Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық және мелиоративтiк техниканың есебiн жүргiзу, оны мемлекеттiк тiркеу және техникалық жай-күйiн тексеру мәселелерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 30 шілде N 846

      "Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi Z960029_ Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.07. N 1096 қаулысымен. P021096_
      2) <*>
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.10.11. N 1116 қаулысымен. P021116_
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мыналарды әзiрлесiн және бекiтсiн:
      1) Доңғалақты тракторларды, соған қоса олардың базасында жасалған өзi жүретiн шассилер мен механизмдердi, сондай-ақ доңғалақты тракторлар құрамында жүруге арналған тiркемелердi мемлекеттiк тiркеу және олардың техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi;
      2) Тракторлардың, өзi жүретiн ауыл шаруашылық және мелиоративтiк

машиналардың есебiн алу әрi техникалық жай-күйiне тексеру жүргiзу ережесi.
     3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен 
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi осы қаулыдан туындайтын 
өзге де шараларды қабылдасын.
     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады