О реорганизации акционерного общества "Республиканская телерадиокорпорация "Казахстан" и акционерного общества "Национальная компания "Казахское информационное агентство" и внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 1 августа 2011 года № 887.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать акционерное общество "Республиканская телерадиокорпорация "Казахстан" путем присоединения к нему акционерного общества "Национальная компания "Казахское информационное агентство".

      2. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 1998 года № 1141 "О видах государственной собственности в отношении организаций и объектов, расположенных на территории города Алматы" (САПП Республики Казахстан, 1998 г., № 41, ст. 371):

      в перечне организаций, а также объектов государственного нежилого фонда, остающихся в государственной республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:

      строку, порядковый номер 66, исключить;

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      3) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2011 года № 376 "Об утверждении перечня национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний":

      в перечне национальных управляющих холдингов, национальных холдингов, национальных компаний, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Национальные компании" строку, порядковый номер 14, исключить.

      Сноска. Пункт 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 27.12.2023 № 1195.

      3. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 21 января 2011 года № 21 "Об утверждении Стратегии развития акционерного общества "Национальная компания "Казахское информационное агентство" на 2011 - 2020 годы" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 14, ст. 168).

      4. Министерству связи и информации Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

К. Масимов


"Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамын және "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан" республикалық телерадиокорпорациясы" акционерлік қоғамы оған "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      1) "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:

      реттік нөмірі 66-жол алынып тасталсын;

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      3) "Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 376 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың тізбесінде:

      "Ұлттық компаниялар" деген бөлімде реттік нөмірі 14-жол алынып тасталсын.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.12.2023 № 1195 қаулысымен.

      3. "Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 – 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 21 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 14, 168-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      4. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов