О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1345 "Об утверждении перечня международных спортивных соревнований, размеров и Правил выплат денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта)"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июня 2016 года № 342. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27 марта 2020 года № 147 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 27.03.2020 № 147 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 декабря 2014 года № 1345 "Об утверждении перечня международных спортивных соревнований, размеров и Правил выплат денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта)" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 81, ст. 703) следующее изменение:
      в Правилах выплат денежных поощрений чемпионам и призерам международных спортивных соревнований, тренерам и членам сборных команд Республики Казахстан по видам спорта (национальных сборных команд по видам спорта), утвержденных указанным постановлением:
      подпункт 4) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      "4) главный тренер сборной команды Республики Казахстан по виду спорта (национальной сборной команды по виду спорта) – тренер, отвечающий за руководство, подготовку, формирование и выступление сборной команды Республики Казахстан по виду спорта (национальной сборной команды по виду спорта) в чемпионатах мира, Олимпийских, Паралимпийских, Сурдлимпийских играх и других международных соревнованиях;".
      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр
 
Республики Казахстан
К. Масимов

     

"Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 342 қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу қағидаларында:

      2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К.Мәсімов