Об упразднении Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 октября 2002 года N 1116

      В соответствии со статьей 24 Конституционного закона Республики Казахстан от 18 декабря 1995 года "О Правительстве Республики Казахстан" и Указом Президента Республики Казахстан от 28 августа 2002 года N 931 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Упразднить Комитет дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (далее - Комитет) с передачей его функций и полномочий по управлению имуществом Министерству внутренних дел Республики Казахстан.

      2. Ликвидировать Республиканское государственное предприятие "Научно-производственный центр безопасности дорожного движения" на праве хозяйственного ведения Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан.

      3. Министерству внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке:
      1) осуществить ликвидацию Комитета;
      2) принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 05.08.2013 № 796.

      5. Признать утратившими силу:
      1) пункты 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8 постановления Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2001 года N 777 "Вопросы Комитета дорожной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2001 г., N 21, ст. 262);
      2) подпункт 2) пункта 1 постановления Правительства Республики Казахстан от 30 июля 2002 года N 846 "О вопросах учета, государственной регистрации и осмотра технического состояния сельскохозяйственной и мелиоративной техники в Республике Казахстан".

      6. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнің Жол полициясы комитетiн тарату туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы. 2002 жылғы 11 қазан N 1116

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңының  24-бабына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру шаралары туралы" 2002 жылғы 28 тамыздағы N 931  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Жол полициясы комитетi (бұдан әрi - Комитет) оның мүлiктi басқару жөнiндегi функциялары мен өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне берiле отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң ғылыми-өндiрiстiк орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны таратылсын.

      3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Комитеттiң таратылуын жүзеге асырсын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      5. Мыналардың:
      1) "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнің мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 8 маусымдағы N 777  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 262-құжат) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8-тармақтарының;
      2) "Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 30 шілдедегi N 846  қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі