Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 наурыздағы № 53-НҚ бұйрығы

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 қазандағы № 943 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 21-бабының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (Р.Е. Сүлейменова):
      1) оны Заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат
құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды
реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының
назарына жеткізсін.
      3) бір апта мерзімде осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                            М. Оспанов

Қазақстан Республикасы
Табиғи монополияларды 
реттеу агенттігі   
төрағасының      
2012 жылғы 27 наурыздағы
№ 53-НҚ бұйрығына   
қосымша         

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі

      1) «Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 14 наурыздағы № 81-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3533 тіркелген, 2005 жылғы 10 желтоқсандағы № 51(259) «Ресми газетінде» жарияланған;
      2) «Аэронавигация саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының міндетін атқарушысының 2005 жылғы 14 наурыздағы № 81-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 15 қарашадағы № 291-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5015 тіркелген, 2007 жылғы 11 желтоқсандағы № 189 (1392) «Заң газетінде» жарияланған);
      3) «Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 95-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 наурызда № 3523 тіркелген, 2005 жылғы 20 қаңтар № 8-9(988-989) «Заң газетінде» жарияланған);
      4) «Су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелері саласында реттеліп көрсетілетін) қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 23 наурыздағы № 95-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 66-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 11  наурызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5586 тіркелген, 2009 жылғы 3 сәуір, № 49 (1472) «Заң газетінде» жарияланған);
      5) Газды немесе газ конденсатын сақтау, магистральдық және (немесе) бөлуші труба құбырлары арқылы тасымалдау, газ бөлуші қондырғыларды және олармен байланысты газ бөлуші газ құбырларын пайдалану саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 99-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3537 тіркелген, 2005 жылғы 9 шілдедегі № 28 (236) «Ресми газетінде» жарияланған);
      6) «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздағы № 100-НҚ бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3534 тіркелген, 2005 жылғы 9 шілдедегі № 28 (236) «Ресми газетінде» жарияланған);
      7) «Мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық труба құбырлары арқылы тасымалдау саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 наурыздагы № 100-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 14 қазандағы № 316-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5341 тіркелген, 2008 жылғы 31 қазандағы № 166 (1392), «Заң газеті» газетінде, 2008 жылғы 15 қарашадағы № 11 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      8) «Әуежайлар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы № 104-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 1 сәуірдегі № 3542 тіркелген, 2005 жыл 20 қаңтардағы № 8-9 (815) «Заң газетінде» жарияланған);
      9) «Порттар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 наурыздағы № 105-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3538 тіркелген, 2006 жыл 27 қаңтардағы № 13-14(820) «Заң газетінде» жарияланған);
      10) «Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 30 сәуірде № 3539 тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымдағы № 18 (227) «Ресми газетінде» жарияланған);
      11) «Жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу саласындағы
реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы № 113-НҚ бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3540 тіркелген, 2005 жылғы 7 мамырдағы № 19 (228) «Ресми газетінде» жарияланған);
      12) «Жылу энергиясын өндіру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 30 наурыздағы № 114-НҚ бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 31 наурызда № 3541 тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымдағы № 23 (232) «Ресми газетінде» жарияланған);
      13) «Электр энергиясын желіге босатуды техникалық диспетчерлеу және тұтыну жөнінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы міндетін атқарушының 2005 жылғы 12 сәуірдегі № 132-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 сәуірде № 3611 тіркелген, 2005 жылғы 4 маусымдағы № 21 (230) «Ресми газетінде» жарияланған);
      14) «Кірме жолдар саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2007 жылғы 7 желтоқсандағы № 321-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5117 тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2008 жылғы 10 маусым № 6 жарияланған);
      15) «Магистральдық темір жол желісінің саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2008 жылғы 11 маусымдағы № 177-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 шілдедегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5263 тіркелген, 2008 жылғы № 9 Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған);
      16) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 13 ақпандағы № 42-НҚ бұйрығы қосымшасының 4)5)6)9) және  10) тармақшалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 18 наурызда Нормативтік құқықтық, кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5595 тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуір, № 53 (1476) «Заң газетінде жарияланған);
      17) «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 24 ақпандағы № 61-НҚ бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 2 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5616 тіркелген, 2009 жылғы 17 сәуір № 57 (1480) «Заң газетінде» жарияланған);
      18) «Табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009 жылғы 26 ақпандағы № 67-НҚ бұйрығының 1-тамағының 2) және 3)тармақшалары (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 10 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5626 тіркелген, 2009 жылғы 1 мамыр № 65 (1488) «Заң газетінде» жарияланған). 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады