"Қазақ ақпарат агенттігі" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы № 21 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 887 Қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 21 қаңтардағы
№ 21 қаулысымен   
бекітілген      

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы»
акционерлік қоғамының 2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясы

Мазмұны

      1. Кіріспе
      2. Негізгі ұғымдар
      3. Ағымдағы жағдайды талдау
      4. Миссия және пайымдау
      5. Қызметтің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметтің басты көрсеткіштері және олар бойынша межеленген нәтижелер

1. Кіріспе

      «Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ)» республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысымен құрылды. Қоғамның негізгі қызметі ақпаратты шығару және жедел тарату болып табылады.
      Қоғам Қазақ ақпарат агенттігінің құқықтық мұрагері бола отырып, өз қызметінің негізгі бейінін сақтап қалды. Қоғамның бүкіл республика бойынша тармақталған тілшілер қосыны желісі бар, бұл еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өмірінде болып жатқан оқиғалар туралы жедел және объективті ақпаратты беруге мүмкіндік береді.
      Қоғам - орталықтандырылған басқарудағы заңды тұлға, оның құрамында құрылымдық бөлімшелері бар (Алматы қаласындағы бюро). Қоғамның құрылымында еншілес компаниялар жоқ.

2. Негізгі ұғымдар

      1. Интернет - жаһандық ақпараттық жүйе, оның бөліктері TCP/IP хаттамаларына негізделген, бірегей мекенжайлық кеңістік арқылы бір-бірімен өзара байланысқан және жариялылық әрі жеке түрде жоғары деңгейдегі коммуникациялық сервисті қамтамасыз етеді;
      2. Интернет-ресурс - электрондық ақпараттық ресурс, оны жүргізу және/немесе пайдалану технологиясы, ашық технологиялар, сондай-ақ ақпараттық өзара іс-әрекетті қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық құрылымдар негізінде жұмыс істейтін ақпараттық-телекоммуникациялық желі;
      3. Ақпарат - берілу нысанына қарамастан тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және үдерістер туралы мәлімет;
      4. SWOT - төрт категория бойынша: strengths (мықты жақтар), weaknesses (әлсіз жақтар), opportunities (мүмкіндіктер) және threats (қауіптер) сияқты факторлар мен құбылыстардың бөлінуіне негізделетін стратегиялық жоспарлаудағы талдау әдісі;
      5. Нарықтың сыйымдылығы - нарықтағы белгілі бір тауарлар сатылымының ықтимал көлемі, нақты баға деңгейіндегі және нақты уақыттағы тұтынушылардың жиынтық төлем қабілетінің сұранысы;
      6. Контент - Интернетті маңызды ақпараттармен - мәтінмен, графикамен, мультимедиамен толтыру; контенттің айтарлықтай параметрлері, оның көлемі, өзектілігі және релеванттылығы болып табылады.

3. Ағымдағы жағдайды талдау

1. Сыртқы ортаны талдау

      Әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі - БАҚ) қазіргі жағдайы мен даму үрдісіне болжам жасай отырып, әлемдік ақпарат агенттіктерінің, оның ішінде Қазақстанның да алдында оқырмандар талабының екпінді өзгеруінен, жаңа жоғары технологиялардың үздіксіз пайда болуынан, халықаралық қаржылық дағдарыс аясында пайда болған маңызды проблемалар тұр деп қорытынды шығаруға болады.
      Жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар біршама дами түскенде БАҚ, әсіресе электрондық теңдесіз белсендіге айналады, оқырмандарға ұсынатын өз қызметтерін диверсификациялайды әрі кеңейтеді. БАҚ маңызды әлеуметтік жауапкершілікті арқалай отырып, Қазақстанда қоныстанған халықтар арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге, жаңалықтар мен ақпараттық өнімдердің алмасуына мүмкіндік жасауы қажет.
      Қазіргі таңдағы еліміздегі ақпараттық агенттіктің рөлі өте зор, бұл Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін дамытуда және нығайтуда, азаматтық қоғамды құруда және сөз бостандығы қазақстандық халыққа патриоттық тәрбие берудегі қоғамдық өмірдің табиғи әрі қажетті атрибуты болып табылатын Қазақстан Республикасындағы демократиялық құндылықтарды дамытуда көрініс табады. Ақпараттық агенттік азаматтық қоғамның маңызды институты болады, азаматтардың жаңа саяси мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді, өйткені қоғамның хабарлылығы азамат пен мемлекет қарым-қатынасының басты негізі болып табылады. Бұл біздің Мемлекет басшымыз белгілеген еліміздің саяси жүйесін демократизациялау мен модернизациялаудың маңызды бағыттарының бірі.
      Қазіргі уақытта ақпараттық салада заманауи әлемдік стандарттарды есепке ала отырып, отандық бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс сапасын арттыру үшін жағдай жасау жолдары арқылы бәсекелестік ортаны белсендіруге бағытталған мемлекеттік саясатты жүзеге асыруда. Аталған мемлекеттік саясат мынадай негізгі құжаттарда көрініс тапқан:
      Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы;
      «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары» (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы);
      Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің 2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 795 қаулысы); Анықтама. 3.2 бөлімше «Мемлекеттік стратегиялық мақсаттағы мемлекеттік органның стратегиялық бағыттарына және мақсаттарына сәйкес: Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асырудың тиімділігін арттыру жоғарыда көрсетілген жоспардың мақсаттарының бірі болып табылады»;
      Қазақстан Республикасы үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығы).
      Қазіргі таңда Қазақстанда ақпараттық нарықтың негізгі әрі маңызды элементтері қалыптасты. 2010 жылғы 25 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің мәліметтеріне сәйкес, Қазақстанда 2 688 БАҚ жұмыс істейді, оның 90 %-ын газеттер (1617) және журналдар (803), 9,6 %-ын электрондық БАҚ-тар (63 телеарна, 42 радиокомпания, 146 кабелді телеарна операторы және 6 спутниктік тарату) және 0,4 %-ын ақпараттық агенттіктер (11) құрайды, 1-сурет. Баспа өнімдері арасындағы басым үлесті қоғамдық-саяси (36%), ақпараттық (32%), ғылыми-сараптамалық (27%) бағыттағы басылымдар иеленеді. Мемлекеттік емес БАҚ сегменті республиканың ақпараттық нарығында басымдыққа ие болды, олардың үлесі 85 %-ды құрайды. Соңғы жылдарда ақпараттық алаңда біршама тақырыптық дифференциация болды, ірі медиа компаниялар құрылды және жұмыс істейді.

1-сурет - 2010 жылғы 25 қыркүйектегі БАҚ құрылымы

      2007 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде есепке алынған БАҚ өсімі 26,5 %-ды құрады. Басылым БАҚ-тарының таралымы өсу үстінде. 257 электрондық бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. Ірі жалпыұлттық электрондық БАҚ-тардың таралым қамтуы «Хабарда» - 95,7%, «Қазақстанда» - 96,25%, «Ел Арнада» - 75,5%, «Бірінші арна - Еуразияда» - 78,6%, Қазақ радиосында - 86,99 %-ды құрайды. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа және Солтүстік Африка елдері аумағында хабар тарататын «Caspionet» спутниктік арна жұмыс істейді.
      Егер басылым тілімен айтар болсақ, онда қазақ тілді БАҚ үлесі Қазақстан аумағында жұмыс істейтін БАҚ-тардың жалпы санының 19,2 %-ын, ал орыс тілді БАҚ-тардың 33,3 %-ын құрайды.
      Бұл орайда бұл үлес соңғы үш жылдың ішінде өзгеріссіз қалып отырғандығын атап өткен орынды, 2-сурет.

2-сурет - Басылым тілі бойынша БАҚ құрылымы

      Ел дамуының негізгі басымдықтары мен жүргізіліп отырған мемлекеттің саясаты туралы азаматтардың ақпарат алу деңгейлерін арттыруға мүмкіндік беретін негізгі құралдардың бірі мемлекеттік ақпараттық тапсырыс болып табылады. Отандық ақпараттық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі 2009 жылы 135 БАҚ-та, атап айтқанда 39 электрондық және 96 баспалық басылымға мемлекеттік тапсырыс орналастырды. 2009 жылдың басынан бастап 500-ден астам республикалық және 2000 өңірлік іс-шараларды жазып көрсету ұйымдастырылды. 2009 жылдың IV тоқсанында жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің қорытындысы бойынша қазақстандықтардың БАҚ арқылы ел дамуының басым бағыттары туралы ақпараттану деңгейі 83 пайызды құраған.
      Соңғы жылдардағы ақпараттық қызмет нарығының қарқынды дамуына қарамастан аталған нарыққа жүйелі сипатқа ие мынадай бірқатар проблемалар тән:
      1) заманауи ақпарат нарығының талаптарына сәйкес келетін маман-кәсібилердің, менеджерлердің, шығармашалық қызметкерлердің, журналистердің, сарапшылардың, тележүргізушілердің, технологтардың жеткілікті санының жоқтығы;
      2) ақпараттық нарық субъектілерінің, бірінші кезекте БАҚ-тың ақпараттық өнімдерді өндіру және тарату бойынша заманауи материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі салдарынан техникалық жарақтандырылуының әлсіздігі; әсіресе өңірлерде телекоммуникациялар және арналар арқылы ақпаратқа қол жетімділіктің шектелуі;
      3) шетелдік медиа-өнімдердің басымдылығы кезінде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігі;
      4) нарықтың, оның ішінде жарнаманың сыйымдылығының аздығы; халықтың бір бөлігінің төлем қабілеттілігінің жеткілікті жоғары болмауы, бұл ақпараттық өнімдерге заңды және жеке тұлғалардың шығындарының аздығын білдіреді;
      5) жергілікті, өңірлік және жалпыұлттық телекоммуникациялық инфрақұрылымның және ақпаратты беру және тарату инфрақұрылымының дамымауы, бұл, оның ішінде монополияға тақау ақпараттарды беру және тарату нарығының да жай-күйіне әсер етіп отыр.

2. Ішкі ортаны талдау

      Қоғамның негізгі қызметі ақпаратты шығару және жедел тарату болып табылады.
      Қоғам «Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Қазақ ақпарат агенттігі (ҚазААГ) республикалық қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1186 қаулысымен құрылды.
      Қоғам өз құрамында жеке құрылымдық бөлімшесі - Алматы қаласындағы бюросы бар бір орталықтан басқарылатын заңды тұлға болып табылады. Ұйым құрылымында еншілес, бірлескен және аффилиирленген компаниялар жоқ.
      Қоғам Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес ұқсас әлемдік стандарттарға сәйкес нәтижелерге қол жеткізіп және баға бойынша бәсекеге қабілетті бола отырып, бәсекеге қабілетті және экспортқа бағытталған қызметтер ұсыну үшін сапаны жетілдіруге тұрақты түрде жұмыс істейді.
      Қоғам белсенді мемлекеттік саясат аясында және басқа елдердің БАҚ-тарымен іскерлік байланысты нығайтуда бастама жасайды. Мәселен, қазіргі таңда Қоғам өзара тиімділік негізінде басқа елдердің осындай ақпарат агенттіктерінің бірқатарымен, атап айтқанда «МТИ-Венгрия», Xinhua (Синьхуа), УкрИнформ, Кабар, Белта, Ташкент, АзерТАГ және басқа да ақпараттық агенттіктермен ынтымақтастық жасап отыр. Қоғам ТМД аумағында жұмыс істейтін 1600-ден астам ақпараттық-жаңалық агенттіктерінің арасында, ресми сайтқа кірушілер (кірушілер саны бойынша) бойынша рейтингте 60 орындарға (Mail.ru компаниясының мәліметтері бойынша 2010 ж. 30.09) шығып отыр.
      «Интерфакс-Қазақстан», «Казахстан сегодня - Kazakhstan Today», «Итар-ТАСС» (резидент емес), сондай-ақ 2008 жылғы қыркүйекте пайда болған жаңа «ҚазТАГ» халықаралық ақпарат агенттігі сынды ақпараттық агенттіктер мен электрондық басылымдар Қазақстан Республикасы аумағында ақпараттық қызмет ұсыну нарығындағы Қоғамның негізгі бәсекелестері болып табылады.
      Бүгінде Қоғамның өнімін жаздырып алушылардың 47 %-ын - БАҚ, 28 %-ын - мемлекеттік органдар, 23 %-ын - кәсіпорындар, 2 %-ын жоғары оқу орындары құрайды. 3-сурет.

3-сурет - Қоғам клиенттерінің құрылымы

      Диаграммадан (3-сурет) көрініп тұрғандай Қоғамның негізгі клиенттерінің 47 %-ы бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде Қазақстандағы ірі «Хабар» агенттігі» АҚ, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Казахстанская правда» республикалық газеті» АҚ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ, «Алма-Медиа» БҮ» және басқа да компаниялар Қоғамның негізгі клиенттері болып табылады және келешекте де қала береді. Біздің клиенттер, жүйелі ақпарат алып тұруға жазылған мемлекеттік органдар - Қазақстан Республикасының министрліктері, ведомстволары, сонымен қатар облыстық әкімдіктері болып табылады Қоғам клиенттерінің 28 %-ын ұйымдар, республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, зерттеу институттары, үкіметтік емес ұйымдар және басқа да жазылушы ұйымдар құрайды. Сонымен қатар Қоғамға жаңа клиенттер іздеу, тұрақты клиенттермен жеке жұмыс істеу (жүйелі жеңілдік кезеңдері, жекелей тұрғыда келу) бойынша жұмыстар да тұрақты жүргізілуде.
      Осылармен қатар Қоғам жаңалықтары агенттіктің www.inform.kz, www.kazinform.kz веб-сайттары арқылы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таралады. Шетелдерде тұратын және кириллицаны білмейтін біздің отандастарымыз үшін қазақ тіліндегі жаңалықтар латын графикасымен және төте жазумен де беріледі. Қоғамның интернет көмегімен банктік карточка арқылы төлем жасалғаннан кейін әлемнің кез-келген нүктесінде жүрген клиентке қажетті суретті жедел алуға мүмкіндік беретін www.foto.inform.kz фотосайты жұмыс істейді.
      Қоғам халықаралық ақпарат нарығының, ОАНА Халықаралық ақпараттық агенттіктер қауымдастығының (Азия және Тынық мұхиты елдері ақпарат агенттіктерінің ұйымы), Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан ары - ТМД) қатысушы мемлекеттер ұлттық ақпарат агенттіктерінің қауымдастығының (АНИА), Түркі тілдес елдер ақпарат агенттіктері ұйымының, сонымен қатар ТҮРКСОЙ Түркі мәдениеті мен өнерін дамытудың бірлескен халықаралық ұйымының белсенді қатысушысы болып табылады.
      2009 жылдың маңызды оқиғаларының бірі маусымда Қазақстанда алғаш рет өткізілген Астана қаласындағы ТМД Ақпарат агенттіктері кеңесінің (бұдан әрі - ТМД Ақпараткеңес) IX кезекті отырысы болды.
      ТМД Ақпараткеңесінің IX отырысының негізгі күн тәртібі Ақпарат кеңесінің VIII отырысында бекітілген бірлескен іс-қимылдар жоспарын талқылау және мәселелерді шешу болды. Жекелей алғанда мына мәселелер қаралды:
      ТМД аясындағы сарапшылық топтар және кеңестер отырыстарын ақпараттық жария етуді жолға қою;
      ТМД ғылым және инновация жылы іс-шараларын дайындау және өткізуді ақпараттық жария ету бойынша ақпарат агенттіктерінің бірлесіп әрекет ету жоспары туралы;
      ИТАР-ТАСС бүкіләлемдік орыс баспасөзі қауымдастығы конгресі жұмысына ТМД ақпарат агенттіктерінің қатысуының нақты формасы және жоспары туралы және осы форум күндерінде ТМД елдері ақпарат агенттіктерінің күнін өткізу туралы;
      Ақпараткеңестің бірлескен ақпараттық өнімдерін құру жоспары және ТМД ақпарат агенттіктері арасында фотоақпарат алмасу ережесі туралы;
      1941 - 1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойына дайындық және мерекелеу бойынша негізін іс-шаралар жоспарларын орындауда ТМД ақпарат агенттіктерінің жазып көрсетуі туралы.
      Қоғамның Қазақстандағы тілшілер желісі еліміздің барлық облыстарын, стратегиялық маңызы бар қалаларын, сонымен қатар алыс және таяу шет елдердің астаналары: Стамбул, Вена, Брюссель, Мәскеу, Бейжің, Ташкент, Бішкек, Баку қалаларын қамтиды.
      Қоғам толық мемлекеттік тілде шығарылатын немесе хабар тарататын республикалық БАҚ-қа, сондай-ақ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына орасан зор назар аударады. Мемлекеттік тілде басып шығарылатын немесе хабар тарататын бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік тілде шығарылатын бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты 50% - шегерім ұсыну тәжірибесі жалғастырылады.
      Жүргізілген SWOT-талдау Қоғамның күшті және әлсіз тұстарын, сондай-ақ оның жақын айналасындағылардан (сыртқы ортадан) туындайтын мүмкіндіктер мен қатерлерді анықтауға мүмкіндік береді (1-кесте).

1-кесте - SWOT-талдау

Күшті жағы Әлсіз жағы

1. Ресми БАҚ-ты ақпараттық қолдау саласындағы айтарлықтай қызмет тәжірибесінің болуы Қоғамның сенімді, жедел ақпарат алудағы басты дереккөзі болуға мүмкіндік береді. Қоғамның сәтті жұмысының ең негізгі факторларының бірі оның жеделдігі, сондай-ақ ұсынатын ақпараттарының нақытылығы мен толықтығы болып табылады.
2. Қазақстандағы кең тілшілік желісінің, сонымен қатар шетелдерде де болуы.
3. Ұсынылатын қызмет тізбесін кеңейту мүмкіндігі, нарық талабына сәйкес жаңа ақпараттық өнімдер шығару мүмкіндігі.

1. Заманауи ақпараттық нарық талаптарына сәйкес келетін маман-кәсібилер санының, сарапшылардың, шығармашылық қызметкерлердің, редакторлардың жеткілікті болмауы.
2. Қоғам қызметі рентабельділігінің төмендігі факторларының бірі Қоғам сайтындағы ақпараттарды тегін алу болып табылады.
3. Оның рентабельдігінің төмендігі нәтижесінде Қоғам қызметін жарнамалық қолдаудың әлсіздігі. Жалпы Қоғам өткізілетін іс-шараларда, көрмелерде және т.б. медиа әріптес ретінде қолдау көрсетеді.
4. Меншікті ғимаратының болмауы, жалдау құнының өсуі.

Мүмкіндіктер Қатерлер

1. Көрсетілетін қызметтер көлемін ұлғайту есебінен Қоғамды мемлекеттік қолдау.
2. Оқырман аудиториясын кеңейту, жаңа клиенттер тарту салдарынан Халықаралық нарықтарда елдің оң имиджін қалыптастыруда ақпарат агенттігінің рөлін күшейту.
3. Жыл сайын ақпараттық қызмет нарығы сыйымдылығын арттыру.

1. Нарық сыйымдылығының шағындығы, оның ішінде жарнаманың да. Жарнама орналастыратын клиенттер санының төмендеуі.
2. Ыңғайлы тариф саясатын пайдаланушы бәсекелестер санының едәуірлігі, бұл көрсетілетін қызметтер сұранысының төмендеуіне әсер етеді.
3. Жоғары кәсіби журналистердің (жұмысқа тарту) жұмыстан кетуі.

      SWOT-талдау деректері Қоғам басшылығына қолайлы және қолайсыз сыртқы жағдайларды ескере отырып, әлсіз тұстарды артықшылыққа айналдыру мақсатында өзгерістердің бағытын айқындауға, сондай-ақ Қоғамға жоспарланған кезеңде орнықты және зиянсыз даму деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.

4. Миссия және пайымдау

      Қоғамның миссиясы - елдің саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпараттарды жедел тарату, Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастыру, оны әлемге таныту. Еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі халыққа арналған электрондық ақпараттың қолжетімділік деңгейін арттыруға мүмкіндік туғызу, сондай-ақ ел ішінде де, шетелдерде де ақпараттық нарықты дамыту үшін жағдай жасау.
      Қоғамның пайымдауы - Қазақстанның ақпараттық нарығындағы көшбасшының бірі болып табылатын, қаржылық тәуелсіз компания болу, сонымен қатар жеке секторда да талап етілетін қызметтердің кең спекторын ұсынады, дамыған тілшілер желісіне, және жоғары білікті мамандар командасына ие. Озық ақпараттық технологиялардың негізінде жұмыс істеуші және дамушы, қоғам мен мемлекеттің мүддесі үшін ақпараттық қызметтердің кең ауқымын ұсынуды қамтамасыз етуші қуатты Ұлттық ақпарат агенттігі.

5. Қызметтердің стратегиялық бағыттары, мақсаттары, қызметінің басты көрсеткіштері және олар бойынша күтілетін нәтижелер

      Қоғамның әрбір стратегиялық бағыты үшін, осы даму стратегиясының (бұдан әрі - Стратегия) 1-қосымшасына сәйкес оның қызметінің басты көрсеткіштерінің (ҚБК) мақсаттары мен тізімі анықталған, олар сәйкесті міндеттердің тиімді орындалуын өлшеу үшін қажет.
      Стратегиялық карта осы даму стратегиясының 2-3-қосымшаларына сәйкес стратегиялық мақсат пен негізгі көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды сызбалық түрде көрсетеді. Сонымен қатар осы Стратегияның 4-қосымшасына сәйкес даму стратегиясын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары айқындалған.

1. «Қоғамның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету» қызметінің стратегиялық бағыты

      Мақсат: Шығындардың шектеулі өсімі кезіндегі қоғамның табысын ұлғайту
      Міндеттер:
      1) өндірісті дамытуды қаржыландыру жөніндегі жоспарды тыңғылықты әзірлеу және орындау;
      2) сұранысты ынталандыруға бағытталған маркетингтік іс-шаралар жоспарын қаржыландыруды дер кезінде орындау;
      3) инвестициялық жобаларды әзірлеу, талдау, сұрыптау және басқару;
      4) шығынның барлық түрлерін оңтайландыру және бақылау.
      2. «Қоғамның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету» стратегиялық бағыты бойынша межеленген нәтижелер

Р/с

Стратегиялық мақсаттар

Міндеттер


Межеленген нәтижелер

Қоғамның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету

1

Шығындардың шектеулі өсімі кезіндегі қоғамның табысын ұлғайту















1. 2011 жылға қарай Қоғам кірістерін кемінде 6 %-ға артуын қамтамасыз ету.
2. Өндірісті дамыту бойынша қаржыландыру жоспарын әзірлеу және орындау.
3. Тиімді баға саясатын әзірлеу.
4. Сұраныстың төлем қабілеттілігін ынталандыруға бағытталған маркетингтік іс-шараларды қаржыландыру жоспарын орындау.

Қоғамның тұтас кірісінің көлемін ұлғайту.

1. Мемлекеттік, сонымен қатар мемлекеттік емес сектор клиенттерінің талаптарына жауап беретін өнімдер мен қызметтер топтамасын құру.
2. Мемлекеттік емес сектор клиенттерін тарту жоспарын әзірлеу және жүзеге асыру.
3. Жарнамалық және PR белсенділікті қаржыландыруды қамтамасыз ету.

Мемлекеттік емес қаржыландырудан Қоғамның тұтас кірісінің көлемін ұлғайту

1. Инвестициялық жобаларды әзірлеу, талдау, іріктеу және басқаруды жүзеге асыру.
2. Инвестициялық жобалардың басымдықты (стратегиялық) тізбесін анықтау.

Қоғамның тілшілер желілерін материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту, шынайы кірістер түріндегі салымдардан мол пайдаға қол жеткізу.

1. Жалпы шығындар өсімін анықтайтын мақалалар топтамасын анықтау.
2. Әкімшілік шығындар, ЕТҚ, өндірістік ресурстар құны бойынша нормаларды нормалау және тұрақты бақылау.

Қоғамның шығындарының төмендеуі есебінен өндіріс тиімділігін арттыру, мониторинг.

3. «Контент сапасын арттыру» қызметінің стратегиялық бағыты

      Мақсат: Өнімдер мен қызметтердің оңтайлы қоржынын қалыптастыра отырып, Акционерлік қоғамның клиенттік базасын кеңейту және оның сапасын арттыру
      Міндеттер:
      1) өнімдер мен қызметтер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордағы тұтынушылардың қалауы мен сұранысына зерттеу жүргізу; өнімдер мен қызметтердің перспективалы қоржынын қалыптастыру;
      2) акционерлік қоғамның өнімдері мен қызметтерінің қолданыстағы және перспективалы қоржынына аудит жүргізу және жаңа өнімдерді іске қосуды жоспарлау;
      3) тұтынушылардың қалауы мен сұранысын саралаудың тұрақты үдерісін іске қосу, сайттар айдарларының көріліміне мониторинг және талдау жасау;
      4) медиа-контенттің сапасына консалтинг жүргізу үшін масс-медиаға профильді мамандарды тарту;
      5) өңірлерде және шетелдерде тиімді тілшілер желісін дамыту; ақпаратты ұсыну бойынша жедел жұмыс істеу үшін шетелдік ақпарат агенттіктерімен әріптестік байланыстарды күшейту;
      6) акционерлік қоғамның имиджінің және брендінің танымалдылығын дамыту мен нығайту бойынша іс-шаралар жүргізу;
      7) акционерлік қоғамның клиенттік базасына сегментация жүргізу және маңызды клиенттерін анықтау; қолданыстағы контенттің сапасын арттыру және оны кеңейту.

4. «Контент сапасын арттыру» стратегиялық бағыты бойынша межеленген нәтижелер

Р/с

Стратегиялық мақсаттар

Міндеттер

Межеленген нәтижелер

Контент сапасын арттыру

1

Өнімдер мен қызметтердің оңтайлы қоржынын қалыптастыра отырып, Акционерлік қоғамның клиенттік базасын кеңейту және оның сапасын арттыру

1. Қызметтерді ұсыну жоспарын әзірлеу.
2. Ағымдық келісімшарттар бойынша міндеттерді сапалы және уақытылы орындалуын қамтамасыз ету.

Сайтты қолдау бойынша қызметтер көрсету үшін клиенттерді мейлінше мол қамтуға қол жеткізу.

1. Қызметкерлердің кәсібилігін арттыру.
2. Техникалық базаны дер уақытында жаңарту.

Қызмет көрсетудің жаңа техникалық деңгейге өтуін қамтамасыз етеді.

1. Өнімдер мен қызметтер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес сектордың тұтыну қалауы мен күтіміне зерттеу жүргізу.
2. 1 б. негізінде Қоғам өнімдері мен қызметтерінің перспективалы портфелін құру.
3. Маржиналдік критерийлер бойынша Қоғам өнімдері мен қызметтерінің қолданыстағы және перспективалы портфеліне аудит жүргізу.
4. Жаңа өнімдер мен қызметтер шығару жоспарын құру.
5. Тұтынушылардың қалау мен күтімі өлшемінің тұрақты үрдісін іске қосу.
6. Сайт айдарларының кірушілеріне тұрақты мониторинг және талдау жүзеге асыру.

Талдау үшін іс жүзінде мәліметтер алу есебінен ақпараттық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

1. Қоғамның барлық өнімдері мен қызметтері үшін «Сапалы өнім» критерийін анықтауды жүзеге асыру.
2. Тұтынушылардың өнімдер мен қызметтердің сапасына қанағаттануына тұрақты бағалау үрдісін іске қосу.
3. Медиа-контенттің сапасын қамтамасыз ету бойынша тұрақты консалтингілеу үшін масса-медиадан профилді мамандарды тарту.
4. Сайтта материалдардың цитата келтірілуі және оқылуына мониторинг жүргізу.
5. Сапалы, талап етілетін контент әзірлеу.

Ақпараттық өнімдер тұтынушылардың санының артуы, сайтқа кірушілер санының артуы, Қоғамның өнімдік желісінің кеңейуі.

1. Республикадағы ақпараттарды жедел тарату үшін шетелдік ақпарат агенттіктермен өзара тиімді қарым-қатынасты орнату және дамыту.
2. Республикада және шетелдерде тиімді тілшілер желісін дамыту.
3. Өндірістік үрдістердің сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру.

Елдің түрлі өңірлеріндегі халық үшін электрондық ақпараттың қол жетімділік деңгейін арттыру

1. Республикада және шетелдерде Қоғамды алға бастыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.
2. Қоғамның имиджін  және брендін дамытуға бағытталған іс-шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ету.
3. Қоғам брендінің танымалдығының тұрақты өлшемін жүргізу.
4. Сайт рейтингінің тұрақты өлшемін жүргізу.

Қазақстан Республикасын шет елдерде және оны әлемдік ақпараттық кеңістікте интеграциялауда лайықты көрсету мақсатында таяу және алыс шетелдерде хабар таратуды кеңейту.

5. «Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру» қызметінің стратегиялық бағыты

      Мақсат: Корпоративтік басқару деңгейін арттыру (бұдан әрі - КБ) және өндіріс үдерісін жақсартатын ішкі үдерістерді біріздендіру
      Міндеттер:
      1) қоғамда КБ-ны жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу  және құру және оны бекіту;
      2) КБ деңгейін, ішкі бағасы тетігін әзірлеу;
      3) қоғамның Стратегиялық комитетін және Қоғамда стратегиялық басқару жүйесін қалыптастыру жоспарын құру, сондай-ақ аталған жүйемен басқару үрдісін іске қосу және автоматтандыру;
      4) ISO 9001 стандартын енгізу аясында Қоғамның бизнес-үрдістерінің картасын құру; үндестіруге, регламентацияға, үрдістердің сапасына және автоматизацияға (сапа бөлімі және/немесе сапа жөніндегі менеджер) жауап беретін Қоғамның жеке ішкі құрылымын анықтау;
      5) қоғам үрдістерін автоматтандыру және оларды жүзеге асыру бойынша жоспар әзірлеу;
      6) өндірістік үрдісті материалдық-техникалық жақсартудағы қажеттілік бағасы; ISO 9001 стандартын енгізу аясында өндіріс үрдісі сапасына аудит жүргізу;
      7) өндіріс үрдісін жетілдіру бойынша басымдықты бағыттарды анықтау және барлық үрдістерге тұрақты мониторинг.

6. «Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру» стратегиялық бағыты бойынша межеленген нәтижелер

Р/с

Стратегиялық мақсаттар

Міндеттер

Межеленген нәтижелер

Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру

1

Корпоративтік басқару деңгейін арттыру және өндіріс үдерісін жақсартатын ішкі үдерістерді біріздендіру

1. Қоғамда корпоративтік басқаруды жетілдіру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
2. Корпоративтік басқару деңгейіне ішкі бағалау тетігін әзірлеу.

Үрдістердің орындалуына қатысатын персоналдардың өкілеттігі мен жауапкершілігін нақты бөлу жолдары арқылы ұйымдастырылудың басқарылуын жақсарту.

1. Қоғамның Стратегиялық комитетін құру.
2. Қоғамда стратегиялық басқару жүйелерін қалыптастыру жоспарын құру.
3. Қоғамда стратегияны жүзеге асыруды басқару үрдісін іске қосу.
4. Қоғамда стратегиялық міндеттердің орындалу есептілігі мен бақылауды дайындауды автоматтандыру.

Ұйымдастыру үрдістерін тұрақты жетілдіру, оларды басқаруды жақсарту.

1. ISO 9001 стандартын енгізу аясында Компанияның бизнес-үрдістер картасын әзірлеу.
2. Үндестірілуі тиіс үрдістерді анықтау.
3. Үндестіруге, регламентацияға, үрдістердің сапасына және автоматтандыруға (сапа бөлімі және/немесе сапа жөніндегі менеджер) жауап беретін Қоғамның ішкі құрылымын құру.
4. Қоғам үрдістерін автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын құру және жүзеге асыру.

ISO 9001-2008 сапа менеджменті жүйесінің жүзеге асырылуы туралы шынайы ақпараттарға сүйенетін және қолданылатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру

1. Өндірістік үрдісті материалдық-техникалық жарақтандыруды арттыру бойынша қажеттілікті бағалау және іс-шаралар әзірлеу.
2. Қоғамның өндіріс үрдісінің картасын және регламентін құру.
3. ISO 9001 стандартын енгізу аясында өндіріс үрдісі сапасын бағалау және сапа аудитін жүргізу критерийін анықтау
4. Өткізілген аудит нәтижесі бойынша үрдіс сапасын арттыру басымдықтарын анықтау және өндіріс үрдісін жетілдіру бойынша жоспар құру.
5. Қоғамның өндірістік үрдісін жетілдірудің тұрақты үрдісін іске қосу.

Қоғамның ішкі үрдістеріне тұрақты мониторингті жүзеге асыру, ИСО 9001-2008 сапа менеджменті принциптері негізінде қызметті ұйымдастыру

7. «Қоғамның кадрлық әлеуетін арттыру» қызметінің стратегиялық бағыты

      Мақсат: Акционерлік қоғамның қызметкерлерінің кәсіби деңгейі жоғары болып табылатын білікті кадрлық құрамын қалыптастыру
      Міндеттер:
      1) акционерлік қоғамның әкімшілік-басқарушылық және өндірістік құрамы үшін жеке даму жоспарын құру;
      2) персоналды оқыту және дамыту жоспарын әзірлеу, сондай-ақ Акционерлік қоғамның қызметкерлерін жыл сайын аттестациядан өткізу үдерісін енгізу;
      3) акционерлік қоғам қызметкерлерін экономикалық ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу;
      4) акционерлік қоғам қызметкерлерінің нәтижелерін бағалаудың критерийлері мен тәртібін және нәтижелер есептілігін автоматтандыру үдерісін қалыптастыру;
      5) еңбек ресурстарын тарту бойынша жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі - ЖОО), «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығымен (бұдан әрі - ХБО) және басқа да білім беру ұйымдарымен жұмысты өзара әрекеттестіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
      6) корпоративтік мәдениетті дамытуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру;
      7) акционерлік қоғам персоналының қанағаттанушылық деңгейіне мониторинг жүргізу; қызметкерлерді материалдық емес тұрғыдан ынталандыру жүйесін әзірлеу және енгізу.

8. «Қоғамның кадрлық әлеуетін арттыру» стратегиялық бағыты бойынша межеленген нәтижелер

Р/с

Стратегиялық мақсаттар

Міндеттер

Межеленген нәтижелер

Қоғамның кадрлық әлеуетін арттыру

1

Акционерлік қоғамның қызметкерлерінің кәсіби деңгейі жоғары болып табылатын білікті кадрлық құрамын қалыптастыру

1. Қоғамның басқарушы  және әкімшілік құрамы үшін дамудың жеке жоспарын құру.
2. Өндірістік-шығармашыл ық персонал қызметкерлері дамуының жеке жоспарын құру.
3. Персоналдардың құзіретін оқыту және дамыту қажеттілігін анықтау үрдісін құру және жүзеге асыру.
4. Персоналдарды оқыту және дамыту жоспарын әзірлеу.
5. Қоғам қызметкерлерінің жыл сайынғы аттестациясы үрдісін енгізу және жүзеге асыру.
6. Қоғам қызметкерлерін оқыту үрдісін енгізу және жүзеге асыру.
7. Қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін дамыту үрдісін әзірлеу және жүзеге асыру.

Орындалатын функционалдық міндеттердің шынайлылығы және нақтылығы есебінен персоналдардың жай-күйін жоғарылату.

1. Басқарушы персоналдардың материалдық жай-күйі жүйесін енгізу.
2. Шығармашылық-өндірістік персонал қызметкерлердің экономикалық жай-күйі жүйесін құру және енгізу.
3. Қоғам қызметкерлерінің нәтижелерін бағалау критерийі мен регламентін құру.
4. Қызметкер нәтижесі бойынша есептілікті автоматтандыру.

Заманауи ақпараттық кеңістік талаптарына сәйкес Қоғам қызметкерлерінің біліктілігін арттыру

1. Қоғамның кадрлық резервін құру.
2. Қоғамда кадрлық резерв қалыптастыру үрдісін енгізу.
3. Еңбек ресурсын тарту және ҚР жұмыс берушісінің тартымды имиджін қалыптастыру бойынша ЖОО-лармен, кәсіби техникалық колледждермен, «Болашақ» ХБО-мен және басқа да білім беру ұйымдарымен жұмыс тұжырымдамасымен өзара әрекеттесу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру.

Қоғамның кадрлық резервінің болуы.

1. Корпоративтік мәдениеттің дамуына және әлеуметтік жауапкершілік кодексінің орындалуына бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру.
2. Ең маңызды және атаулы оқиғалар туралы Қоғам қызметкерлерінің ақпараттану жүйесін енгізу.
3. Қолданыстағы корпоративтік мәдениеттің даму деңгейіне талдау жүргізу.
4. Қолданыстағы корпоративтік мәдениеттен нарықтағы мәдениетке доминантты корпоративтік мәдениетке көшу бойынша іс-шараларды әзірлеу, келісу және жүзеге асыру.

Қоғамның корпоративтік ахуалын нығайту, ұжымдағы микроклиматты жақсартуға бағытталған іс-шараларды жүргізу.

1. Қоғам персоналдарының қанағаттанушылық деңгейіне өлшемді жүзеге асыру.
2. Жаңа қабылданғандарға бейімделу үрдісін құру және енгізу.
3. Қызметкерлердің материалдық емес жай-күйі жүйесін әзірлеу және енгізу.

Қоғам персоналдарының жұмыс жағдайларына және еңбек төлемақысына қанағаттанушылық деңгейінің артуы.

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамның
2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына 1-қосымша 

Қоғамның негізгі түйінді көрсеткіштерінің тізбесі

Р/с

ҚБК атауы

Өлшем бірлігі

2009 жыл
факт

2010 жыл
жоспар

Жоспарлы кезең

2011 - 2013 ж.

2014 - 2016 ж.

2017 - 2120 ж.

1

Кірістердің салыстырмалы өсімі

мың теңге

-10 289

-96 061

157 242

14 571

20 011

2

Мемлекеттік қаржыландыру үлесі

мың теңге

389 266

267 857

- - - -*

- - - -*

- - - -*

3

Мемлекеттік емес сектордан кірістің өсімі

%

8

18

3

4

5

4

ROIC

%

-103,02

-67

21

22

26

5

*Табыс (шығын)

мың теңге

-289 025

-72 389

16 547

21 736

32 176

6

Шығындар өсімімен салыстырғандағы кірістер өсімі

%

-66

21

31

1

2

7

EBIDTA

мың теңге

-233 386

-16 268

70 584

74 967

84 624

8

Таза кіріс бойынша рентабельділік

%

-68

22

3

4

6

9

Жалпы және әкімшілік шығындардың өсімі

%

120

66

111

102

102

10

Жиынтық активтердің рентабельділігі (ROTA)

%

-70

-21

5

7

10

11

Персоналдардың еңбек өнімділігі

мың теңге

2 756

2 189

2 339

2 456

2 630

12

Қызмет көрсетілетін клиенттер санының өсімі (сайтты қолдау бойынша) %

%

7,3

7,5

9

12

15

13

Сайт айдарларына кіру рейтингі

1 тәуліктегі қаралуы

5 000

15 000

27 000

35 000

40 000

14

Қоғам өнімдерін тұтынушылардың талап ету деңгейі

%

- - -*

- - -*

40

60

80

15

Материалдардың қаралу, цитата келтірілу және оқылу саны (орташа алғанда бір күнде 1 материалға)

қаралуы

60-80

60-70

70-90

120

140

16

Брендттің танымалдылығы (1-10)

баға

- - -*

- - -*

6

8

10

17

Клиенттік базаның салыстырмалы өсімі

%

0

0,2

3

5

7

18

1600 халықаралық ақпараттық-жаңалық агенттіктері арасындағы рейтингі (кірушілер саны бойынша)

рейтингтегі позиция

70

65-70

50-60

40-50

30-40

19

Республикада орын алған оқиғалар арасындағы уақыт саны және сайтқа ол туралы ақпараттың (жедел ақпарат) орналасуы)

минут

15-20

10

7

6

5

20

Ішкі бағалау бойынша корпоративтік басқару рейтингі

%

- - -*

- - -*

60

75

80

21

Қызметкерлер саны

адам

154

150

150

150

150

22

Аттестациядан өткен қызметкерлердің үлесі

%

- - -*

- - -*

85

95

100

23

Кадрлардың ағымдылығы

%

27

14

10

7

5

24

Персоналдардың қанағаттанушылық индексі (1-10 бағам)

баға

- - -*

- - -*

6

8

9

Ескертпе:
- - -* - есептік кезеңде көрсеткіш өлшенген жоқ,
- - - -* мемлекеттік қаржыландыру үлесі бюджетті құрылымдау барысында нақтыланатын болады
* Табыстың өсімі (шығын) - Сарыарқа ауданы бойынша Салық басқармасының салықты кешенді тексеру нәтижесінде Қоғамның 2009 жылғы шығысы салықты алдын ала есептеуге байланысты пайда болды. Қазіргі уақытта Қоғам жүргізілген тексерудің қорытындысын сот жолымен шешіп жатыр, сонымен қатар 2010 жылғы 7 желтоқсанда Қоғамның кассациялық шағымы бойынша сот отырысы бекітілген. Алдағы уақытта бұл шығыс Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша қайтарылады.

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамның
2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына 2-қосымша 

Қоғамның стратегиялық картасы

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамның
2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына 3-қосымша 

Қоғам қызметінің басты көрсеткіштерінің стратегиялық картасы (сипаттамасы, есептеу формуласы және әдісі)

№ №

ҚБК атауы

ҚБК сипаттамасы

Есептеу формуласы және әдісі

Болжамды мәліметтер қоры

Болжамды енгізу әдісі

Қоғамның экономикалық тиімділігін қамтамасыз ету

1

Кірістің салыстырмалы өсімі, мың теңге

Алдыңғы кезеңге қатысты кіріс өсімін көрсетеді

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Алдыңғы кезеңдегі өлшем катысы бойынша өлшем кезеңіндегі Қоғамның ішкі кірісіне қатысты арадағы айырма ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

2

Мемлекеттік қаржыландыру үлесі, мың теңге

Көрсеткіш мемлекеттік қаржыландыру тәуелдігінің дәрежесін анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді Қоғамның жалпы кірісіне мемлекеттік қаржыландыру баптары бойынша сомаға айырма ретінде саналады

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

3

Мемлекеттік емес сектордан кірістің өсімі, %

Өткен кезеңге қатысы бойынша мемлекеттік емес сектордан кірістің өсімін көрсетеді

Көрсеткіш кезеңдегі жалпы кіріс сомасына мемлекеттік қаржыландырылусыз алынған кезеңдегі жалпы кірістің сомасына қатысты өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

4

ROIC, %

Көрсеткіш реинвестициялық капиталдан коммерциялық қайтарып берулерді анықтайды

Көрсеткіш меншікті капиталындағы таза табыстар және ұзақ мерзімді міндеттемелерге (орташа кезең) қатысы ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

5

Табыс/шығын, мың теңге

Табысты/шығынды көрсетеді

Көрсеткіш белгілі кезеңдегі табыс/шығынды көрсетеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

6

Шығын өсіміне салыстырмалы кірістің өсімі, %

Көрсеткіш кіріс өсімі шығын өсімінен қаншалықты асып түсетіндігін анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Өлшем кезеңіндегі кіріс өсімінің және өлшем кезеңіндегі шығынның пайыздық өсімі арасындағы айырма ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

7

EBIDТА, мың теңге

Көрсеткіш түрлі кредиторлар алдындағы оның қарызынан тәуелсіз компания қызметінің тиімділігін, сонымен қатар тозуды есептеу әдісін анықтауға мүмкіндік береді

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Қарыздарға қызмет көрсетуді, тозу есептеулерін және кіріске салықты есептей отырып, компанияның табысы ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

8

Таза кіріс бойынша рентабельділік, %

Көрсеткіш бірыңғай көмекке келетін таза кіріс көлемін (салық салынғаннан кейін) сипаттайды

Алынған кіріске табыс қатысы ретінде өлшенеді (кезеңдегі табыс - кезеңдегі қызметтің өзіндік құны - кезеңдегі шығындар/кезеңдегі табыстар)

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

9

Жалпы және әкімшілік шығындардың өсімі (ЖӘШ), %

ЖӘШ өсімі/төмендеуі динамикасын көрсетеді

Өткен кезеңдегі ЖӘШ-ға кезеңдегі ЖӘШ-ға қатысы ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

10

Жиынтық активтердің рентабельділігі (RОТА), %

Көрсеткіш жиынтық активтердің бірлігіне сәйкес келетін таза кірісінің көлемін сипаттайды

Таза кіріс/компания баланс активтерінің орташа сомасы

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

11

Персоналдардың еңбек өнімділігі

Көрсеткіш персоналдардың еңбек тиімділігін көрсетеді

Персоналдардың орташа санының кезеңдегі кірісіне қатысты өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

12

Сайтқа қолдау көрсету бойынша қызметтер көрсетілетін клиенттер санының өсуі, %

Көрсеткіш «Сайтты қолдау» қызметі бойынша Компания клиенттерінің санының салыстырмалы өсімін анықтайды

Өлшем жыл сайын өлшенеді
Жыл соңындағы Қоғам клиенттерінің санына жыл басындағы Қоғам клиенттерінің санының қатысын өлшейді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің жылдық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

Контент сапасын арттыру

13

Сайт айдарларына кірушілер рейтингі

Көрсеткіш сайттың жеке айдарларына кірушілер санын анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Бағалау сайтқа кірушілер есептеуішінің мәліметтері негізінде жүргізіледі. Талданатын кезең үшін тәуліктегі кірушілер санынан орташа арифметикалық мәнде анықталады

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

14

Қоғам өнімдерінің талап етілу деңгейі, %

Көрсеткіш Қоғам өндіретін өнімдердің талап етілу деңгейін анықтайды

Көрсеткіш ел халқынан сауалнама алу арқылы әлеуметтік зерттеулер жүргізу жолымен тоқсан сайын өлшенеді (Қоғам сайтында сауалнама алу нұсқаларының бірі)

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

15

Материалдардың қаралу, цитата келтірілу және оқылу саны

Көрсеткіш сайтта орналасқан материалға оқырман тарапынан қызығушылықты анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Бағалау сайтқа кірушілер есептеуішінің мәліметтері негізінде жүргізіледі. Талданатын кезең үшін тәуліктегі кірушілер санынан орташа арифметикалық мәнде анықталады.

ІТ бөлімшенің сайтқа кірушілер есептеуішінен алынған мәліметтері

Мәліметтерді қолмен енгізу

16

Брендтің танымалдылығы, 1-10 бағам

Көрсеткіш Компания брендінің танымалдылығын анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Қоғамның өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар арасынан таңдалған фокус-топ бойынша сауалнама жүргізу арқылы өлшенеді
Фокус-топқа кіретін әрбір адам сауалнама парағында белгіленген 1-ден 10-ға дейінгі бағам бойынша өз бағасын қояды
Фокус-топтың әрбір парағы бойынша 1-ден 10-ға дейінгі бағам арқылы орташа баға есептелінеді
Қорытынды баға фокус-топтың әрбір мүшесінің орташа бағасы ретінде саналады

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

17

Клиенттік базаның салыстырмалы өсімі, %

Көрсеткіш Компания клиенттерінің санының өсіміне қатысты анықталады

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Тоқсан соңындағы Компания клиенттерінің санының тоқсан басындағы Қоғам клиенттерінің санына қатысты өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

18

Ақпараттық-жаңалық агенттіктері арасындағы рейтингі (кірушілер саны бойынша)

Көрсеткіш Компания сайтының басқа ақпараттық-жаңалық агенттіктеріне қатысты жағдайын анықтайды

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
mail.ru мәліметтеріне сәйкес www.inform.кz кірушілері бойынша есептеу негізінде анықталады - кірушілердің саны бойынша саналатын ақпараттық-жаңалық агенттіктеріне қатысты сайт ұстанымын көрсететін абсолютті мәні

