О внесении изменений и дополнений в решение городского маслихата от 28 мая 2007 года N 37/323 "О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям граждан"

Решение Маслихата города Актау Мангистауской области от 23 декабря 2008 года за N 15/141. Зарегистрировано Управлением юстиции города Актау Департамента юстиции Мангистауской области от 25 декабря 2008 года за N 11-1-101. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 12 декабря 2013 года № 16/155

      Сноска. Утратило силу решением Актауского городского маслихата Мангистауской области от 12.12.2013 № 16/155.

      В соответствии с подпунктом 4 пункта 1 статьи 53 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, постановлением акимата Мангистауской области от 28 февраля 2008 года N 164 "Об отдельных видах социальной помощи социально- защищаемым категориям граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 28 марта 2008 года за N 2007) и решением городского маслихата от 13 декабря 2007 года N 5/34 "О городском бюджете на 2008 год" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 26 декабря 2007 года за N 11-1-72, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 27 декабря 2007 года N 217-218), городской маслихат РЕШИЛ :

      1. Внести в решения городского маслихата от 28 мая 2007 года N 37/323 "О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 11-1-57, опубликовано в газете "Огни Мангистау" от 14 июля 2007 года N 127), от 1 апреля 2008 года N 7/68 "О внесении изменений в решение городского маслихата от 28 мая 2007 года N 37/323 "О назначении и оказании социальных выплат отдельным категориям граждан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за N 11-1-81, опубликовано в газете "Огни Мангистау" N 76-77 от 15 мая 2008 года), следующие изменения и дополнения:

      в приложении 1 к указанному решению:

      в пункте 8 слова "семьи погибших воинов в афганской войне" изложить в следующей редакции "семьи военнослужащих, погибших (пропавших без вести) или умерших вследствие ранения, контузии, увечья, заболевания, полученных в период боевых действий в Афганистане";

      в пункте 11 слова "инвалиды 1 и 2 группы, получатели специального государственного пособия и дети-инвалиды до 16 лет" изложить в следующей редакции "инвалиды всех групп, инвалиды с детства, дети-инвалиды, получатели специальных государственных пособий по инвалидности";

      в пункте 12 слова "Получатели государственного социального пособия по утере кормильца" изложить в следующей редакции: "Получатели государственных социальных пособий по потере кормильца (на детей)";

      дополнить пунктами 14 и 15 следующего содержания:

      "14. Ко Дню Победы (9 мая) – иные категории из числа лиц, приравненных по льготам и гарантиям к инвалидам Великой Отечественной войны";

      "15. Ко Дню Победы (9 мая) – иные категории из числа лиц, приравненных по льготам и гарантиям к участникам Великой Отечественной войны".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

Председатель сессии                  Секретарь городского
                                     маслихата

      Ы.Кушербай                     Ж. Матаев

"СОГЛАСОВАНО":
Начальник ГУ "Актауский
городской отдел занятости
и социальных программ"
_________________ К.Айтбатырова

23 декабря 2008 года

Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2008 жылғы 23 желтоқсандағы N 15/141 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінің Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2008 жылғы 25 желтоқсанда N 11-1-101 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына, Маңғыстау облысы әкімдігінің 2008 жылғы 28 ақпандағы  N 164"Азаматтардың әлеуметтік қорғалатын санаттарына әлеуметтік көмектердің жекелеген түрлері туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2008 жылдың 28 наурызында N 2007 болып тіркелген) және қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 5/34 "2008 жылға арналған қалалық бюджет туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2007 жылдың 26 желтоқсанында N 11-1-72 болып тіркелген, 2007 жылы 27 желтоқсандағы N 213-214 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-57 болып тіркелген, 2007 жылғы 14 шілдедегі N 121- 122 "Маңғыстау" газетінде жарияланған), 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 7/68 "Қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 28 мамырдағы N 37/323 "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 11-1-81 болып тіркелген, 2008 жылғы 15 мамырдағы N 74-75 "Маңғыстау" газетінде жарияланған) шешімдеріне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      осы шешімнің 1 қосымшасында:

      8 тармақтағы "Афған соғысында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің отбасы" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезінде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасы";

      11 тармақтағы "Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1 және 2 топ мүгедектері және 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Барлық топтағы мүгедектер, бала кезден мүгедектер, мүгедек балалар және мүгедектігі бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар";

      12 тармақтағы "Асыраушысынан айырылуына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар" деген сөздер мынадай редакцияда жазылсын: "Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар (балаларға)";

      Мынадай мазмұндағы 14 және 15-тармақтарымен толықтырылсын:

      "14. Жеңіс Күніне (9 мамыр) – жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдардың басқа да санаттары";

      "15. Жеңіс Күніне (9 мамыр) – жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттары".

      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                         Ы.Көшербай

      Қалалық мәслихат хатшысы                Ж. Матаев

      "КЕЛІСІЛДІ":
      "Ақтау қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" ММ-нің бастығы
      _________________ К.Айтбатырова
      2008 жылы 23 желтоқсан