Алматы технологиялық институтының мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 18 тамыз N 1192

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы маусымдағы N 683 P990683_ қаулысымен бекiтiлген 1999-2000 жылдарға арналған жекешелендiру және мемлекеттiк мүлiктi басқарудың тиiмдiлiгiн арттыру бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi қаулы етеді:
      1. Алматы технологиялық институты коммерциялық емес ұйым - "Алматы технологиялық университетi" жабық акционерлiк қоғамы болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi:
      1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп заңдарда белгiленген тәртiппен Алматы технологиялық институтын коммерциялық емес ұйым - "Алматы технологиялық университетi" жабық акционерлiк қоғамы етiп қайта ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
      2) "Алматы технологиялық университетi" жабық акционерлiк қоғамы мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн белгiленген тәртiппен шығарылған жарғылық капиталдың жалпы мөлшерiнiң 25 процентiнен аспайтын сомада акциялардың қосымша эмиссиясын шығару арқылы оның жарғылық капиталын ұлғайтуды жүзеге асырсын.
      Акциялардың қосымша эмиссиясын орналастыру институттың қызметкерлерi

 

құрған заңды тұлғалар арасында жабық тәсiлмен жүргiзсiн;

     3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген iс-шаралар

орындалған соң акциялардың мемлекеттiк пакетiн сатуды заңдарға сәйкес

жүзеге асырсын;

     4) осы қаулыны іске асыруға байланысты өзге де қажетті шараларды

қабылдасын.

     3. "Мемлекеттік жоғары оқу орындарын кейін жекешелендіру мен жалға

беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 2 шілдедегі

N 1047а 


P971047a


а қаулысының 1 және 2-тармақтарының күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі



   Оқығандар:

   Қобдалиева Н.

   Омарбекова А.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады