Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесін, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерінің мөлшерін және оларды төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1345 қаулысы. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 147 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.03.2020 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі;

      2) Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу қағидалары;

      3) Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.11.2017 № 786 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

1.

Олимпиада ойындары

2.

Азия ойындары (барлық сыныптамаларда)

3.

Өңірлік ойындар

4.

Дүниежүзілік Универсиада

5.

Жасөспірімдердің Олимпиада ойындары

6.

Жасөспірімдердің Азия ойындары

7.

Паралимпиада ойындары

8.

Сурдлимпиада ойындары

9.

Халықаралық арнаулы олимпиадалық ойындар

10.

Барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен әлем чемпионаттары

11.

Студенттер арасындағы әлем чемпионаты

12.

Олимпиада ойындарына іріктеу турнирлері

13.

Әлем чемпионаттарына іріктеу турнирлері

14.

Барлық жас топтарына арналған спорт түрлерінен Азия чемпионаттары

15.

Әлем кубогі

16.

Әлем кубогінің кезеңдері

17.

Гран-при жарыстары

18.

Азия кубогі

19.

Азия кубогінің кезеңдері

20.

Халықаралық жарыстар (турнирлер)

21.

Халықаралық матчтық кездесулер

22.

"Азия балалары" халықаралық спорттық ойындары

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен
жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама
командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай
көтермелеуді төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға мыналар:

      1) алғашқы жаттықтырушы – спортшыны жоғары дәрежедегі спортшыларды дайындаудың бастапқы (ерте) кезеңдерінде балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда дайындауды жүзеге асыратын (кемінде үш жыл) жаттықтырушы;

      2) жеке жаттықтырушы – жеке дайындық жоспарын орындауға бағытталған спортшыны Қазақстан Республикасы құрама командасынан тыс жерде дайындауды жүзеге асыратын (кемінде үш жыл) жаттықтырушы;

      3) командалық спорт түрлерінен (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) жаттықтырушы – спорттық кәсіби білімі бар, дайындықтың белгілі бір кезеңінде (арнаулы, техникалық-тактикалық, жалпы дене дайындығы) спортшылардың оқу-жаттығу процесін жүзеге асыратын (кемінде екі жыл) және/немесе спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысымен қосымша дайындық процесін жүзеге асыратын жаттықтырушы;

      4) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасы құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы – спорт түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасына (спорт түрі бойынша ұлттық құрама командаға) басшылық жасауға, оның даярлығына, қалыптастырылуына және әлем чемпионаттарына, Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарына және басқа да халықаралық жарыстарға қатысуына жауап беретiн жаттықтырушы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 09.06.2016 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Ақшалай көтермелеуді алуға үміткер Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне Олимпиада, Паралимпиада, Сурдолимпиада ойындарында төртінші, бесінші, алтыншы орын алған спортшылар мен командалар, сондай-ақ олимпиадалық спорт түрінен әлем рекордтарын орнатқан спортшылар мен командалар жатады.

2. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен
жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының
құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама
командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай
көтермелеуді төлеу тәртібі

      4. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелеріне спорттың түрлерінде ақшалай көтермелеуді төлеу әр спортшыға алған әрбір орны үшін ақшалай көтермелеудің жүз пайызы (100 %-ы) мөлшерінде жүзеге асырылады.

      5. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) мүшелерін спорттың жеке түрлерінде дайындауға қатысқан жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу әрбір спортшының алған орны үшін мынадай қатынастарда белгіленеді:

      1) алғашқы жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-ы;

      2) жеке жаттықтырушы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 80 %-ы;

      3) спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы – жаттықтырушыларды ақшалай көтермелеудің жалпы мөлшерінің 10 %-ы.

      6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген жаттықтырушының бірі спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың бірнеше чемпионы мен жүлдегерін, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) бірнеше мүшесін дайындаған жағдайда, жаттықтырушы (алғашқы, жеке, бас) жекелей алғанда әр спортшы үшін ақшалай көтермелеу алады.

      7. Егер алғашқы жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің жеке жаттықтырушысы болған жағдайда, жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      8. Егер жеке жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған жағдайда, жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      9. Егер алғашқы жаттықтырушы бір мезгілде спорттың жеке түрлерінде халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлерінің, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) мүшелерінің бас жаттықтырушысы болған жағдайда, жаттықтырушының ақшалай төлемінің мөлшері жинақталады.

      10. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу әр спортшыға ақшалай көтермелеудің 100 %-ы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      11. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) ақшалай көтермелеу төлеміне спорт түрі бойынша Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысы және команда екі спортшыдан құралған жағдайларды қоспағанда, осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген екі жаттықтырушы ала алады.

      12. Осы Қағидалардың 2-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген командалық спорт түрлеріндегі (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) жаттықтырушылар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен айқындалады.

      13. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) Қазақстан Республикасының құрама командасының (спорт түрі бойынша ұлттық құрама команданың) бас жаттықтырушысына ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      14. Командалық спорт түрлерінде (спорттың ойын түрлері, топтық жаттығулар, эстафеталар) жаттықтырушыларға ақшалай көтермелеуді төлеу ақшалай көтермелеудің 100%-ы мөлшерінде жүзеге асырылады.

      15. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеуді төлеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      16. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлеуді дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

      17. Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдерін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударады.

      18. Екінші деңгейдегі банктердің ағымдағы шоты немесе карт-шоты болмаса, халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу төлемдері нотариалды расталған сенімхаттың негізінде жеке тұлғаның екінші деңгейдегі банктердегі ағымдағы шотына немесе карт-шотына аударылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысымен
бекітілген

Халықаралық спорттық жарыстардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) жаттықтырушылары мен мүшелеріне ақшалай көтермелеу мөлшері

      Ескерту. Көтермелеу мөлшері жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.11.2017 № 786 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Р/с

Халықаралық спорттық жарыстардың атауы

Иеленген орын

Спортшыны теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері

Жаттықтырушыларды теңгеге барабар АҚШ долларында ақшалай көтермелеу мөлшері

1

2

3

4

5

1.

Жазғы, қысқы Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары

1-орын

250000

250000

2-орын

150000

150000

3-орын

75000

75000

4-орын

30000

30000

5-орын

10000

10000

6-орын

5000

5000

2.

Әлем чемпионаты (ересектер арасында): олимпиадалық, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша

1-орын

15000

10000

2-орын

7000

5000

3-орын

5000

3000

олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша

1-орын

2300

2300

2-орын

1800

1800

3-орын

1100

1100

3.

Жазғы, қысқы
Азия ойындары, Параазия ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

4.

Жазғы, қысқы Дүниежүзілік Универсиада

1-орын

15000

15000

2-орын

10000

10000

3-орын

5000

5000

5.

Жасөспірімдердің жазғы, қысқы Олимпиада ойындары

1-орын

10000

5000

2-орын

5000

3000

3-орын

3000

2000

6.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша Азия чемпионаты

1-орын

2300

2300

2-орын

1400

1400

3-орын

900

900

7.

Олимпиадалық, паралимпиадалық спорт түрлері бойынша (жастар арасында) Әлем чемпионаты

1-орын

3500

3500

2-орын

2300

2300

3-орын

1100

1100

8.

Олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем рекордын орнату


5000

3000

     

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1345 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір
шешімдерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 37, 553-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 қыркүйектегі № 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 54, 779-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерін халықаралық жарыстардағы жоғары нәтижелері үшін көтермелеу мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 қазандағы № 1098 қаулысына өзгеріс енгізу және "Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшылары мен жаттықтырушыларын Паралимпиялық ойындардағы жоғары спорттық нәтижелерi үшiн материалдық ынталандырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 19 ақпандағы № 167 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 53 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 4, 38-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады