қосымшасында:

     10-тармақтың екінші абзацы мынадай сөздермен толықтырылсын:

     "Хатшылықтың қызметін жүзеге асыру кезінде іссапар, өкілдік,

көліктік шығыстарды, сондай-ақ ағымдағы шаруашылық мақсаттарға

арналған бұйымдар мен материалдарды сатып алуға байланысты шығыстарды

төлейді".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі


   Оқығандар:     

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.       





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады