О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 129 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 декабря 2017 года № 861.

      Примечание РЦПИ!
Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2017 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 24 марта 2017 года № 129 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 11, ст. 63) следующие изменения:

      в Правилах использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2017 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на здравоохранение, утвержденных указанным постановлением:

      абзац четвертый подпункта 2) пункта 3 исключить;

      в пункте 4:

      абзац четвертый изложить в следующей редакции:

      "оказание паллиативной помощи лицам, указанным в приказе № 96, (за исключением лиц, страдающих злокачественными новообразованиями, возмещение затрат по которым осуществляется за счет средств республиканского бюджета) в Западно-Казахстанской, Карагандинской, Южно-Казахстанской областях и городе Алматы;";

      абзац девятый изложить в следующей редакции:

      "оказание скорой медицинской помощи населению и санитарной авиации, за исключением оказываемой за счет средств республиканского бюджета;";

      главу 6 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2017 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

"Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 861 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;

      4-тармақта:

      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында № 96 бұйрықта көрсетілген адамдарға (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарды қоспағанда) паллиативтік көмек көрсетуге;";

      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация;";

      6-тарау алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев