Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі

      "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабын және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттердің бекітілген сомаларын облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:

      1) ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды;

      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне есепті айдан кейінгі айдың 15-күніне дейін ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларының пайдаланылуы туралы есептер беруді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.


      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 24 наурыздағы
№ 129 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2016 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысына сәйкес әзірленді.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі фармацевтикалық қызмет – дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы субъектілердің дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алуды, тасымалдауды, сақтауды, өткізуді және есепке алуды қоса алғанда, олармен халықты қамтамасыз етуге байланысты қызметі.

      3. Осы Қағидалар облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді мынадай республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша пайдалану тәртібін айқындайды:

      1) 052 "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету", оның ішінде мынадай кіші бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      109 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";

      112 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне саламатты өмір салтын насихаттауға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер";

      2) 053 "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту", оның ішінде мынадай кіші бюджеттік бағдарламалар бойынша:

      100 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер".

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 21.12.2017 № 861 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      4. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жергілікті деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсетуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      республикалық деңгейде өткізілетін қалпына келтіру емін және медициналық оңалтуды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 98 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 10 сәуірде № 10678 болып тіркелген) Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, оның ішінде балаларды медициналық оңалту қағидаларына сәйкес Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында ересектер мен балаларды қалпына келтіре емдеуге және медициналық оңалтуға (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 тамызда № 11976 болып тіркелген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуды қоспағанда);

      Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 96 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 наурызда № 10576 болып тіркелген) халықтың паллиативтік көмек және мейірбике күтімі көрсетілуі тиіс санаттарының тізбесінде (бұдан әрі – № 96 бұйрық) көрсетілген адамдарға мейірбике күтімін көрсетуге;

      Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында № 96 бұйрықта көрсетілген адамдарға (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарды қоспағанда) паллиативтік көмек көрсетуге;

      республикалық ұйымдар көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қоспағанда, туберкулезден, психикасының бұзылуынан (ауруынан), алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан зардап шегетін адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге;

      инфекциялық аурулармен науқастанғандарға жергілікті деңгейде медициналық көмек көрсетуге;

      республикалық ұйым көрсететін медициналық-әлеуметтік көмекті қоспағанда, АИТВ инфекциясын жұқтырғандарға және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізуге;

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 5 қаңтардағы № 1 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 қаңтарда № 6757 болып тіркелген) Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының қызметі туралы ережеге сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлерінің немесе азаматтардың көмегімен жеткізілген, алкогольден мас күйіндегі (уыттанған) пациенттерге уақытша бейімдеу және детоксикация орталықтарында наркологиялық көмек көрсетуге;

      республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация;

      шығындарын өтеу мемлекеттік тапсырма шеңберінде жүзеге асырылатын республикалық ұйымдар көрсететін көмекті қоспағанда, қан, оның компоненттерін дайындауға, медициналық ұйымдарды ТМККК шеңберінде қанмен, оның компоненттерімен қамтамасыз ету үшін қан компоненттерін, препараттарын және диагностикалық реагенттерді өндіруге;

      Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында патологиялы-анатомиялық ашып қарау және патологиялық-анатомиялық диагностика бойынша шығыстар көзделген: биологиялық материалдарды алуға және оны зерттеуге (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырылатын, тірі кезде жүргізілетін зерттеуді қоспағанда); әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде биологиялық материал алуға және оны зерттеуге пайдаланылады.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 21.12.2017 № 861 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      5. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген іс-шараларды іске асыру бойынша медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 шілдедегі № 638 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 15 тамызда № 11960 болып тіркелген) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қызметтер берушіні таңдау қағидалары)сәйкес, сондай-ақ осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген іс-шараларды іске асыратын мемлекеттік мекеме нысанындағы медициналық ұйымдарға қаражат бөлуді жүзеге асырады.

      6. Тарифтерді қалыптастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 30 қарашада № 5946 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесіне (бұдан әрі – тарифтерді қалыптастыру әдістемесі) сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында медициналық және медициналық-әлеуметтік көмек көрсеткені үшін ақы төлеу Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      ТМККК шарттары және ТМККК шеңберінде қосалқы мердігерлік шарттар бойынша консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетуге, патологиялық-анатомиялық диагностикаға ақы төлеу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 725 бұйрығымен (бұдан әрі – № 725 бұйрық) бекітілген тарифтерге сәйкес құны бойынша жүзеге асырылады;

      ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды өткізгені үшін, патологиялық-анатомиялық ашып қарауға ақы төлеу жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілеген тарифтер бойынша жүзеге асырылады;

      халыққа жедел медициналық көмек көрсеткені үшін, оның ішінде көлік қызметтеріне ақы төлеу Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;

      берілген қан көлемі және оның компоненттері үшін ақы төлеу № 725 бұйрықпен бекітілген тарифтерге сәйкес құны бойынша жүзеге асырылады;

      осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген іс-шараларды іске асыратын мемлекеттік мекемелер жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бекіткен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес қаржыландырылады.

      8. Уәкілетті орган жергілікті деңгейде ТМККК көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.

      9. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жергілікті деңгейде ТМККК көрсету жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

      1) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуді;

      2) көрсетілген қызметтер бойынша деректердің дұрыстығы мен дәйектілігін;

      3) жергілікті деңгейде ТМККК көрсетуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді;

      4) уәкілетті органмен келісу бойынша жергілікті деңгейде ТМККК көрсетуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Салауатты өмір салтын насихаттауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      10. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне салауатты өмір салтын насихаттауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      2) Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында жергілікті телевизия мен радиостанцияларда сөз сөйлеу;

      3) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында мерзімді баспаларда (газеттерде, журналдарда) мақалалар жариялау;

      4) аудионы (бейнероликтерді) жалға беру;

      5) Атырау, Қарағанды, Маңғыстау облыстарында облыстық газет шығару;

      6) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында телебағдарламалар дайындау және трансляциялау;

      7) ақпараттық-білім беру материалдарын тираждау;

      8) Ақмола, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында анкета дайындау және жүргізу;

      9) сыртқы жарнаманы шығару;

      10) Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында радиоайдар арқылы ақпараттандыру;

      11) Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында веб-сайтқа тұрақты ақпарат орналастыра отырып, оның қызметін қамтамасыз ету;

      12) Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру шеңберінде профилактикалық тексеріп-қарау мониторингін жүргізу;

      13) Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметінің мониторингін жүргізу;

      14) Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Астана және Алматы қалаларында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыру;

      15) Ақмола, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандық салауатты өмір салты орталықтарының (кабинеттерінің); Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында жастардың денсаулық орталықтарының (кабинеттерінің); Ақмола, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында темекіге қарсы күрес орталықтарының (кабинеттерінің) жұмыс істеуі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға пайдаланылады.

      11. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары салауаты өмір салтын насихаттау бойынша қызметтер берушіні таңдауды Қызметтер берушіні таңдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      12. Салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларға ақы төлеу жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі белгілеген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.

      13. Уәкілетті орган салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.

      14. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген іс-шараларды өткізуді;

      2) салауатты өмір салтын насихаттауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша салауатты өмір салтын насихаттауға берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

4-тарау. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      15. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ТМККК-ні қамтамасыз етуге және кеңейтуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер мынадай скринингтік зерттеулер жүргізуге:

      1) әйелдер арасында жатыр мойны обырын анықтауға;

      2) ересек тұрғындар арасында колоректальдық обырды екі кезеңдік әдіспен анықтауға;

      3) Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалалары тұрғындарының ер адамдары арасында қуықасты безі обырын анықтауға;

      4) Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында өңеш обырын, асқазан обырын анықтауға;

      5) Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының, Астана және Алматы қалаларының тұрғындары арасында бауыр обырын анықтауға;

      6) сүт безі обыры скринингінің екінші кезеңін жүргізуге пайдаланылады.

      16. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары скринингтік зерттеулер жүргізуге медициналық қызметтер берушіні таңдау рәсімін Қызметтер берушіні таңдау қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.     

      17. Қосалқы мердігерлік шарттар бойынша ақы төлеуді қоса алғанда, ТМККК шеңберінде скринингтік зерттеулер жүргізуге ақы төлеу № 725 бұйрықпен бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.

      18. Уәкілетті орган скринингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.

      19. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері скринингтік зерттеулер жүргізу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

      1) скринингтік зерттеулер жүргізуді;

      2) скринингтік зерттеулер жүргізуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті нәтиже көрсеткіштерін уәкілетті органмен келісуді;

      3) уәкілетті органмен келісу бойынша скринингтік зерттеулер жүргізуге берілген ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.

5-тарау. Амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      20. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер:

      1) мынадай науқастарды:

      туберкулезбен ауыратындарды – туберкулезге қарсы препараттармен,

      диабетпен ауыратындарды – диабетке қарсы препараттармен,

      гемофилиямен ауыратындарды – қан ұйыту факторымен,

      жіті миокард инфарктын алған адамдарды – тромболитикалық препараттармен,

      "В" және "С" вирустық гепатиттерімен ауыратындарды – вирусқа қарсы препараттармен,

      гематологиялық науқастарды – химиялық препараттармен,

      АИТВ жұқтырған адамдарды – ретровирусқа қарсы препараттармен;

      созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен ауыратындарды – дәрілік препараттармен,

      аутоиммундық аурулармен науқастанғандарды – дәрілік препараттармен,

      орфандық аурулармен науқастанғандарды – дәрілік препараттармен,

      иммунитет тапшылығы жағдайындағыларды дәрілік – препараттармен,

      вакциналармен және басқа да иммундық-биологиялық препараттармен қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 25 қарашада № 7306 болып тіркелген) ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес нозологиялар бойынша науқастарды осы Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, фармацевтикалық қызметтерді сатып алу арқылы қамтамасыз етуге пайдаланылады.

      22. Дәрілік заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ фармацевтикалық қызметтерді сатып алу "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысына (бұдан әрі – Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      Сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған заңды тұлға осы Қағидалардың 20-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алудың ұйымдастырушысы болады.

      Фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыруды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары жүзеге асырады.

      23. Уәкілетті орган амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алу жөніндегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде ағымдағы нысаналы трансферттердің тиімді пайдаланылуын үйлестіруді және оның мониторингін жүзеге асырады.

      24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері амбулаториялық деңгейдегі іс-шараларды іске асыру шеңберінде:

      1) уәкілетті органмен келісу бойынша амбулаториялық деңгейде дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды, сондай-ақ балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша тікелей және түпкілікті көрсеткіштер нәтижелеріне қол жеткізуді;

      2) амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етілетін науқастардың электрондық тіркелімдерін қалыптастыруды;

      3) республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен сатып алынатын дәрілік заттарды, балаларға арналған және емдік мамандандырылған тамақ өнімдерін және медициналық мақсаттағы бұйымдарды амбулаториялық деңгейде пайдалану мониторингін жүргізуді;

      4) халыққа инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізуді қамтамасыз етеді.     

6-тарау. Жергілікті деңгейде денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруға республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      Ескерту. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 21.12.2017 № 861 (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

7-тарау. Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қаражатты пайдалану, есептілік

      26. Уәкілетті орган облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде жүргізеді.

      27. Қандай да бір облыс, Астана және Алматы қалалары бөлінген қаражатты толық игермеген жағдайда, уәкілетті орган заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне нысаналы трансферттердің сомаларын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында қайта бөлу туралы ұсыныс енгізеді.

      28. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне есептілікті Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады