Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 13 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 14 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2704. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қолма-қол жасалмайтын төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде төлем құжаттарын ресімдеу және пайдалану тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген), 2000 жылғы 5-18 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы  N 488 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы   N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы  N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген) және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 27 қазандағы  N 372 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2593 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен қоса) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру ережесінде:

      14-тармақтың 3) тармақшасы "заңды тұлғаның" деген сөздердің алдында "осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-тармақ "жеке бірдейлестірілген коды" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі - ЖБК), СТН" деген сөздермен толықтырылсын;

      22-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "22-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының (бұдан әрі - қазынашылық органдар) "Ақша жөнелтушінің ЖБК" бағанында тиісті: ХХХ120ХХХ (Қазақстан Республикасының республикалық бюджетінің шығыстары ХХХ130ХХХ); (Қаладағы аудандық бюджеттердің қаражаты); ХХХ132ХХХ (Облыстық бюджеттердің қаражаты) шоттарын көрсете отырып мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) жеткізушілер алдындағы міндеттемелері бойынша үш миллион теңгеден астам сомаға төлем құжаты қазынашылық органы бекіткен, бенефициар ұсынған, бенефициардың жеке ісінде тігілуі және сақталуы тиіс мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін тіркеу туралы хабарлама (тапсырыс) немесе шартты тіркеу туралы анықтама (бұдан әрі - хабарлама) болған кезде орындалады.
      Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуі тиіс.
      Төлем құжатының "төлем мақсаты" бағанында негізінде ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттың атауы, нөмірі және күнімен қатар хабарламаның нөмірі және күні, сондай-ақ төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесі көрсетілуі тиіс. Бұл ретте банкте сақталатын хабарламаның нөмірі және күні "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген нөмірге және күнге сәйкес келуі тиіс.
      Осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында белгіленген талаптар сақталмаған жағдайда, банк заң актілерінде акцепт үшін көзделген мерзім ішінде осындай төлем құжатын орындамастан оның жөнелтушісіне қайтарады.
      Банк "ағымдағы" төлем мәртебесі бар төлем құжатын орындаған кезде хабарламаның сыртқы жағына негізінде төлем жүзеге асырылған төлем тапсырмасының деректемелері, орындалған төлемнің сомасы және хабарлама бойынша төленуі тиіс қалған сома көрсетіледі. Банк "түпкілікті" төлем мәртебесі бар төлемді жүзеге асырған кезде хабарламаның сыртқы жағына бұл туралы тиісті белгі қояды.
      Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты, зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік арнайы және мемлекеттік әлеуметтік және өзге әлеуметтік жәрдемақыларды өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама ұсыну талап етілмейді.";

      28-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Заңды тұлға салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін зейнетақы жарналарын төлеу кезінде "ақшаны жөнелтуші" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің атауы, "СТН" бағанында заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің СТН көрсетіледі, "ЖБК" бағанында заңды тұлғаның ақша аударатын банктік шотының деректемелері көрсетіледі. Бұл ретте "төлемнің мақсаты" бағанында өзінің құрылымдық бөлімшелері үшін төлемдерді жүзеге асыратын заңды тұлғаның атауын және СТН көрсету қажет.";

      42-тармақта:
      бесінші абзацтағы "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетінші абзацтармен толықтырылсын:
      "07 - міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына салық органы берген инкассалық өкім.
      Салық органының міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіруге инкассалық өкімінде "бенефициар" бағанында жинақтаушы зейнетақы қорының атауы, "бенефициардың банкі" бағанында кастодиан банктің атауы және "делдал банк" бағанында Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталық көрсетіледі. Салық органының міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешекті өндіруге инкассалық өкімінде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорларының және/немесе бірнеше кастодиан банктердің атауларын көрсетуге жол берілмейді.";

      45-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 80-1-тармақпен толықтырылсын:
      "80-1. Бенефициардың банкі жөнелтушінің нұсқауын орындау қателігін анықтаған кезде бенефициар банк ақшаны қайтаруды бенефициардың банктік шоты бойынша оның пайдасына ақша түскенін куәландыратын бухгалтерлік жазба жасалған күннен бастап келесі операциялық күннен кешіктірмей жүзеге асырады.";

      87-тармақта:
      бірінші абзацтағы "сәйкес болмауы" деген сөздер "сәйкес келмеген жағдайда, қазынашылық органдарының осы Ереженің 22-1-тармағында көзделген төлем құжаттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші абзацта мемлекеттік тілдегі мәтінде өзгертілмейді;
      төртінші абзацтағы "болған кезде" деген сөздер "болғанда" деген сөзбен ауыстырылсын, "хабарламаның" деген сөздің алдында "банкте сақталатын" деген сөздермен толықтырылсын, "." деген белгі ";" деген белгімен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
      "егер бір хабарлама бойынша келіп түскен барлық төлем құжаттарының жалпы сомасы хабарламада көрсетілген сомадан асатын болса";

      116-тармақта:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Инкассалық өкімді алған және ақша жөнелтушінің банктік шотында ақша сомасы болмаған кезде, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе алушы банк алынған инкассалық өкімдерді қабылдауға және бір жыл ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтауға міндетті";
      екінші абзацтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алушы банк мұндай төлем құжаттарын қабылдауға және сақтауға келіскен жағдайда олардың сақталу мерзімдері, егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, инкассалық өкімдердің сақталуы мерзімдеріндей болады.";

      118-тармақта:
      "салықтар, айыппұлдар және өсімпұлдар бойынша берешек" деген сөздер "салық берешегі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "осы есепшоттарға төлем жасау күнгі Ұлттық Банк белгілеген теңгенің шетел валютасына бағамы қолданылған" деген сөздер "төлем жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамын қолданумен теңгемен қойылған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      120-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Ақша жөнелтушіде инкассалық өкімдерді орындау үшін қажетті ақша жеткіліксіз болған кезде алушы банк инкассалық өкімді заң актілерінде көзделген жағдайларда, алушы банктің ақша жөнелтушінің пайдасына ақша қабылдауына қарай ішінара орындайды.";

      121-тармақта:
      бірінші абзацындағы "салық қызметі органдарының" деген сөздер алынып тасталсын;
      екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алушы банк электрондық жүйеде ішінара төлеу сомасына инкассалық өкім қалыптастыру арқылы акцептелген инкассалық өкімді орындайды. Ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің "төлемнің мақсаты" бағанында алушы банк акцептелген инкассалық өкімнің деректемелерін көрсетеді.
      Салық (кеден) қызметі органдарының ішінара төлеу сомасына инкассалық өкімнің "операция түрі" бағанында осы Ереженің 42-тармағында белгіленген код (07 кодынан басқа) көрсетіледі.";

      5 және 6-қосымшалар мынадай мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын:
      "(сыртқы жағы)"

          Инкассалық өкімді ішінара төлеу туралы мәліметтер
___________________________________________________________________
Ішінара төлеу | Ішінара  |Ішінара |Инкассалық өкім  |  Уәкілетті
   сомасына    |  төлем   |  төлем |сомасының қалдығы| тұлғалардың
  инкассалық   | жасалған | сомасы |                 |   қолдары 
    өкімнің    |    күн   |        |                 |
деректемелері |          |        |                 |
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      6-қосымшадағы "Бас бухгалтердiң аты-жөнi" деген сөздер "Бөлім бастығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны алған күннен бастап үш күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау үшін шаралар қолдансын.

      5. Операция басқармасы (Төлеутаева Ә.Қ.) қабылданған шешім туралы ақпаратты жариялауға байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасының бюджеті (шығыстар сметасы) есебінен төлесін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Н.Қ.Абдулинаға жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасының
      міндетін атқарушы

      Келісілді

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады