Об оказании социальной помощи на проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Караганды

Решение XVI сессии IV созыва Карагандинского городского маслихата от 24 декабря 2008 года N 172. Зарегистрировано Управлением юстиции города Караганды Карагандинской области 26 декабря 2008 года N 8-1-84. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 21 июня 2017 года N 171

      Сноска. Утратило силу решением Карагандинского городского маслихата от 21.06.2017 N 171 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 4 пункта 1 статьи 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и статьей 20 Закона Республики Казахстан "О льготах и социальной защите участников, инвалидов Великой Отечественной войны и лиц, приравненных к ним" от 28 апреля 1995 года, Карагандинский городской маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными решениями Карагандинского городского маслихата от 23.12.2010 N 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования); от 16.04.2012 N 31 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Обеспечить с 1 января 2009 года оказание социальной помощи на проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям граждан:

      1) получателям пенсий и пособий, размеры пенсий и пособий которых не превышают восемнадцати с половиной месячных расчетных показателей;

      2) получателям специальных государственных пособий, как лицам, приравненным по льготам и гарантиям к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны, не получающим пенсии и государственное социальное пособие;

      3) получателям государственных социальных пособий по инвалидности с детства, от трудового увечья, общего и профессионального заболевания;

      4) получателям специальных государственных пособий, как семьям погибших военнослужащих.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решениями Карагандинского городского маслихата от 23.12.2009 N 300 (порядок введения в действие см. в пункте 3); от 23.12.2010 N 440 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования).

      2. Определить социальную помощь на проезд ежемесячно в размере одного месячного расчетного показателя.

      3. Уполномоченному органу государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ города Караганды" (далее - Отдел):

      1) обеспечить назначение и выплату ежемесячной социальной помощи на проезд вышеуказанным категориям на лицевые счета по спискам Отдела согласно базе данных получателей пенсии и пособий; а лица, имеющие право на получение социальной помощи, не состоящие в списках Отдела, подают заявление с указанием номера лицевого счета получателя пенсии или пособия, открытого в организациях, имеющих соответствующую лицензию на осуществление банковских операций, согласно документам, подтверждающим в установленном порядке принадлежность лица к той или иной вышеуказанной категории, и банковскому поручению формы 190;

      2) заключить агентское соглашение с организациями, имеющими лицензию на осуществление банковских операции по зачислению сумм социальной помощи на проезд на лицевые счета граждан и их списанию в соответствии с банковским поручением формы 190;

      3) формировать ежемесячную потребность на выплату социальной помощи гражданам на основании актов сверки с перевозчиками, составленных по ведомостям выдачи документа на проезд;

      4) обеспечить ежемесячно предоставление списка умерших, выбывших и лишившихся права получателей социальной помощи на проезд в организации, имеющие соответствующие лицензии на осуществление банковских операций, для прекращения списания денежных средств и возвращения их на счет Отдела;

      5) произвести финансирование расходов на оказание ежемесячной социальной помощи на проезд за счет средств, предусмотренных по программе 007 "Социальная помощь отдельным категориям нуждающихся граждан по решению местных представительных органов".

      4. Признать утратившим силу решение XXVII сессии Карагандинского городского маслихата III созыва от 14 марта 2006 года N 4 "Об оказании социальной помощи на проезд на городском общественном транспорте (кроме такси) отдельным категориям граждан города Караганды" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов N 8-1-25, опубликовано в газете "Взгляд на события" в N 13 (129) от 5 апреля 2006 года).

      5. Контроль за исполнением данного решения возложить на постоянную комиссию по вопросам труда, развития социальной сферы и социальной защиты населения (председатель Мухтаров Жандил Ахуанович).

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными решением Карагандинского городского маслихата от 16.04.2012 N 31 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2009 года.

Председатель очередной


ХVI сессии Карагандинского


городского маслихата IV созыва

В. Долинский

Секретарь Карагандинского


городского маслихата

К. Бексултанов

Согласовано:


Начальник


государственного учреждения


"Отдел занятости и социальных


программ города Караганды"

М. Кусаинова


Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған ХVІ сессиясының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 172 шешімі. Қарағанды облысы Қарағанды қаласы Әділет басқармасында 2008 жылғы 26 желтоқсанда N 8-1-84 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 171 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.04.16 N 31 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімдерімен.

      1. 2009 жылдың 1 қаңтарынан қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге азаматтардың келесі санаттары әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілсін:

      1) зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері он сегіз жарым айлық есептік көрсеткіштен аспайтын зейнетақы мен жәрдемақы алушылар;

      2) зейнетақы мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алмайтын, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар;

      3) бала кезінен, еңбектік зақымдануға, жалпы және кәсіптік сырқатқа байланысты мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

      4) қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы ретінде арнайы мемлекеттік жәрдемақы алушылар.

      Ескерту. 1 тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2009.12.23 N 300 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз); 2010.12.23 N 440 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қалалық қоғамдық көліктерде жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмек тағайындалсын.

      3. Уәкілетті орган "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім):

      1) Бөлім тізімдеріндегі жеке шоттарға жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша жүруге ай сайынғы әлеуметтік көмекті тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін, ал бөлім тізімінде тұрмаған, бірақ әлеуметтік көмек алуға құқығы бар тұлғалар жоғарыда көрсетілген санаттардың қайсыбіріне жататынын растайтын құжаттарға және 190 формадағы банк тапсырмасына сәйкес банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиясы бар ұйымдарда ашылған зейнетақы мен жәрдемақы алушының жеке шотын көрсетумен өтініш білдіреді;

      2) азаматтардың жеке шоттарына әлеуметтік көмек сомаларын есепке алу және оларды 190 формадағы банк тапсырмасына сәйкес шығынға шығару бойынша банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдармен агенттік келісім жасассын;

      3) жолақы құжаттарын беру ведомостары бойынша құрастырылған тасымалдаушылармен тексеру актісінің негізінде азаматтардың әлеуметтік көмек төлеуге ай сайынғы қажеттілігін қалыптастырсын;

      4) ақшалай қаражатты шығынға жазуды тоқтату және оларды бөлім шотына қайтару үшін жолақыға әлеуметтік көмек алушылар арасындағы қайтыс болғандар, шығып кеткендер мен құқығынан айырылғандардың тізімін банк операцияларын жүзеге асыруға тиісті лицензиялары бар ұйымдарға ай сайын беруді қамтамасыз етсін;

      5) 007 "Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек" бағдарламасы бойынша қарастырылған қаржы есебінен ай сайынғы әлеуметтік көмек шығындарын қаржыландыру жүргізілсін.

      4. ІІІ шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2006 жылғы 14 наурыздағы ХХVІІІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктердерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 4 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген N 8-1-25, 2006 жылғы 5 сәуірдегі N 13 (129) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және халықты әлеуметтік қорғау бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрағасы Мұқтаров Жанділ Ахуанұлы).

      Ескерту. 5 тармаққа өзгеріс енгізілді - Қарағанды қалалық мәслихатының 2012.04.16 N 31 (алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.

      6. Осы шешім 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

IV шақырылған Қарағанды


қалалық мәслихаттың кезекті


ХVI сессиясының төрағасы

В. Долинский

Қарағанды қалалық мәслихат хатшысы

Қ. Бексұлтанов

Келісілді:


"Қарағанды қаласының


жұмыспен қамту және әлеуметтік


бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің бастығы

М. Құсаинова