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

19

Республикада орын алған оқиғалар арасындағы уақыт саны және сайтта ол туралы ақпарат орналастыру, минут

Көрсеткіш қызметкерлер жұмысының жеделдігін және ақпаратты дер уақытында беруін көрсетеді

Көрсеткіш тоқсан сайын өлшенеді
Тоқсан бойы жауапты қызметкерлер материалдың дер уақытында берілуін тіркейді. Есепті кезең қорытындысы бойынша материалдардың берілу уақыты орташа арифметикалық мәнмен анықталады

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің тоқсандық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін құру

20

Ішкі бағалау бойынша корпоративтік басқару рейтингі, 1-5 бағам

Көрсеткіш Компаниядағы корпоративтік басқарылудың жүзеге асырылу деңгейін анықтайды

Көрсеткіш жыл сайын өлшенеді
Сертификаттаушы ұйым есебі негізінде абсолюттік мәні ретінде өлшенеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша жауапты бөлімшелердің жылдық есебі

Мәліметтерді қолмен енгізу

Қоғамның кадрлық әлеуетін арттыру

21

Қызметкерлер саны, адам


Сарапталатын кезеңдегі қызметкерлер саны

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша персоналдарды басқару қызметінің тоқсан сайынғы есебі мәліметтер көзі қызметін атқаруы керек

Мәліметтерді қолмен енгізу

22

Аттестациядан өткен қызметкерлердің үлесі, %


Көрсеткіш жыл сайын өлшенеді
Өлшем кезеңінің соңғы датасында аттестациядан өткен жалпы қызметкерлер санының қызметкерлер санына қатысы ретінде өлшенеді

Аттестация қорытындысы бойынша персоналдарды басқару қызметінің есебі мәліметтер көзі ретінде қызмет етуі керек

Мәліметтерді қолмен енгізу

23

Кадрлардың ағымдылығы, %

Көрсеткіш Компания құрамындағы кадрлардың тұрақтылық дәрежесін көрсетеді

Көрсеткіштер есебі тоқсан сайын жүргізіледі
Кезең үшін орташа маңыздылығы ретінде - кезең соңында персоналдар қатыстылығы бойынша жұмыстан шыққан және шығарылған қызметкерлер саны есептелінеді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша персоналдарды басқару қызметінің тоқсан сайынғы есебі мәліметтер көзі ретінде қызмет етуі керек

Мәліметтерді қолмен енгізу

24

Персоналдардың қанағаттану индексі, 1-10 бағам

Көрсеткіш персоналдың Компаниядағы өз жұмысына қанағаттануын білдіреді

Көрсеткіш іріктелген қызметкерлер бойынша тұрақты сауалнама (жарты жылда кемінде 1 рет) негізінде есептелінеді
Сауалнама Компанияда бекітілген сауалнама парағын пайдалану арқылы құпия жүргізіледі
Әрбір қызметкердің сауалнама қорытындысы 1-ден 10-ға дейінгі бағам саны бойынша баға түрінде ұсынылады
Жалпы индекс алынған барлық баға бойынша орташа шамасын есептейді

Стратегиялық мақсаттардың орындалуы бойынша персоналдарды басқару қызметінің тоқсан сайынғы есебі мәліметтер кезі ретінде қызмет етуі керек

Мәліметтерді қолмен енгізу

«Қазақ ақпарат агенттігі» ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамның
2011 - 2020 жылдарға арналған
даму стратегиясына 4-қосымша 

Даму стратегиясын жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

Р/с

Жүзеге асырылу кезеңі

Іс-шаралар

Қаржыландыру көзі

1

2011 - 2015 жылдар

Мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтитын шолу, навигация, өңдеу, талдау және ақпараттарды сақтау бойынша ақпараттық өнімдер кешенін, CD-таратушымен электрондық жіберуді, сонымен қатар мерзімді ақпараттық-сараптамалық басылымды енгізу

Қоғамның оң қаржылық нәтижесінің (пайдасының) нәтижесінде алынған жеке қаржысы аталмыш шараларды жүзеге асыру үшін жеткілікті

2

2011 - 2015 жылдар

Интернет арқылы және пластикалық картаны пайдаланып Қоғамның веб-сайтында ақпараттық материалдарға төлем жасау үшін электрондық коммерциялық бағдарлама моделін құру

3

2011 - 2015 жылдар

Қаржы, өндірістік және бухгалтерлік есеп, кадрларды басқару, сапа талдауы және сатылым деңгейін болжау салаларында есептеудің автоматтандырылған бірыңғай жүйесін енгізу, кәсіпорынмен басқару бірыңғай жүйесін енгізу арқылы ақпараттық материалдарды шығаруды бағалау - бизнес-шешімдердің және ұйымдарды басқарудың ықпалдасқан тұғырнамасы

4

2016 - 2020 жылдар

Республиканың өңірлерінде және шетелдерде негізгі ақпарат көзі болып табылатын тілшілер желісін материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту.
Тілшілер желісін заманауи компьютермен, фото және коммуникациялық құрал-жабдықтармен жабдықтау, сонымен қатар Интернет желісіне қашықтан енуді қамтамасыз ету болжануда, бұл өңірлік тілшілердің жеделдігінің және ұтқырлығының біршама артуына мүмкіндік береді.

5

2016 - 2020 жылдар

Таяу және алыс шет елдермен тәрбие алмасуды ұйымдастыру арқылы қызметкерлердің біліктілігін арттыру


6

2016 - 2020 жылдар

Менеджменттің заманауи деңгейін қамтамасыз ету, консультанттар тарту, әріптестік ұйымдармен өзара әрекеттесу


      Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға жәрдемдесу үшін Қоғам бірыңғай ақпараттық кеңістікке енуді қамтамасыз ететін және технологиялық дамуға базалық тұғырнама қызметін атқаратын жаңарту үрдістерін жалғастыруды әрі технологиялық үрдістерді автоматтауды жалғастыруды жоспарлауда. Сонымен қатар басқа да елдердің БАҚ-тарымен іскерлік байланысты үздіксіз нығайту және белсенді іскерлік әріптестік бойынша жұмыстарды жалғастырады. Қоғамның стратегиялық дамуы ең алдымен ақпараттық агенттіктерін көрсетілетін ақпараттық қызметтер нарығындағы қазіргі позициясын сақтауы, сондай-ақ Қоғамның өсімінің, әсіресе оның қызметін коммерциалияландыру саласындағы алғы шартын құру.
      Осылармен қатар интернетке бағытталған қызметтерді дамыту Қоғамның ұзақ мерзімді жобасы болып табылады және мыналарға мүмкіндік беретін жобаларды енгізу: оқырмандармен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі; оқырмандармен кері байланыс; интербелсенділік - сауалнамалар, анкеталар; ұсынылатын ақпараттық өнімдер мен қызметтерді (жаңалықтар және іздеу сервистері) кеңейту мүмкіндігі; ақпаратқа ену ыңғайлылығы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады