Об утверждении минимального размера резервного капитала банков второго уровня

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 28 августа 2009 года № 196. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 октября 2009 года № 5805. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 мая 2013 года № 137

      Сноска. Постановление утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.05.2013 № 137 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", подпунктом 3 статьи 10 Закона Республики Казахстан от 4 июля 2003 года "О государственном регулировании и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентства) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить минимальный размер резервного капитала для банков второго уровня (далее - банк) в сумме не менее суммы:
      фактического резервного капитала, сформированного за предыдущий отчетный период;
      части нераспределенного чистого дохода банка до выплаты дивидендов по простым акциям, равной произведению нераспределенного чистого дохода банка до выплаты дивидендов по простым акциям на отношение прироста активов и условных обязательств, подлежащих классификации, за предыдущий год к величине активов и условных обязательств, подлежащих классификации, по состоянию на начало предыдущего года, но не менее 0,1 и не более 1.
      В случае, если величина активов и условных обязательств, подлежащих классификации, на начало предыдущего года равна 0, то величина отношения прироста активов и условных обязательств, подлежащих классификации, за предыдущий год к величине активов и условных обязательств, подлежащих классификации, по состоянию на начало предыдущего года принимается как прирост активов и условных обязательств, подлежащих классификации, за предыдущий год.
      В случае, если нераспределенный чистый доход банка до выплаты дивидендов по простым акциям составляет отрицательную величину (чистый убыток), то для целей расчета минимального размера резервного капитала величина нераспределенного чистого дохода банка до выплаты дивидендов принимается как значение 0.
      Для целей настоящего постановления активы и условные обязательства, подлежащие классификации, определяются в соответствии с постановлением Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 декабря 2006 года № 296 "Об утверждении Правил классификации активов, условных обязательств и создания провизии (резервов) против них" (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан 20 марта 2007 года под № 4580).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением Правления АФН РК от 31.01.2011 № 8 (вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его гос. регистрации в МЮ РК).
      2. Требования к минимальному размеру резервного капитала банка,
установленные абзацем вторым пункта 1 настоящего постановления,
применяются к АО "Жилищный строительный сберегательный банк
Казахстана" с 1 января 2011 года, при этом фактический резервный капитал банка по состоянию на 1 января 2011 года составляет не менее двух процентов от активов и условных обязательств, подлежащих классификации.
      Расчет минимального размера резервного капитала АО "Жилищный строительный сберегательный банк Казахстана" в 2009 году осуществляется в соответствии с абзацем третьим пункта 1 настоящего постановления.
      3. Требования к минимальному размеру резервного капитала банка,
установленные абзацем вторым пункта 1 настоящего постановления,
применяются к банкам, созданным после 1 января 2007 года, с четвертого года их деятельности, при этом по истечению указанной даты фактический резервный капитал банка должен составлять сумму в размере не менее двух процентов от активов и условных обязательств, подлежащих классификации.
      Расчет минимального размера резервного капитала банков, созданных после 1 января 2007 года, осуществляется в 2009 году в соответствии с абзацем третьим пункта 1 настоящего постановления.
      4. Признать утратившим силу нормативные правовые акты, согласно
приложению к настоящему постановлению.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении
десяти календарных дней со дня его государственной регистрации в
Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      6. Департаменту стратегии и анализа (Абдрахманов Н.А.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      7. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Кожахметова К.Б.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Приложение            
к постановлению Правления Агентства
Республики Казахстан по регулированию
и надзору финансового рынка    
и финансовых организаций     
от 28 августа 2009 года № 196  

Перечень
нормативных правовых актов, признаваемых утратившими силу

      1. Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года № 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 1169).
      2. Подпункт 2) пункта 1 постановления Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 25 октября 2004 года № 304 "О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам регулирования и надзора финансового рынка и финансовых организаций" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 3236).
      3. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 30 ноября 2007 года № 256 "О внесении изменения и дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года № 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5080).
      4. Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 27 февраля 2009 года № 32 "О внесении дополнения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 26 февраля 2000 года № 70 "О минимальном размере резервного капитала банков второго уровня" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5627).

Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 196 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 1 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5805 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.05.2013 № 137 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 43-бабының 1-тармағына, "Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 10-бабының 3-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі -Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банк) үшін резервтік капиталдың барынша төмен мөлшері мына сомадан төмен емес сомада белгіленсін:
      алдыңғы есепті кезеңінде қалыптастырылған нақты резервтік капитал;
      банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісінің және алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелерінің мөлшеріне қатынасының көбейтіндісіне тең болатын банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейінгі бөлінбеген таза кірісінің бір бөлігі, бірақ 0,1-ден кем емес және 1-ден көп емес.
      Егер жіктелуге жататын активтердің және шартты міндеттемелердің шамасы алдыңғы жылдың басында 0 тең болса, онда алдыңғы жылдың жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелері өсімінің алдыңғы жылдың басындағы жағдай бойынша жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің шамасына қатынасының шамасы алдыңғы жылғы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің өсімі деп алынады.
      Егер банктің жай акциялар бойынша дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісі теріс шаманы (таза шығын) көрсетсе, онда резервтік капиталдың барынша төмен мөлшерін есептеу мақсатында банктің дивидендтерді төлегенге дейін бөлінбеген таза кірісінің шамасының мәні 0 деп алынады.
      Осы қаулының мақсаттары үшін жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелер Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 желтоқсандағы N 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 20 наурызда N 4580 тіркелген) сәйкес анықталады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2011.01.31 № 8 (мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      2. Осы қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген банктің резервтік капиталының барынша төменгі мөлшеріне қойылатын талаптар "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-на 2011 жылғы 1 қаңтарынан бастап қолданылады, бұл ретте банктің 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша нақты резервтік капиталы жіктелуге жататын активтері мен шартты міндеттемелерінің кем дегенде екі пайызын құрайды.
      "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ-ның резервтік капиталының барынша төмен мөлшерін есептеу 2009 жылы осы қаулының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Осы қаулының 1-тармағының екінші абзацында белгіленген банктік резервтік капиталының барынша төмен мөлшеріне қойылатын талаптар 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылған банктерге олардың қызметінің төртінші жылынан бастап қолданылады, бұл ретте көрсетілген күні өткен соң банктің нақты резервтік капиталы жіктелуге жататын активтер мен шартты міндеттемелерінің екі пайызынан кем емес мөлшеріндегі соманы құрауы тиіс.
      2007 жылғы 1 қаңтардан кейін құрылған банктердің резервтік капиталдың барынша төмен мөлшерін есептеу 2009 жылы осы қаулының 1-тармағының үшінші абзацына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
      5. Стратегия және талдау департаменті (Н.А. Әбдірахманов):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
      6. Агенттік Төрайымының қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымның орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.

      Төрайым                                            Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасы 
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен   
қадағалау агенттігі    
Басқармасының    
2009 жылғы 28 тамыздағы
N 196 қаулысына қосымша

Күші жойылды деп танылған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1169 тіркелген)
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысының 1 тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген)
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" N 70 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2007 жылғы 30 қарашадағы N 256 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5080 тіркелген).
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы" 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысына толықтыру енгізу туралы" 2009 жылғы 27 ақпандағы N 32 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5627 тіркелген).