Об утверждении перечня специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов и Правил их выделения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2008 года N 663.

      В целях реализации Закона Республики Казахстан от 7 июля 1997 года "О судебных приставах" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые:

      1) Перечень специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов;

      2) Правила выделения специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

     
      Премьер-Министр
Республики Казахстан
К. Масимов

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 июля 2008 года N 663

Перечень специальных средств,
состоящих на вооружении судебных приставов

      Сноска. Перечень с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 11.10.2019 № 757 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

N
п/п

Должность

Палка резиновая

Наручники

1.

Судебный пристав Верховного Суда Республики Казахстан

1

1

2.

Судебный пристав администраторов судов областей, городов республиканского значения и столицы

1

1

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 2 июля 2008 года N 663

Правила
выделения специальных средств,
состоящих на вооружении судебных приставов
1. Общие условия

      1. Настоящие Правила выделения специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов, разработаны в соответствии с пунктом 6 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 7 июля 1997 года "О судебных приставах" и устанавливают порядок выделения специальных средств, состоящих на вооружении судебных приставов.

2. Порядок выделения специальных средств

      2. Обеспечение подразделений судебных приставов специальными средствами возлагается на уполномоченный государственный орган по обеспечению исполнения исполнительных документов (далее - уполномоченный орган) и Аппарат Верховного Суда Республики Казахстан.

      3. Выделение средств для обеспечения судебных приставов специальными средствами производится из республиканского бюджета.

      4. Способ закупа специальных средств определяется в соответствии с законодательством о государственных закупках.

      5. Количество специальных средств определяется штатной численностью судебных приставов.

      6. Специальные средства выдаются судебным приставам после прохождения соответствующей специальной подготовки.

      7. Не допускаются ношение и применение специальных средств в неслужебных целях и в нерабочее время.

      8. Хранение специальных средств осуществляется в специально оборудованных помещениях в здании соответствующего суда или территориального подразделения уполномоченного органа.

3. Контроль и ответственность

      9. Ответственность за целевое и эффективное использование средств, выделенных на приобретение специальных средств для судебных приставов, возлагается на уполномоченный орган и Верховный Суд Республики Казахстан.

      10. Контроль за применением специальных средств судебными приставами осуществляется соответственно уполномоченным органом и Аппаратом Верховного Суда Республики Казахстан.

Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесін және оларды бөлу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 шілдедегі N 663 Қаулысы.

      " Сот приставтары туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесі ;

      2) Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдарды бөлу ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 663 қаулысымен
бекітілген

Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 11.10.2019 № 757 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Лауазымы

Резеңке
таяқ

Қол
кісен

1.

Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының сот
приставы

1

1

2.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың соттар әкімшілерінің сот приставы

1

1

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 2 шілдедегі
N 663 қаулысымен
бекітілген

Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы
құралдарды бөлу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдарды бөлу ережесі "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және сот приставтары қару-жарағына кіретін арнаулы құралдарды бөлу тәртібін белгілейді.

2. Арнаулы құралдарды бөлу тәртібі

      2. Сот приставтарының бөлімшелерін арнаулы құралдармен қамтамасыз ету атқару құжаттарының орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппаратына жүктеледі. қараңыз.U101039

      3. Сот приставтарын арнаулы құралдармен қамтамасыз етуге арналған қаражатты бөлу республикалық бюджеттен жүргізіледі.

      4. Арнаулы құралдарды сатып алу тәсілі мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.

      5. Арнаулы құралдардың саны сот приставтарының штаттық санымен анықталады.

      6. Арнаулы құралдар сот приставтарына тиісті арнайы даярлықтан өткеннен кейін беріледі.

      7. Арнаулы құралдарды қызметтік емес мақсаттарда және жұмыстан тыс уақытта алып жүруге және қолдануға жол берілмейді.

      8. Арнаулы құралдарды сақтау тиісті соттың немесе уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің ғимаратында арнайы жабдықталған үй-жайларда жүзеге асырылады.

3. Бақылау және жауапкершілік

      9. Сот приставтары үшін арнаулы құралдар сатып алуға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауапкершілік уәкілетті органға және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жүктеледі.

      10. Сот приставтарының арнаулы құралдарды қолдануын бақылауды тиісінше уәкілетті орган және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Аппараты жүзеге асырады.