Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдерді тағайындау және көрсету туралы

Күшін жойған

Маңғыстау облысының Ақтау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырда N 37/323 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаменті Ақтау қаласының Әділет басқармасында 2007 жылғы 4 шілдеде N 11-1-57 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 16/155 шешімімен

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012.09.12  № 6/61 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Ақтау қалалық мәслихатының 2007 жылғы 28 мамырдағы № 37/323 шешімінің қолданысы 2013 жылдың 28 наурызына дейін тоқтатылды - Ақтау қаласы мәслихатының 2013 жылғы 28 ақпандағы № 9/102 шешімімен.
      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 12.12.2013 № 16/155 шешімімен.

 
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару туралы»«Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және оларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы»«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы даталарына әләуметтік төлемдерді 1 қосымшаға сәйкес келесі азаматтардың жекелеген санаттарына белгіленсін.

      2. Алынып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Алынып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      4. Әлеуметтік төлем тағайындау, төлеу бойынша Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі уәкілетті орган болып табылады (бұдан әрі – уәкілетті орган).

      5. Әлеуметтік төлемдердің есебін жүргізу, контингентті толықтай қамтылғандығына бақылау жүргізу және қаржыны уақтылы аудару уакілетті органға жүктеледі.

      6. Уәкілетті орган қызметкерлері зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы Манғыстау облыстық филиалымен әлеуметтік төлемдер алушылар құрамына ай сайынғы салыстыру жүргізеді және дербес іс қағаздары бойынша әлеуметтік төлем тағайындайды.

      7. Алушының дербес іс қағаздары тапсырылған құжаттарға байланысты жасақталады, уәкілетті органда сақталып, әлеуметтік төлемнің тағайындалғандығы және аударылғандығы туралы жыл сайынғы мәліметтермен толықтырылып тұрады.

      8. Әлеуметтік төлем уәкілетті органмен алушының мекен-жайы бойынша есеп шотына аударылады.

      9. Әлеуметтік төлем алушылар тапсырылған құжаттардың дұрыстығына жауапкершілік алады.

      10. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
      Сессия төрағасы              Қалалық мәслихат хатшысы
      К. Қорғанбекова                       Ж. Матаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қалалық жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы __________ Айтбатырова К.М.
      «____»_____________2007 жыл

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 1 қосымша

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне және атаулы даталарына әлеуметтік төлемді алуына құқығы бар азаматтардың жекелеген санаттары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.09.12  № 6/61 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.



Қазақстан Республикасының мемле кеттік мерекелері мен атаулы даталары Әлеуметтік көмек алушы азаматтардың санаттары Әлеуметтік көмектің мөлшері Төлеу мерзім ділігі

1

Жеңіс күніне
( 9 мамыр)

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері

100 мың теңге

Жылы
на бір рет

2

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар

60 мың

теңге

Жылына бір
рет

3

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жағынан Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар

50 мың

теңге

Жылына бір рет

4

Ұлы Отан соғысы жылдарында қайтыс болып кеткен жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері

40 мың

теңге

Жылына бір рет

5

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен, медальдерімен наградталған адамдар және 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында 6 айдан кем емес жұмыс істегендері туралы мұрағаттық анықтамасында немесе еңбек кітапшасында жазбасы бар тыл еңбеккерлеріне

10 мың теңге

Жылына бір рет



6

Жеңілдіктері мен кепілдіктері жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары (қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізген адамдардың «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезінде зақым алуының нәтижесінде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетіндерінен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екінші рет некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері), Чернобыль АЭС апатын жоюға 1988-1989 жылдары қатысушыларын қоспағанда )

10 мың

теңге

Жылына бір рет

7

1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқандарға

20 мың теңге

Жылына бір рет

8

Конституция күніне

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік арнаулы жәрдемақы алушылар (балаларға)

2 айлық есептік көрсеткіш

Жылына бір рет

9

Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012.09.12 № 6/61

10

Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012.09.12 № 6/61

11

Алынып тасталды - Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2012.09.12 № 6/61

12

Мүгедектер күніне

Барлық топтағы мүгедектер, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

2 айлық
есептіккөрсеткіш

Жылына бір рет

(қазан)

13

Қарттар күніне

70 жастан асқан жалғызілікті зейнеткерлер

2
айлық
есептіккөрсеткіш

Жылына бір рет қазан)

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміміне 2 қосымша

Азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік төлемдердің түрлері

      Ескерту. 2-қосымша алынып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Қалалық мәслихаттың
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 37/ 323 шешіміне 3 қосымша

Әлеметтік төлемдердің түрлері, мерзімі және азаматтардың жекелеген санаттары

      Ескерту. 3-қосымша алынып тасталды - Ақтау қалалық мәслихатының 2011.04.27 № 42/386 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады