О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 13 ноября 2004 года N 150. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 15 декабря 2004 года N 3283. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 30

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 28.01.2016 № 30 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов, регулирующих порядок исполнения платежных документов при осуществлении безналичных платежей и переводов денег, Правление Национального Банка Республики Казахстан  ПОСТАНОВЛЯЕТ:
 

      1. Внести в  постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 25 апреля 2000 года N 179 "Об утверждении Правил использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 1155, опубликованное 5-18 июня 2000 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"; с изменениями и дополнениями, утвержденными постановлениями Правления Национального Банка Республики Казахстан от 29 декабря 2000 года  N 488 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под  N 1379 , опубликованное 28 января - 11 февраля 2001 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"), от 18 января 2002 года N 20 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под  N 1779 , опубликованное 25 февраля - 10 марта 2002 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"), от 31 января 2003 года N 20 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под  N 2193 , опубликованное 10-23 марта 2003 года в печатных изданиях Национального Банка Республики Казахстан "Казакстан Улттык Банкiнiн Хабаршысы" и "Вестник Национального Банка Казахстана"), от 27 октября 2003 года N 372 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под N 2593, опубликованное 30 января 2004 года в газете "Казахстанская Правда" и "Егемен Казакстан") и от 24 января 2004 года N 13 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под  N 2704 , опубликованное 24 февраля 2004 года в газете "Казахстанская Правда" и 21 февраля 2004 года в газете "Егемен Казакстан") следующее дополнение:
      в Правилах использования платежных документов и осуществления безналичных платежей и переводов денег на территории Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:
      дополнить пунктом 87-1 следующего содержания:
      "87-1. Банк бенефициара отказывает в акцепте платежного поручения при поступлении денег, в том числе иностранной валюты, от нерезидентов, иностранных государств, государственных органов, государственных организаций, религиозных объединений и благотворительных организаций в пользу политических партий и профессиональных союзов по операциям, не связанным с исполнением договора(-ов) (контракта(-ов)) по поставке товаров (работ, услуг).". 
 

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати дней со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
 

      3. Управлению платежных систем (Мусаев Р.Н.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Шарипов С.Б.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести настоящее постановление до сведения заинтересованных подразделений центрального аппарата и территориальных филиалов Национального Банка Республики Казахстан, банков второго уровня, организаций, осуществляющих отдельные виды банковских операций.
 

      4. Контроль над исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Елемесова А.Р.

         Председатель
      Национального Банка


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 13 қарашадағы N 150 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 15 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 3283. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарының орындалу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2000 жылғы 5-18 маусымда жарияланған; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 29 желтоқсандағы  N 488  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2001 жылғы 28 қаңтар - 11 ақпанда жарияланған), 2002 жылғы 18 қаңтардағы  N 20  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2002 жылғы 25 ақпан - 10 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 10-23 наурызда жарияланған), 2003 жылғы 27 қазандағы  N 372  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" баспасөз басылымдарында 2003 жылғы 1-14 желтоқсанда жарияланған) және 2004 жылғы 24 қаңтардағы  N 13  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2704 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2004 жылғы 2-15 ақпанда жарияланған) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 87-1 тармақпен толықтырылсын:
      "87-1. Резидент еместерден, шет мемлекеттерден, мемлекеттік органдардан, мемлекеттік ұйымдардан, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдарынан саяси партиялар мен кәсіподақтардың пайдасына тауарлар жеткізу (жұмыс, қызмет көрсету) жөніндегі шарттарды (келісім-шарттарды) орындауға байланысты емес операциялар бойынша ақша, оның ішінде шетел валютасы түскен жағдайда, бенефициардың банкі төлем тапсырмасын акцептеуден бас тартады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы