Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 670 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.08.2023 № 670 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 147 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі

1.

Азия ойындары (жазғы, қысқы)

2.

Азия Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

3.

Азия кубогі

4.

Азия кубогінің кезеңдері

5.

"Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары

6.

Азия-Тынық мұхиты ойындары (сурдо)

7.

"А" санатындағы халықаралық спорттық жарыстар

8.

Азия және Мұхит чемпионаты (пара, сурдо)

9.

Әлем кубогі

10.

Әлем кубогінің кезеңдері

11.

Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері (барлық спорт түрлері бойынша)

12.

Барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен Азия чемпионаттары

13.

Барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен әлем чемпионаттары

14.

Гран-при, Гранд-Слам жарыстары

15.

Дүниежүзілік Универсиада (жазғы, қысқы)

16.

Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындары

17.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары

18.

Дүниежүзілік жағажай ойындары

19.

Еуропа Кубогі

20.

Еуропа Кубогінің кезеңдері

21.

Азия жағажай ойындары

22.

Жабық үй-жайлардағы және жауынгерлік өнер бойынша Азия ойындары

23.

Жасөспірімдер Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

24.

Жасөспірімдер Азия ойындары (жазғы, қысқы)

25.

Құрлықтық, өңірлік ойындар

26.

Олимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

27.

Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері (жазғы, қысқы, пара, сурдо)

28.

Паралимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

29.

Рейтингтік жарыстар

30.

Сурдлимпиада ойындары (жазғы, қысқы)

31.

Студенттер арасындағы әлем чемпионаты (жазғы, қысқы)

32.

Халықаралық арнаулы Олимпиадалық ойындар

33.

Халықаралық спорттық жарыстар

34.

Халықаралық матчтық кездесулер

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 27 наурыздағы
№ 147 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1."Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 81, 703-құжат).

      2."Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 342 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 35, 205-құжат).

      3."Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 қарашадағы № 665 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 54, 351-құжат).

      4."Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 786 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 62-63, 381-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады