Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2011.12.23 № 653 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.
"Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Ұсынылып отырған Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
Министр |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығымен бекітілді |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарын (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) аккредиттеу және аккредиттеуден айыру жүргізу тәртібін белгілейді.
2. Аккредиттеуден Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың заңдылығын уәкілетті органның ресми тануы мақсатында кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар өтеді.
2. Аккредиттеу рәсімін жүргізу тәртібі
3. Кәсіби ұйымдар оларға аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:
1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мына құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: жарғы және мемлекеттiк тiркелгенi туралы, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi мен статистикалық карточкасы берiлгенi туралы куәлiктер (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда нотариалды расталған көшірмелері);
3) ұйым жарғысына сәйкес бекітілген халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін және оның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылатын Этика кодексі.
4) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрамы туралы мәлімет;
5) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлімет;
6) өз мүшелерінің біліктілігін ұдайы арттыру жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар.
4)-6) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.
Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.07.23 № 370 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.4. Сертификаттау жөніндегі ұйымдар оларды аккредиттеуден өткізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мына құрылтайшы құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсiби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет етiп көзделген жарғы, мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiлгенi туралы куәлiк, статистикалық карточка (осы құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған көшірмелері);
3) осы Ережеге 4, 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымдар жұмыс органдарының құрылымы, бар-жоғы, материалдық-техникалық жарақтарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
4) осы тармақшада көрсетілген пәндер бойынша оқудан тәуелсіз емтихандық жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар, оның ішінде:
кәсіби бухгалтерді сертификаттау жөніндегі емтихандарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы бекітілген ереже мыналардың көрсетілуімен:
тест сұрақтары мен ахуалдық міндеттерді қамтитын емтихандық модульдердің құрылымы;
сертификаттау пәндері бойынша емтихандардың ұзақтығы;
кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың жұмыстарына тексерулер жүргізу мерзімдерін;
кандидат нәтижені бекіткен күннен бастап келесі үш жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Қаржылық есептiлiктiң халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша, нәтижені бекіткен күннен бастап келесі бес жылдың ішінде ғана жарамды деп танылатын "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша оң нәтиже алуы;
жекелеген пәндер бойынша үш жылдың ішінде қатарынан үш реттен астам теріс нәтиже алған кезде қайта толық оқудан өтуі;
кәсіби бухгалтерлікке кандидаттардың құқықтары, міндеттері мен жауапкершіліктері;
осы Ережеге 4-2-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) төрағасының, оның мүшелерінің, тәуелсіз бақылаушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін және оның құрамын көрсете отырып, комиссия туралы бекітілген ереже;
комиссияның (кеңестің) арызы мен шешімін қарау мерзімін, нысанын белгілей отырып, емтихандардың нәтижелері бойынша апелляциялық комиссияның (кеңестің) құрамын, арыздарды беру мерзімін және арыздарды сотқа дейін қарауды жүргізу тәртібін көрсете отырып, ол туралы бекітілген ереже;
осы Ережеге 4-3-қосымшаға сәйкес оқытушылар туралы мәліметтер;
кандидаттарды сертификаттау жөніндегі күндізгі оқыту түрі бойынша, осы Ережеге 4-4-қосымшаның талаптарына сәйкес емтихандарды тапсыру үшін қажетті мынадай пәндерді қамтитын бекітілген бағдарламалары:
"Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп",
"Салық және салық салу",
"Азаматтық құқық";
үш жылдық кезеңге пәндер бойынша емтихандар өткізудің бекітілген кестесі. Емтихандарды өткізу осы Ереженің 10-2-тармағының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады;
5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік заңнамасын шолуды қамтитын және мыналардың болуын растайтын:
"Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп" пәні бойынша кемінде 200 тест сұрақтары мен 100 міндеттен, осы Ережеге 4-5-қосымша бойынша тақырыптар тізбесіне сәйкес әрбір ХҚЕС бойынша кемінде бір міндеттен тұратын емтихандық модульдер; "Салық және салық салу" және "Азаматтық құқық" пәндері бойынша - осы Ережеге 4-6 және 4-7-қосымшалардың тақырыптар тізбесіне сәйкес кемінде 500 міндет және/немесе тест сұрақтары;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында және/немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеріс болған жағдайда емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңартып отыру;
6) кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттау бағдарламасы бойынша дәріс курстары мен практикалық курстарға (есеп жинақтары) шолуларды қамтитын бекітілген материалдар;
7) осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес кәсіби бухгалтерлікке кандидат сертификатының жобасы.
3)-7) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.
Салыстырғаннан кейін түпнұсқалар құжатты қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне қайтарылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350, өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2010.07.23 № 370 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрықтарымен.4-1. Кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар емтихандық комиссия мүшелерін қабылдау (кету, шығару) жағдайларында бұл өзгерістер туралы 15 жұмыс күні ішінде уәкілетті органды хабардар етулері тиіс.
Ескерту. 4-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.4-2. Өз қызметтерін жүзеге асыру үшін кәсіби ұйымдар және кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеу туралы куәлігінің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейінгі 3 ай алдын осы Ережеде белгіленген тәртіппен құжаттарын уәкілетті органға ұсынады.
Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.5. Сертификаттау (өтініш қабылдаған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау бойынша кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құжаттарын қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.
6. Уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) өтініштерді қарау қорытындылары бойынша кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды әзірлейді. Уәкілетті орган кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден дәлелденген бас тартуы туралы шешім қабылдайды.
7. Егер кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай талаптардың кем дегенде бірін орындамаса, уәкілетті орган аккредиттеуден дәлелденген бас тартуды енгізе алады:
1) кәсіби ұйымдар:
осы Ереженің 3-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесін ұсынбаса;
ұсынылған құжаттардың расталмағаны белгілі болса;
Қазақстан Республикасын заңнамаларының талаптарына сәйкес келмесе.
2) сертификаттау жөніндегі ұйымдар:
осы Ереженің 4-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған;
ұсынылған құжаттардың расталмағаны белгілі болса;
емтихандық модулдер мен оқу бағдарламаларының мазмұны қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жауап бермесе;
заңсыз, авторлық және сабақтас құқық бұзушылықпен, сертификаттау жөніндегі емтихан модульдерін толық және пәндер бойынша қолдану;
Қазақстан Республикасын заңнамаларының талаптарына сәйкес келмесе.
Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар аталған бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтініш осы ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен қаралады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.8. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұйрықтарға уәкілетті орган басшысы немесе уәкілетті орган басшысы айқындайтын лауазымды тұлға қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.
Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы бұйрықтың негізінде уәкілетті орган тиісті куәлікті береді.
9. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші бар.
Кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік Ереженің
6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге беріледі.
Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге беріледі.
10. Куәлік бланктерінде бағалы қағаз деңгейіндегі қорғаныш дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериялық номері бар және қатал есептіліктегі құжат болып табылады. Құрылымдық бөлімше кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің бланктерін даярлауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.
10-1. Аккредиттеу туралы куәлігі берілген сәттен бастап, алты ай өткеннен соң сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара іс-қимылдары туралы келісімді ұсынады, оның ішінде мынадай мазмұнды қамтитын:
кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық модульдер мен сертификаттау жөніндегі бағдарламаларды жаңарту кезінде қатысуы;
кәсіби ұйым мүшелерінің емтихандық процесте, оның ішінде комиссия құрамында, бақылаушы болып қатысуы;
кәсіби ұйым мүшелерінің апелляциялық комиссия құрамында қатысуы.
Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.10-2. Кәсіби бухгалтерлікке кандидаттарды сертификаттауды сертификаттау жөніндегі ұйым бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен келісім жасасқан сәтінен бастап жүзеге асырады.
Ескерту. 10-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.10-3. Тестілік сұрақтар және жағдайларға байланысты есептер мерзімдік баспа беттерінде және/немесе сертификаттау жөніндегі ұйымдардың web-сайттарында олардың мерзімдік жаңартылуымен жарияланады.
Ескерту. 10-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.11. Егер кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай талаптардың кем дегенде бірін орындамаса, уәкілетті орган
1) кәсіби ұйымдарға:
осы Ережелерді сақтамаған;
осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік берген сәттен бастап бір жылдың өтуі бойынша кәсіби ұйымның құрамындағы кәсіби бухгалтерлердің саны туралы расталмаған мәліметтер берген;
2) сертификаттау жөніндегі ұйымдарға:
осы Ережелерді сақтамаған;
аккредиттеу туралы куәлік берілген сәттен бастап, алты ай өтуі бойынша бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара әрекеті туралы келісімі болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы шешім қабылдайды.
12. Аккредиттелген кәсіби ұйым мен сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігін уәкілетті орган басшысы мынадай жағдайда алып қоюды, егер:
1) кәсіби ұйым аккредиттелген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде екі адамды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Консультативтік орган құрамына өз өкілдерін жібермесе;
2) соңғы үш жылдың ішінде аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (үш реттен көп) бұзса;
3) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;
4) уәкілетті орган жасаған немесе әкімшілік жаза қолданған себептерді екі айдың ішінде жоймаса.
13. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті алып қою туралы шешім шығарған сәттен бастап, кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым он күнтізбелік күн ішінде куәлікті қайтаруға тиіс.
14. Кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым сот тәртібімен уәкілеттік органның аккредиттеу куәлігі туралы шешіміне шағым жасауға құқылы.
15. Кәсіби ұйымның және сертификаттау жөніндегі ұйымның атауы (соның ішінде, ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда ол туралы уәкілетті органға он бес күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлайды және осы Ереженің 3 және 4-тармақтарына сәйкес оларға құжаттардың қосымшасымен аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.
16. Кәсіби ұйымның және сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:
1) оның жоғалғаны белгілі болғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында сериясын, номерін және берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәлімет жариялауы;
2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және көшірмесін беру туралы өтініш беруі қажет.
17. Аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде береді.
18. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымның тізілімін жүргізеді және уәкілетті органның сайтында орналастырады.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 1-қосымша |
Өтініш
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің кәсіби ұйымының, бухгалтерлерді кәсіби
сертификаттау жөніндегі ұйымның толық атауы
(керегінің асты сызылсын)
қызметті жүзеге асыру үшін _________________________________________
аккредиттеуді сұраймыз
Орналасқан жері: ___________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының,
бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның, сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы _____________ __________________
(керектісінің асты сызылсын) (қолы) (аты-жөні)
М.О. _______________________
(датасы) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 2-қосымша |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрамы
Мүшелері ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі)
N 1 кесте
N р/ р | Аты- жөні | Жұмыс орны, қызметі | Мекен- жайы, телефоны, электрон- ды мекен- жайы | Жұмыс тәжірибесі (нотариалды расталған көшірмесін қоса бере отырып, құжаттармен расталған бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыс өтілі) | Бухгал- терлер- дің кәсіби ұйымына кірген күні | Мүшелік билетінің немесе кәсіби ұйымға мүшелігі туралы растайтын құжатының нөмірі |
№2 кесте
N р/р | Бухгалтер- лік ұйым атауы | Заңды мекен-жайы, куәлік нөмірі және мемлекеттік тіркелген күні | Мекен- жайы, телефоны, электрон- ды мекен- жайы | Бухгалтер- лердің кәсіби ұйымына өткен күні | Мүшелік билетінің немесе кәсіби ұйымға мүшелігі туралы растайтын құжатының нөмірі | Басшының аты-жөні |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының
басшысы ________________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О. _______________________
(күні) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 3-қосымша |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрылымы,
жұмыс органдарының болуы туралы
(комитеттер, бөлімдер және т.б.)
мәлімет
Бөлімше атауы | Басшының аты-жөні | Қызмет атауы | Байланыс телефоны |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының
басшысы ________________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О. _______________________
(күні) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 4-қосымша |
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның құрылымы,
жұмыс органдарының болуы туралы
(комитеттер, бөлімдер және т.б.)
мәлімет
Бөлімше атауы | Басшының аты-жөні | Қызмет атауы | Байланыс телефоны |
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы ________________ ___________________
(қолы) (аты-жөні)
М.О. ____________________
(күні)
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-1-қосымша |
Ескерту. 4-1-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
Сертификаттау жөніндегі ұйымның (ұйымның құрылымдық бөлімшесінің) материалдық-техникалық жарақтанғандығының болуы туралы мәлімет
Дәрістік және семинарлық оқулар үшін үй-жайлар мамандандырылған жиһазбен және иллюстрациялық материалдарды демонстрациялау үшін пайдаланылатын техникалық оқу құралдарымен жинақталады.
Жабдықтар тыңдаушылардың бір ағымына бір дәрістік аудитория және бір оқу тобына арналған семинарлық сабақтар үшін бір аудитория есептен анықталады (ағымдардың санын, ұйым, тыңдаушылар саны мен сабақтардың өткізілу ерекшелігіне қарай белгілейді).
Сертификаттау жөніндегі ұйым (ұйымның құрылымдық бөлімшесі) кестеде келтірілген үлгілік жабдықпен немесе функционалдық тағайындалуы және техникалық параметрлері бойынша соған ұқсас жабдықпен жинақталады.
N р/с | Атауы | 1 тыңдаушыға тиістілігі (дана/кв.м) | Оқытушылар/ тыңдаушылар, адам саны | Жалпы қажеттілік |
1 | 2 | 3 | 4 | 5=3*4 |
1 | Тыңдаушылардың ағыны бойынша дәрістік сабақтар жүргізу үшін оқу аудитория- лары, жарақталған: | |||
1.1 | Техникалық оқу құралдарымен | |||
1.1.1 | Экран | |||
1.1.2 | Проектор | |||
1.1.3 | Экранға және проекторға қызмет көрсету үшін қажет болған кезде, компьютер | |||
1.2 | Арнайы жиһазбен және ұйымдастыру құралда- рымен | |||
1.2.1 | Бормен немесе фломастермен жазуға арналған аудитория- лық тақта | |||
1.2.2 | Кафедра-мінбе | |||
1.2.3 | Лектор үшін үстел | |||
1.2.4 | Лектор үшін орындық | |||
1.2.5 | Аудиториялық үстел | |||
1.2.6 | Аудиториялық орындық | |||
2. | бір топ тыңдаушылар- ға семинар сабақта- рын жүргізу үшін оқу аудиториялары, жарақталған: | |||
2.1 | Техникалық оқу құралдарымен | |||
2.1.1 | Экран | |||
2.1.2 | Проектор | |||
2.1.3 | (есептеу міндеттері бар сабақтар үшін) және оның ішінде экранға және проекторға қызмет көрсету үшін қажет болған кезде, компьютер | |||
2.2 | Арнайы жиһазбен және ұйымдастыру құралдарымен | |||
2.2.1 | Бормен немесе фломастермен жазуға арналған аудиториялық тақта | |||
2.2.2 | Кафедра-мінбе | |||
2.2.3 | Оқытушы үшін үстел | |||
2.2.4 | Оқытушы үшін орындық | |||
2.2.5 | Аудиториялық үстел | |||
2.2.6 | Аудиториялық орындық |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-2-қосымша |
Ескерту. 4-2-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
Емтихандық комиссияның құрамы*
N р/с | Тегі, аты-жөні | Негізгі жұмыс орны, лауазымы | Мекен-жайы, телефоны, электрондық мекен-жайы | бухгалтерлік есеп және/ немесе қаржылық есептілік және/немесе аудит саласындағы соңғы 7 (жеті) жылдан кемінде 5(бес) жыл еңбек өтілі | Кәсіби білімдерін растайтын құжаттар, (атауы, кім берген, берілген күні, нөмірі)** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Төраға | |||||
Комиссия мүшелері: | |||||
Хатшы*** | |||||
Ескертпе:
*кемінде бес мүше
** жұмыс өтілін растайтын, жұмыс берушінің, күні және оның тоқтатылу негіздемесін белгілеген жазуы бар еңбек кітапшасының және/немесе шарттың нотариалдық расталған көшірмесі; кәсіби білімдерін растайтын дипломның және/немесе сертификаттың, және/немесе куәліктің нотариалдық расталған көшірмесі
*** дауыс беру құқығынсыз
Бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы ___________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О. ________________
(күні) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-3-қосымша |
Ескерту. 4-3-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
Оқытушылар туралы мәліметтер
N р/с | Оқыту- шының тегі, аты- жөні | Дипломы, сертифи- каты, куәлігі (атауы, кім берген, берілген күні, нөмірі) | Негізгі жұмыс орны | лауазымы | Жұмыс өтілі | Емти- хандық пәннің атауы | Мекен- жайы, телефон, элект- рондық мекен- жайы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы ___________ ___________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
М.О. ________________
(күні) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-4-қосымша |
Ескерту. 4-4-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
"Бекітемін"
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымның басшысы
_____________________________
(тегі, аты-жөні) (қолы)
Күні
Емтихандық пән бойынша оқу бағдарламасы ___________________________
(пәннің атауы)
1. Емтихандық пән бойынша бағдарламаның автор(лар)ы.
2. Мақсаты және міндеттері.
3. Бағдарламаның мазмұны:
а) кіріспе бөлім;
б) тақырыптар*: құрылымы және мазмұны;
в) пайдаланылған әдебиет;
г) таратылатын материалдар тізбесі.
4. Сағаттардың тақырыптық есептелуі:
Тақырып N | тақы- рыптың атауы | Дәрістер (сағат- тар) | Семи- нарлар (са- ғат- тар) | Сағаттар- дың бар- лығы (ке- мінде 80 академ. сағ. (3-топ+4- топ) | өзіндік жұмыс (кемін- де 40 академ. сағ.) | Жиыны (кемінде 120 академ. сағ.) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1-тақырып, 2-тақырып, 3-тақырып және т.б. |
Бағдарлама автор(лар)ының қолы______________
Ескертпе:
* "Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес бухгалтерлік есеп", "Азаматтық құқық", "Салық және салық салу" пәндері бойынша тақырыптар Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 4-5, 4-6 және 4-7 қосымшаларға сәйкес.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-5-қосымша |
Ескерту. 4-5-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
"Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары"
пәні бойынша тақырыптар тізбесі*
1 | 1 (IAS) "Қаржылық есептілікті ұсыну" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
2 | 2 (IAS) "Қорлар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
3 | 7 (IAS) "Ақша қаражатының қозғалысы туралы есептер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
4 | 8 (IAS) "Есеп саясаты, бухгалтерлік бағалардағы өзгерістер мен қателер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
5 | 10 (IAS) "Есепті күннен кейінгі оқиғалар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
6 | 11 (IAS) "Құрылысқа шарттар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
7 | 12 (IAS) "Табысқа салынатын салықтар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
8 | 16 (IAS) "Негізгі құралдар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
9 | 17 (IAS) "Жалдау" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
10 | 18 (IAS) "Түсім" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
11 | 19 (IAS) "Қызметкерлерге сыйақы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
12 | 20 (IAS) "Мемлекеттік көмекті есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашу" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
13 | 21 (IAS) "Валюталардың айырбастау бағамдарының әсері" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
14 | 23 (IAS) "Қарыздар бойынша шығындар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
15 | 24 (IAS) "Байланысқан тараптар туралы ақпаратты ашу" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
16 | 26 (IAS) "Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
17 | 27 (IAS) "Біріктірілген және жеке қаржылық есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
18 | 28 (IAS) "Ассоцияланған кәсіпорындарға инвестициялар" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
19 | 29 (IAS) "Гиперинфляциялық экономикадағы қаржылық есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
20 | 31 (IAS) "Бірлескен кәсіпкерлікте қатысу" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
21 | 32 (IAS) "Қаржылық құралдар: ақпарат ұсыну" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
22 | 33 (IAS) "Акцияға табыс" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
23 | 34 (IAS) "Арадағы қаржылық есептілік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
24 | 36 (IAS) "Активтердің құнсыздануы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
25 | 37 (IAS) "Бағалау резервтері, шартты міндеттер және шартты активтер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
26 | 38 (IAS) "Материалдық емес активтер" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
27 | 39 (IAS) "Қаржылық құралдар: тану және өлшеу" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
28 | 40 (IAS) "Инвестициялық мүлік" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
29 | 41 (IAS) "Ауыл шаруашылығы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
30 | 1 (IFRS) "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының бірінші қолданылуы" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
31 | 2 (IFRS) "Акцияларға негізделген төлем" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
32 | 3 (IFRS) "Бизнес бірлестіктері" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
33 | 4 (IFRS) "Сақтандыру шарттары" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
34 | 5 (IFRS) "Сату үшін тағайындалған ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
35 | 6 (IFRS) "Пайдалы қазбалардың қорларын барлау және бағалау" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
36 | 7 (IFRS) "Қаржылық құралдар: ақпарат ашу" Халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
37 | 8 (IFRS) "Операциялық сегменттер" халықаралық қаржылық есептілік стандарты |
Ескертпе:
* тізім уәкілетті органмен мерзімді түрде жаңартылып отырады,
** осы пән бойынша білім тексеру есептік және дискуссиялық бөлімдерді қамтитын бес сұрақтан тұратын үш сағаттық жазбаша емтихан жолымен жүргізіледі. Топты біріктірілген қаржылық есептілікті дайындау бойынша сұрақ міндетті болып табылады.
Сұрақтардың есеп бөлімдері кәсіби бухгалтерлікке кандидаттың есептілікті дайындау қағидаттарын, ХҚЕС стандарттарының маңызды элементтерін түсінетінін анықтау мақсатында құрылуы тиіс.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-6-қосымша |
Ескерту. 4-6-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
"Салық және салық салу" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі
1-тақырып. Қазақстан Республикасындағы салық және басқа да бюджетке төленетін төлемдер жүйесі
2-тақырып. Салықтық қарым-қатынастардың субъектілері
3-тақырып. Салықтық міндеттеме және оның орындалуы
4-тақырып. Салықтық бақылау
5-тақырып. Салықтық заңнаманы бұзушылық және оларды жасағаны үшін жауапкершілік
6-тақырып. Корпоративтік табыс салығы
7-тақырып. Жеке табыс салығы
8-тақырып. Қосылған құн салығы (ҚҚС)
9-тақырып. Акциздер
10-тақырып. Экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына ренталық салық
11-тақырып. Жер қойнауын пайдаланушылардың салық және арнаулы төлемдері
12-тақырып. Әлеуметтік салық
13-тақырып. Жер салығы
14-тақырып. Көлік құралдарына салынатын салық
15-тақырып. Мүлік салығы
16-тақырып. Ойын бизнесіне салынатын салық
17-тақырып. Алымдар
18-тақырып. Төлемақылар
19-тақырып. Мемлекеттік баж
20-тақырып. Кеден төлемдері
21-тақырып. Зейнеттілік қамтамасыз ету.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 4-7-қосымша |
Ескерту. 4-7-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
"Азаматтық құқық" оқу бағдарламасы бойынша тақырыптар тізбесі
1-тақырып. Жалпы ережелер
2-тақырып. Азаматтық қарым-қатынастардың субъектілері
3-тақырып. Заңды тұлғалардың ұйымдастыру-құқықтық нысандары
4-тақырып. Азаматтық құқықтар объектілері
5-тақырып. Мәмілелер
6-тақырып. Өкілдік. Сенімхат.
7-тақырып. Азаматтық құқықтағы мерзімдер
8-тақырып. Меншік құқығы және өзге де заттық құқықтар
9-тақырып. Міндеттемелер
10-тақырып. Шарт
11-тақырып. Еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеу
12-тақырып. Зияткерлік меншігі
13-тақырып. Банк ісі
14-тақырып. Сақтандыру
15-тақырып. Зейнеткерлік қамтамасыз ету.
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 5-қосымша |
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік
Серия БЕХФ N ____
Ескерту. 5-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.Осы куәлік _________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бухгалтерлердің кәсіби ұйымының толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан орны, СТН) ___________________________________________________________ берілді.
Куәлік 5 жыл мерзімге беріледі Қазақстан Республикасының барлық
аумағында күші бар.
Куәлік берген орган ________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Негіздеме: ________________________________________________ бұйрығы
(уәкілетті органның толық атауы)
20___ ж. "__" ________ N ____
Басшы (уәкілетті тұлға)__________________
М.О.
Берілген күні 20___ ж. "__" ____________
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесіне 6-қосымша |
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды
аккредиттеу туралы куәлік
Серия БЕХФ N ____
Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.Осы куәлік _________________________________________________________
____________________________________________________________________
(бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі ұйымының толық атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(орналасқан орны, СТН) ___________________________________________________________ берілді.
Куәлік 3 жыл мерзімге беріледі Қазақстан Республикасының барлық
аумағында күші бар.
Куәлік берген орган ________________________________________________
____________________________________________________________________
(уәкілетті органның толық атауы)
Негіздеме: ________________________________________________ бұйрығы
(уәкілетті органның толық атауы)
20___ ж. "__" ________ N ____
Басшы (уәкілетті тұлға) __________________
М.О.
Берілген күні 20___ ж. "__" ____________
Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу Ережесіне 7-қосымша |
Ескерту. 7-қосымшаман толықтырылды - ҚР Қаржы министрінің 2008.07.22 N 350 Бұйрығымен.
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
_________________________
(уәкілетті тұлға)
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі аккредиттелген ұйымның атауы (логотип)
Кәсіби бухгалтердің сертификаты N ___
____________N_____
Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымның
аккредиттелгені туралы куәлікті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі берді
Кәсіби бухгалтердің осы сертификаты _________ ______________________
(күні) (Тегі, аты-жөні) мырзаға (ханымға) берілді.
Емтихандық комиссияның төрағасы __________________ (Тегі, аты-жөні)
Бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі
ұйымның басшысы ______________________ (Тегі, аты-жөні)
М.О.
қаланың атауы