IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 172 шешіміне өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды қалалық мәслихатының IV шақырылған XLIII сессиясының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы N 440 шешімі. Қарағанды қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 27 желтоқсанда N 8-1-122 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2017 жылғы 21 маусымдағы № 171 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды қалалық мәслихатының 21.06.2017 № 171 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20 бабына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы XVI сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 172 шешіміне (бұдан әрі – Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-84 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 23 желтоқсандағы XXVIII сессиясының "IV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Қарағанды қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көліктерде (таксиден басқа) жүруге әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 172 шешіміне өзгеріс енгізу туралы" N 300 шешімімен өзгертулер енгізілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-108 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 140 (604) "Взгляд на события" газетінде жарияланған) өзгертулер енгізілсін:

      1) Шешімнің кіріспесіндегі ", Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13 бабына" сөздері алынып тасталсын;

      2) Шешімнің 1 тармағының 1 тармақшасындағы "он бес" сөзі "он сегіз жарым" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

ІV шақырылған Қарағанды


қалалық мәслихатының кезекті


XLIII сессия төрағасы

Ш. Осин

Қарағанды қалалық


мәслихатының хатшысы

Қ. Бексұлтанов

Келісілді:


"Қарағанды қаласының жұмыспен


қамту және әлеуметтік бағдарламалар


бөлімі" мемлекеттік мекемесінің


бастығы

Ж. Ысқаков


      23.12.2010 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады