Об утверждении Правил предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 25 марта 2005 года № 104-ОД. Зарегистрирован Министерством юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2005 года № 3542. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 27 марта 2012 года № 53-ОД

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 27.03.2012 № 53-ОД.

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 7 и подпунктом 3) пункта 1 статьи 13 Закона Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках", подпунктом 6) пункта 21 Положения об Агентстве Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, утвержденного постановлением  Правительства Республики Казахстан от  12 октября 2007 года N 943, ПРИКАЗЫВАЮ:
       Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).

     1. Утвердить прилагаемые Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов.
     2. Департаменту по регулированию и контролю в сфере железнодорожного транспорта и портов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Джумабаева А.М.) обеспечить в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
     3. Департаменту административной работы и анализа Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий (Досмагамбет Е.М.) после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:
     1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации;
     2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, Министерства транспорта и коммуникации Республики Казахстан.
     4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на первого заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Алдабергенова Н.Ш.
     5. Настоящий приказ вводится в действие со дня официального опубликования.

     Председатель
 
 
  Согласован
и.о. Министра транспорта и
коммуникации Республики Казахстан
30 марта 2005 г.
 
 

  Утверждены приказом       
Председателя Агентства     
Республики Казахстан по    
регулированию естественных   
монополий            
от 25 марта 2005 года N 104-ОД.

Правила
предоставления равных условий доступа к
регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов

1. Общие положения

     1. Настоящие Правила предоставления равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан "О естественных монополиях и регулируемых рынках" и определяют порядок организации и общие принципы обеспечения равного доступа потребителей к регулируемым услугам (товарам, работам) субъектов естественных монополий, оказывающих регулируемые услуги в сфере аэропортов.
       Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).
     2. Равные условия доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов означают недискриминационный доступ всех потребителей к этим услугам.
     3. Настоящие Правила не распространяются на случаи предоставления регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов с учетом льгот и преимуществ, установленных законодательством Республики Казахстан.
     4. В настоящих Правилах применяются следующие понятия:
      1) потребитель - физическое или юридическое лицо, пользующееся или намеревающееся пользоваться регулируемыми услугами (товарами, работами) субъектов естественной монополии и регулируемого рынка;
      2) уполномоченный орган - государственный орган, осуществляющий руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках;
      3) регулируемые услуги (товары, работы) субъекта естественной монополии - услуги (товары, работы), предоставляемые субъектом естественной монополии в сфере естественной монополии и подлежащие государственному регулированию уполномоченным органом, включая случаи предоставления услуг (товаров, работ) в виде передачи определенного товара потребителю.
      Иные понятия и термины, используемые в настоящих Правилах, применяются в значениях, определенных в законодательстве Республики Казахстан в сфере естественных монополий и регулируемых рынках.
       Сноска. Пункт 4 в редакции приказа Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).

2. Общие принципы предоставления равных условий
доступа к регулируемым услугам
(товарам, работам) в сфере аэропортов

     5. Обеспечение равных условий доступа к регулируемым услугам (товарам, работам) в сфере аэропортов осуществляется исходя из следующих принципов:
     1) равнодоступность регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов;
     2) проведение единой тарифной политики в отношении всех потребителей регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов;
     3) информационная открытость перечня регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов.

3. Порядок организации равного доступа к регулируемым услугам
(товарам, работам) в сфере аэропортов

     6. Субъекты естественных монополий в сфере аэропортов заключают договоры с потребителями регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов в соответствии с Типовым договором на услуги аэропортов, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 28 ноября 2003 года N 1194 "Об утверждении типовых договоров на предоставляемые услуги (товары, работы), относящиеся к сфере естественной монополии".
     7. Плата за регулируемые услуги (товары, работы) в сфере аэропортов не должна превышать размер, установленный уполномоченным органом.
      7-1. Субъект естественной монополии, оказывающий регулируемые услуги аэропортов при обращении потребителя представляет информацию о стоимости оказываемых регулируемых услуг в сфере аэропортов, порядке доступа к регулируемым услугам аэропортов.
       Сноска. Глава 3 дополнена пунктом 7-1 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).
      7-2. Обращения потребителей на получение регулируемых услуг аэропортов принимаются субъектами естественных монополий в сфере аэропортов на равных условиях, независимо от заявленных объемов.
       Сноска. Глава 3 дополнена пунктом 7-2 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).
      7-3. Навязывание условий доступа к регулируемым услугам аэропортов или совершение иных действий, ведущих к дискриминации потребителей данных услуг, запрещается.
       Сноска. Глава 3 дополнена пунктом 7-3 в соответствии с приказом Председателя Агентства РК по регулированию естественных монополий от 13.02.2009 N 42-ОД (порядок введения в действие см. п.5 ).
     8. Регулируемые услуги (товары, работы) в сфере аэропортов предоставляются всем потребителям в соответствии с требованиями к их качеству, установленными государственными органами в пределах их компетенции.
     9. Потребители регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов соблюдают:
     1) установленный технологический процесс предоставления регулируемых услуг (товаров, работ) в сфере аэропортов;
     2) установленные законодательством Республики Казахстан требования, в том числе технические, связанные с предоставлением им регулируемых услуг.

Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы N 104-НҚ Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3542. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012.03.27 № 53-НҚ (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3) тармақшасына және 13-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің   21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең жағдайлар беру ережесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Темір жол көлігі және порттар саласында реттеу мен бақылау департаменті (Ә.М.Жұмабаева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы және талдау департаменті (Е.М.Досмағамбет) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің назарына жеткізсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Н.Ш.Алдабергеновке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жария етілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға

      Келісілген
      Қазақстан Республикасы
      Көлік және коммуникация
      министрінің міндетін атқарушы

      2005 жылғы 30 наурыз

Қазақстан Республикасы    
Табиғи монополияларды реттеу 
агенттігі төрағасының    
2005 жылғы 25 наурыздағы  
N 104-НҚ бұйрығымен    
бекітілген       

Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар беру ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және әуежайлар саласында қызметтер көрсететін табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тұтынушылардың тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұйымдастыру тәртібі мен жалпы қағидаттарын айқындайды.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      2. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар барлық тұтынушылардың осы қызметтерге кемсітілмейтін қол жеткізуін білдіреді.

      3. Осы Ереже Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды ескере отырып, әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну жағдайларына қолданылмайды.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) тұтынушы - табиғи монополия және реттелетін нарық субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерін (тауарларын, жұмыстарын) пайдаланушы немесе пайдалануға ниеттенуші жеке немесе заңды тұлға;
      2) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      3) табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерi (тауарлары, жұмыстары) - табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектiсi ұсынатын және көрсетілетін қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгiлi бiр тауар беру түрiнде  ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкiлеттi органның мемлекеттiк реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);
      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған табиғи монополиялар салаларындағы мәндерде қолданылады.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

2. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге
тең жағдайлар берудің жалпы қағидаттары

      5. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайларды қамтамасыз ету мынадай қағидаттарға сүйене отырып, жүзеге асырылады:
      1) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол жетімділік;
      2) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) барлық тұтынушыларына қатысты бірыңғай тарифтік саясат жүргізу;
      3) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тізбесінің ақпараттық ашықтығы.

3. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін
қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тең қол
жеткізуді ұйымдастыру тәртібі

      6. Әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыларымен шарттарды "Табиғи монополия саласына жататын, ұсынылатын қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) арналған үлгі шарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы N 1194 қаулысымен бекітілген Үлгі шартқа сәйкес жасайды.

      7. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) үшін төлем уәкілетті орган белгілеген мөлшерден аспауға тиіс.

      7-1. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін табиғи монополия субъектісі тұтынушы өтініш жасаған кезде әуежайлар көрсететін саласында реттеліп көрсетілетін қызметтердің бағасы туралы ақпаратты, әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу тәртібімен ұсынады.
       Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      7-2. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтерін алу үшін тұтынушылардың өтініштерін әуежайлар саласындағы табиғи монополиялар субъектілері мәлімделген көлемдерге қарамастан тең жағдайларда қабылдайды.
       Ескерту. 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.
      7-3. Әуежайлардың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізу шарттарын күштеп таңу немесе осы қызметтерді тұтынушыларды кемсітуге алып келетін өзге әрекеттерді жасауға тыйым салынады.
       Ескерту. 7-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің 2009 жылғы 13 ақпандағы N 42-НҚ Бұйрығымен.

      8. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) олардың сапасына олардың құзыреті шегінде мемлекеттік органдар белгіленген технологиялық талаптарға сәйкес барлық тұтынушыларға ұсынылады.

      9. Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылар мыналарды:
      1) әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың белгіленген технологиялық процесін;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген, оның ішінде оларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты техникалық талаптарды сақтайды.