Екінші деңгейдегі банктердің резервтік капиталының ең аз мөлшері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк басқармасының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 70 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 24 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1169. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 28 тамыздағы N 196 қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.28 N 196 қаулысымен.

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүддесін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы Қаулы етеді:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай жіктелуге жататын банктердің несие портфелінің 2 пайызынан кем емес сомада екінші деңгейдегі банктер үшін резерв капиталының барынша төмен мөлшері белгіленсін.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30 N 256 (2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді) Қаулысымен.
       1-1. Осы қаулының 1-тармағында белгіленген резервтік капиталдың барынша төмен мөлшері тұрғын үй құрылыс жинақ банктеріне - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін таралмайды.
       Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2009.02.27. N 32 Қаулысымен.
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енгiзiлсiн.
      3. Банктердi қадағалау департаментi (Мекішев А. А.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап екi апта мерзiмде осы қаулы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық филиалдарына және екiнші деңгейдегi банктерге жiберсiн.
      4. Халықаралық қатынас және жұртшылықпен байланыс басқармасы осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайтын болсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

"Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі Басқармасының 2000 жылғы  
26 ақпандағы "Екінші деңгейдегі 
банктердің резервтік капиталының 
ең аз мөлшері туралы"      
N 70 қаулысына          
қосымша              

      Ескерту: Қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2007.11.30 N 256 (2008 жылғы 1 мамырда қолданысқа енеді) Қаулысымен.

      Банктердің несие портфелі мыналардан қалыптасады:
      1. Басқа банктерге берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) овернайт;
      3) ұзақ мерзімді;
      2. Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) ұзақ мерзімді;
      3. Клиенттерге берілген заемдардан:
      1) қысқа мерзімді;
      2) ұзақ мерзімді;
      4. Овердрафт заемдарынан:
      1) басқа банктердің корреспонденттік шоттар бойынша;
      2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға берілген;
      3) клиенттерге берілген;
      5. Қаржы лизингінен:
      1) басқа банктерге;
      2) банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға;
      3) клиенттерге;
      6. Клиенттер факторингінен, форфейтингінен;
      7. Кредиттік карточкалар бойынша шоттардан;
      8. Клиенттердің ескерілген векселдерінен;
      9. Клиенттердің басқа заемдарынан;
      10. Бағалы қағаздармен "Кері РЕПО" операцияларынан;
      11. Осы қосымшаның 1-9-тармақтарында көзделген кредит (заем) бойынша мерзімі өткен берешектен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады