Об определении банка-заемщика для кредитования сельскохозяйственного производства через систему сельских кредитных товариществ, осуществляемого за счет средств, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июля 2003 года N 730

      В соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2002 года N 832 "Об утверждении Правил финансовых процедур по исполнению бюджета и ведению форм отчетности (периодической и годовой) для государственных учреждений, содержащихся за счет государственного бюджета" Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Определить банком-заемщиком для кредитования сельскохозяйственного производства через систему сельских кредитных товариществ, осуществляемого в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2003 года N 259 "О некоторых вопросах кредитования и субсидирования агропромышленного сектора" за счет средств в сумме 735 000 000 (семьсот тридцать пять миллионов) тенге, предусмотренных в республиканском бюджете на 2003 год, закрытое акционерное общество "Аграрная кредитная корпорация". <*>

      Сноска. В пункт 1 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 19 декабря 2003 г. N 1278 .

      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан, Министерству финансов Республики Казахстан, закрытому акционерному обществу "Аграрная кредитная корпорация" (по согласованию) принять соответствующие меры для реализации настоящего постановления.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.

      Премьер-Министр
   Республики Казахстан

2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттың есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банктi белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 шілдедегі N 730 қаулысы

      "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу (мерзiмдiк және жылдық) жөнiндегi қаржылық рәсiмдердiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "Агроөнеркәсiп кешенiне кредит берудiң және оны субсидиялаудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 наурыздағы N 259 қаулысына сәйкес 2003 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген 735 000 000 (жетi жүз отыз бес миллион) теңге сомасындағы қаражат есебiнен жүзеге асырылатын ауылдық кредит серiктестiктерi жүйесi арқылы ауыл шаруашылығы өндiрiсiне кредит беру үшiн қарыз берушi банк ретiнде "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы белгiленсiн.<*>
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.19. N 1278 қаулысымен .

      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, "Аграрлық кредит корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) осы қаулыны iске асыру үшiн тиiстi шаралар қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі