Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына және Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 172 шешіміне өзгеріс енгізілсін (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған):
1 тармағының 1 тармақшасындағы "он үш" сөзі "он бес" сөзімен ауыстырылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.
ІV шақырылған Қарағанды | |
қалалық мәслихатының кезекті | |
XХVІІІ сессиясының төрағасы | Ж. Мұхтаров |
Қарағанды қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Қ. Бексұлтанов |
Келісілді: | |
"Қарағанды қаласының жұмыспен | |
қамту және әлеуметтік бағдарламалар | |
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы | М. Құсаинова |