РҚАО-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 наурыздағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 11, 63-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2017 жылға арналған республикалық бюджеттен денсаулық сақтауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші абзацы алып тасталсын;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында № 96 бұйрықта көрсетілген адамдарға (шығындарын өтеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын қатерлі ісіктен зардап шегетін адамдарды қоспағанда) паллиативтік көмек көрсетуге;";
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін медициналық көмекті қоспағанда, халыққа жедел медициналық көмек көрсету және санитариялық авиация;";
6-тарау алып тасталсын.
2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |