О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 23 июля 2010 года № 370. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 23 августа 2010 года № 6409. Утратил силу приказом Министра финансов Республики Казахстан от 23 декабря 2011 года № 653

      Сноска. Утратил силу приказом Министра финансов РК от 23.12.2011 № 653.

      В соответствии с подпунктом 11) пункта 5 статьи 20 Закона Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и в реализацию пункта 2 постановления Правительства Республики Казахстан от 26 мая 2010 года № 476 "Об утверждении стандартов оказания государственных услуг в области бухгалтерского учета и аудита" ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 мая 2007 года № 183 "Об утверждении Правил аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4742, опубликован в газете "Юридическая газета" от 27 июля 2007 года № 114 (1317)), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах аккредитации профессиональных организаций бухгалтеров и организаций по профессиональной сертификации бухгалтеров, утвержденных указанным приказом:
      в пункте 3:
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      "2) оригиналы и копии следующих документов: устава и свидетельства о государственной регистрации и о присвоении регистрационного номера налогоплательщика (нотариально заверенные копии этих документов в случае непредставления оригинала для сверки);";
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "После сверки оригиналы возвращаются заявителю в течение двух рабочих дней со дня приема документов.";
      в пункте 4:
      подпункт 2) изложить в следующей редакции:
      "2) оригиналы и копии следующих учредительных документов: устава, в котором одним из основных видов деятельности предусматривается деятельность в качестве организации по профессиональной сертификации бухгалтеров, свидетельства о государственной регистрации и свидетельства о присвоении регистрационного номера налогоплательщика (нотариально заверенные копии этих документов в случае непредставления оригинала для сверки);";
      дополнить абзацем следующего содержания:
      "После сверки оригиналы возвращаются заявителю в течение двух рабочих дней со дня приема документов.".
      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета, аудиторской деятельности Министерства финансов Республики Казахстан (Тулеуов А.О.) обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан и его последующее официальное опубликование в установленном законодательством порядке.
      3. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр                                    Б. Жамишев

"Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 23 шілдедегі № 370 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 23 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6409 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 23 желтоқсандағы № 653 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.23 № 653 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасына сәйкес және «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 қаулысының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 183 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4742 тіркелген, «Заң газетасы» атты газетада 2007 жылғы 27 шілдедегі № 114 (1143) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлердiң кәсiби ұйымдарын және бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу ережесiнде:
      3-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: жарғы және мемлекеттiк тiркелгенi туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен статистикалық карточкасы берiлгенi туралы куәлiктер (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері);»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.»;
      4-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) мына құрылтайшы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етiп көзделген жарғы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiк, статистикалық карточка (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған көшірмелері);»;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудиторлық қызмет әдіснамасы департаменті (А.О. Төлеуов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол алғаш жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев