Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1155 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 372 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 4 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2593. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 30 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.01.2016 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдары мемлекеттік мекемелердің нұсқаулары бойынша бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыратын төлемдердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1155 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" басылымдарында 2000 жылғы 5-8 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылғы 29 желтоқсандағы N 488 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1379 тіркелген), Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 179 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2002 жылғы 18 қаңтардағы N 20   (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1779 тіркелген) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлем құжаттарын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 31 қаңтардағы N 20 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2193 тіркелген) қаулыларымен бекітілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында төлем құжаттарын пайдалану және ақшаның қолма-қол жасалмайтын төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру ережесі:

      мынадай мазмұндағы 22-1 тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының (бұдан әрі - қазынашылық органдар) екі мың айлық есептік көрсеткіштен асатын сомадағы төлем құжаты мынадай жағдайларда орындалуға жатады:
      бенефициар ұсынған, қазынашылық орган бекіткен, бенефициардың іс қағаздарына тігілуге және сақталуға тиісті мемлекеттік мекеменің міндеттемелерін тіркеу туралы хабарлама (тапсырыс) (бұдан әрі - хабарлама) болғанда. Бенефициардың хабарламада көрсетілген деректемелері (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге сәйкес келуге тиіс. Сонымен бірге хабарламаның нөмірі "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген нөмірге сәйкес келуі тиіс;
      "төлем мақсаты" бағанында "ағымдағы" немесе "түпкілікті" төлем мәртебесі көрсетілгенде.
      Осы тармақтың екінші және үшінші абзацтарында белгіленген шарттар сақталмаған жағдайда банк акцепт үшін заң актілерінде көзделген мерзім ішінде мұндай төлем құжатын орындамай оны жөнелтушіге қайтарады.
      Банк "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырған кезде банк хабарламаның сыртқы бетіне бұл жөнінде тиісті белгі қояды.
      Бенефициар ретінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы, Орталық депозитарий көрсетілген мемлекеттік борышты өтеуге және қызмет көрсетуге байланысты төлем құжаттарына, зейнетақы төлемдеріне, арнайы мемлекеттік және мемлекеттік әлеуметтік және өзге де әлеуметтік жәрдемақыларға, сондай-ақ бенефициар ретінде алушы банк көрсетілген төлем құжаттарына хабарлама беру талап етілмейді.".

      45-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
      "Қазынашылық органдардан алынған төлем құжаттары бойынша жөнелтуші нұсқауы өзінің қызметін тоқтатпаған хабарламаны бенефициар ұсынған кезде санкция берілген деп саналады.";

      87-тармақтың бірінші абзацындағы "ақшаның" деген сөзден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
      ", оның ішінде:
      хабарламада көрсетілген бенефициар деректемелерінің (атауы, СТН, ЖБК) төлем құжатында көрсетілген деректемелерге, оның ішінде "төлем мақсаты" бағанында көрсетілген хабарламаның нөміріне сәйкес болмауы;
      төлемнің "ағымдағы" немесе "түпкілікті" мәртебесінің болмауы;
      хабарламаның келесі бетінде банктің "түпкілікті" мәртебесімен төлемді жүзеге асырғандығы жөнінде белгісінің болуы.".

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін;
      3) осы қаулыны Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап отыз күндік мерзімде "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарының төлем құжаттары үшін акцепт мерзімін ұзартуға қатысты бөлігіне өзгерістер енгізу қажеттігі туралы мәселені қарайтын болсын;
      4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (Абдулкаримов С.Х.) және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдары жүзеге асыратын төлемдерге бақылау жасауды күшейтуге бағытталған қосымша рәсімдерді енгізу мүмкіндігін (оның ішінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық органдарының банктерге қажетті ақпаратты электрондық растау мүмкіндігін) қарастырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Б.Жәмішевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      2003 жылғы ______

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады