О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан" и от 21 августа 2003 года № 840 "Об утверждении Правил организации законопроектной работы в уполномоченных органах Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2013 года № 213. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 355.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.06.2022 № 355.

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 44, ст. 443):

      в Регламенте Правительства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      часть первую пункта 34-1 изложить в следующей редакции:

      "34-1. Государственный орган-разработчик одновременно с направлением проекта постановления на согласование в заинтересованные государственные органы на своем интернет-ресурсе размещает проект постановления, пояснительную записку и другие необходимые документы к нему с учетом требований пункта 50 настоящего Регламента, в том числе по вопросам заключения, выполнения, изменения и прекращения международных договоров Республики Казахстан на государственном и русском языках, за исключением проектов постановлений, содержащих кадровые и организационные вопросы, а также содержащих государственные секреты и (или) служебную информацию ограниченного распространения с пометкой "Для служебного пользования". Информация о размещении проекта постановления на интернет-ресурсе указывается в пояснительной записке к проекту постановления.";

      в подпункте 2) пункта 50:

      в абзаце восьмом слова "за № 25-1-32дсп/22П-дсп." заменить словами "за № 25-1-32дсп/22П-дсп;";

      дополнить абзацем девятым следующего содержания:

      "информацию о размещении проекта на интернет-ресурсе.";

      часть первую пункта 91-2 изложить в следующей редакции:

      "91-2. Государственный орган-разработчик одновременно с направлением проекта закона на согласование в заинтересованные государственные органы на своем интернет-ресурсе размещает проект закона, пояснительную записку и другие необходимые документы к нему с учетом требований пункта 95 настоящего Регламента на государственном и русском языках, о чем указывается в пояснительной записке к проекту закона.";

      дополнить пунктом 113-1 следующего содержания:

      "113-1. В течение 15 (пятнадцать) рабочих дней cо дня одобрения законопроекта Мажилисом Парламента государственный орган-разработчик (или в силу его компетенции) направляет:

      1) в заинтересованные государственные органы для рассмотрения проекты соответствующих подзаконных актов (актов Президента и Правительства);

      2) в Министерство юстиции информацию о разработке соответствующих ведомственных актов, а также нормативных правовых актов, предусмотренных подпунктом 4) пункта 2 статьи 36 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", подлежащих государственной регистрации в органах юстиции.".

      пункт 114 изложить в следующей редакции:

      "114. В течение 5 (пять) рабочих дней со дня принятия законодательного акта Парламентом государственный орган-разработчик (или в силу его компетенции) направляет в заинтересованные государственные органы на согласование проект соответствующего распоряжения Премьер-Министра, предусматривающий:

      1) определение государственного органа (государственных органов) ответственным исполнителем (ответственными исполнителями) по разработке проектов нормативных правовых и правовых актов, принятие которых обусловлено данным законодательным актом;

      2) конкретные сроки разработки и внесения нормативных правовых и правовых актов, которые не должны превышать двух месяцев со дня вступления в силу законодательного акта, за исключением правовых и нормативных правовых актов, для которых в законодательном акте предусмотрены более поздние сроки введения в действие (не менее чем за месяц до введения их в действие), а также исполнения иных поручений, содержащихся в проекте распоряжения;

      3) поручение о принятии и/или приведении в соответствие с принятым законодательным актом подзаконных актов.

      В случае внесения проекта распоряжения Премьер-Министра, разрабатываемого в целях реализации принятого Парламентом законодательного акта, необходимо прикладывать текст принятого законодательного акта, а также сравнительную таблицу прежней и новой редакции законодательного акта.

      Государственный орган-разработчик проекта в срок не более 10 (десять) рабочих дней со дня принятия законодательного акта Парламентом вносит в Канцелярию проект распоряжения Премьер-Министра, согласованный в установленном порядке.

      Государственные органы в течение 5 (пять) рабочих дней со дня подписания законодательного акта Президентом вносят проекты нормативных правовых и правовых актов на рассмотрение в заинтересованные государственные органы.

      Государственным органам в случае отсутствия необходимости разработки проекта распоряжения Премьер-Министра необходимо информировать Канцелярию в течение 10 (десять) рабочих дней со дня подписания законодательного акта.

      Нормативные правовые акты, предусмотренные подпунктом 4) пункта 2 статьи 36 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", подлежащие государственной регистрации в органах юстиции, принимаются не позднее двух месяцев со дня подписания законодательного акта, за исключением случаев, определенных Премьер-Министром, его заместителями и Руководителем Канцелярии.

      Государственные органы ежемесячно не позднее 5 числа следующего месяца представляют в Министерство юстиции информацию о реализации принятых законодательных актов по форме согласно приложению 6 к настоящему Регламенту.

      Министерство юстиции анализирует и обобщает представленную информацию по итогам квартала и не позднее 15 числа месяца следующего квартала направляет данную информацию в Правительство.

      Контроль за своевременной разработкой и принятием подзаконных нормативных правовых и правовых актов осуществляется структурными подразделениями Канцелярии в соответствии с их компетенцией.";

      в приложении 1 к Регламенту:

      пояснительную записку к проекту постановления Правительства Республики Казахстан дополнить строкой следующего содержания:

      "

11.

Информация о размещении проекта на интернет-ресурсе



      ";

      дополнить приложением 6 к указанному Регламенту согласно приложению к настоящему постановлению;

      2) утратил силу постановлением Правительства РК от 29.12.2016 № 907.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

С. Ахметов


  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 5 марта 2013 года № 213
Приложение 6
к Регламенту Правительства
Республики Казахстан

Информация
о реализации принятых законов
за 20 __ год

      _______________________________

      (наименование Закона, дата, №)

      _____________________________________________________________________

      (наименование соответствующего распоряжения Премьер-Министра

      Республики Казахстан, дата, №)

№ п/п

Наименование нормативного правового и правового акта

Форма акта

Государственные органы, ответственные за исполнение

Срок исполнения

Стадия исполнения (подробная информация с указанием даты, исх. №)







Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 және "Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 наурыздағы № 213 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.


      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      34-1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-1. Әзірлеуші мемлекеттік орган қаулы жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында кадрлық және ұйымдастырушылық мәселелерді қамтитын, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және (немесе) "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын қаулы жобаларын қоспағанда, қаулы жобасын, түсіндірме жазбаны және оған басқа қажетті құжаттарды осы Регламенттің 50-тармағының талаптарын ескере отырып, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасау, орындау, өзгерту және тоқтату мәселелері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады. Қаулы жобасының интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат қаулы жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.";

      50-тармақтың 2) тармақшасында:

      сегізінші абзацтағы "мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі." деген сөздер "мобильдік құрылғыларына беру мүмкіндігі;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:

      "жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат.";

      91-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "91-2. Әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібере отырып, бір мезгілде өзінің интернет-ресурсында заң жобасын, түсіндірме жазбаны және оған қажетті басқа құжаттарды осы Регламенттің 95-тармағының талаптарын ескере отырып, мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырады, ол туралы заң жобасына түсіндірме жазбада көрсетіледі.";

      мынадай мазмұндағы 113-1-тармақпен толықтырылсын:

      "113-1. Парламент Мәжілісі заң жобасын мақұлдаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай):

      1) мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті заңға тәуелді актілердің (Президент және Үкімет актілерінің) жобаларын қарау үшін;

      2) Әділет министрлігіне тиісті ведомстволық актілерді, сондай-ақ "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген, әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын нормативтiк құқықтық актiлерді әзірлеу туралы ақпаратты жолдайды.";

      114-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "114. Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде әзірлеуші мемлекеттік орган (немесе оның құзыретіне орай) мыналарды:

      1) мемлекеттік органды (мемлекеттік органдарды) қабылдануы осы заңнамалық актімен негізделген нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу жөніндегі жауапты орындаушы (жауапты орындаушылар) етіп белгілеуді;

      2) заңнамалық актіде қолданысқа енгізудің неғұрлым кеш мерзімдері (олар қолданысқа енгізілгенге дейін кемінде бір ай бұрын) көзделген құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, заңнамалық акт күшіне енген күнінен бастап екі айдан аспауы тиіс нормативтік құқықтық және құқықтық актілерді әзірлеу мен енгізудің нақты мерзімдерін, сондай-ақ өкімнің жобасында қамтылатын өзге де тапсырмалардың орындалуын;

      3) заңға тәуелді актілерді қабылдау және/немесе қабылданған заңнамалық актіге сәйкес келтіру туралы тапсырманы көздейтін Премьер-Министрдің тиісті өкімінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жібереді.

      Парламент қабылдаған заңнамалық актіні іске асыру мақсатында әзірленетін Премьер-Министр өкімінің жобасын енгізген жағдайда қабылданған заңнамалық актінің мәтінін, сондай-ақ заңнамалық актінің бұрынғы және жаңа редакциясының салыстырма кестесі қоса тіркелуі қажет.

      Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган Парламент заңнамалық актіні қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде белгіленген тәртіппен келісілген Премьер-Министр өкімінің жобасын Кеңсеге енгізеді.

      Мемлекеттік органдар Президент заңнамалық актіге қол қойған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына енгізеді.

      Мемлекеттік органдар Премьер-Министр өкімінің жобасын әзірлеу қажеттілігі болмаған жағдайда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Кеңсені хабардар етуі қажет.

      Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жататын, "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Кеңсенің Басшысы айқындайтын жағдайларды қоспағанда, заңнамалық актіге қол қойылған күнінен бастап екі айдан кешіктірілмей қабылданады.

      Мемлекеттік органдар ай сайын, келесі айдың 5-күнінен кешіктірмей Әділет министрлігіне осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы ақпарат береді.

      Әділет министрлігі тоқсан қорытындылары бойынша ұсынылған ақпаратты талдап, қорытады және тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы ақпаратты Үкіметке жібереді.

      Заңға тәуелді нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің уақтылы әзірленуін және қабылдануын бақылауды өз құзыретіне сәйкес Кеңсенің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.";

      Регламентке 1-қосымшада:

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына түсіндірме жазба мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

11.

Жобаның интернет-ресурста орналастырылғаны туралы ақпарат



      ";

      осы қаулыға қосымшаға сәйкес көрсетілген Регламентке 6-қосымшамен толықтырылсын;

      2) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 5 наурыздағы
№ 213 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің Регламентіне
6-қосымша

Қабылданған заңдардың іске асырылуы туралы
20__ жыл бойынша
ақпарат

      __________________________________

      (Заңның атауы, күні, №)

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің

      тиісті өкімінің атауы, күні, №)

Р/с

Нормативтік құқықтық және құқықтық актінің атауы

Актінің нысаны

Орындауға жауапты мемлекеттік органдар

Орындау мерзімі

Орындау сатысы (күні, шығыс № көрсетілген егжей-тегжейлі ақпарат)