"Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға арналған
мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың
бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27
ақпандағы N 246 қаулысын
P960246_
орындау үшiн Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1.
<*>
2.
<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.07. N 1236
қаулысымен.
P971236_
ЕСКЕРТУ. 1,2-тармақтар күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.18.
N 1192 қаулысымен.
P991192_
3. "Жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 14 қаңтардағы
N 65 қаулысына
P970065_
мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
"Алматы технологиялық институты" деген 9-қосымшаның қырық алтыншы
тармақшасы алынып тасталсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 2 шiлдедегi
N 1047а қаулысына
қосымша
Жоғары оқу орындарын мүлiктiк жалға берудiң
шарттары
Жалдаушыға қойылатын мiндеттi шаралар мыналар болып табылады:
1. Қызметтiң негiзгi түрi ретiнде саланы сақтау.
2. Жоғары оқу орнын бiрыңғай кешен ретiнде жалға беру.
3. Қызметкерлердi жалға берушiнiң бастамашылығы бойынша жұмыстан
босату қолданылып жүрген еңбек заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
4. Мемлекеттiк тапсырыс бойынша қабылданған өтушi студенттер
контингентiн оқытуды мемлекеттiк жоғары оқу орындары үшiн көзделген
бюджет қаражаты есебiнен аяқтау.
5. Жоғары оқу орнының 1997 жылғы 15 маусымдағы жай-күйi бойынша
барлық берешек сомаларын өтеу.
6. Жалдық төлем мөлшерлерiн немесе бонусты айқындау әр объектiге
жеке-жеке, материалдық емес активтердiң құнын ескере отырып
жүргiзiледi.
7. Комиссияның шешiмi бойынша басқа шарттар.