Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 мамырдағы № 476 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1448 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру;
      2) Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру;
      3) Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн еткен соң қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекітілген     

«Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 550-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 3) тармақшасының негізінде көрсетіледі.
      4. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Қолданылу мерзімі шектеусіз берілетін, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін және аккредиттелген кәсіби ұйымдардың тізілімінде міндетті тіркеуге жататын кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - аудиторлар мен аудиторлық ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап он жұмыс күнінен аспайды;
      2) кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут;
      3) кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Министрліктер үйінің ғимараты бойынша ыңғайлы жүріп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтілер) көзделген. Қажетті құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесіне оларды тапсырғанға дейін күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) қағаз тасығыштарда:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, 2006 жылғы 18 шілдедегі № 265 бұйрығымен бекітілген Кәсіби аудиторлық ұйымдарды аккредиттеу ережесіне (бұдан әрі - Ереже) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      мынадай құжаттардың: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.;
      2) қағаз және электрондық тасығыштарда:
      Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымның құрамында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың болуы туралы мәліметтер;
      Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәліметтер.
      Атауы немесе орналасқан жері өзгерген жағдайда кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он күн ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы жазбаша өтініш;
      2) мынадай құжаттардың: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда оның телнұсқасын алу үшін мыналарды ұсыну қажет:
      1) нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәліметтердің мерзімді баспасөз басылымдарында жариялануын растайтын құжат;
      2) ҚБК-ге аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, телнұсқа беру туралы өтініш.
      Аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасы өтініш берген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулысымен.
      12. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне почта арқылы жіберіледі не қолма-қол тапсырылады.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтінішпен екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      16. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 527-кабинет мекенжайы бойынша өтініш берушіге немесе сенімхат бойынша оның өкіліне қолма-қол беріледі.
      17. Осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіздеме болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық тізбесінің ұсынылмауы;
      2) құжаттардың ресімделуі осы Стандарттың 11-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) ұсынылған құжаттардың шынайы еместігі анықталуы.
      Көрсетілген ескертулерді кәсіби аудиторлық ұйым ескергеннен кейін кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті алу туралы өтініші жалпы негізде қаралады.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57 немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdmіnіstrator@mіnfіn.kz.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің атына беріледі. Қаржы министрлігі кеңсесінің қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ҚБК төрағаның атына беріледі. Қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күні, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 іске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесі: 74- 30-45.
      23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Шағымдар еркін жазбаша (баспа) түрде ресімделеді.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы қызметкерлерінен мынадай телефондар арқылы білуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-34-68, электрондық почта мекенжайы аdmіnіstrator@mіnfіn.kz.

«Кәсіби аудиторлық ұйымды    
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет       
стандартына қосымша      

Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен   
бекітілген     

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы
куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» Мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - Стандарт) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Бес жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға - бухгалтерлер мен бухгалтерлік ұйымдарды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнінен аспайды;
      2) бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут;
      3) бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Министрліктер үйінің ғимараты бойынша ыңғайлы жүріп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтілер) көзделген. Қажетті құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесіне оларды тапсырғанға дейін күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысымен бекiтiлген Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрi – Аккредиттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың: жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi);
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаның (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсіби ұйымымен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім;
      4) Аккредиттеу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымның құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер;
      5) Аккредиттеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оқудан тәуелсіз емтихан жүйесiнiң бар екенiн растайтын мәліметтер;
      6) мыналар:
      тест сұрақтары мен ахуалдық есептерді қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
      сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығы;
      кәсіби бухгалтерге кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) жұмыстарына тексеру жүргiзу күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмi;
      соңғы сертификаттау пәні бойынша сертификаттар берудің оң нәтиже алынған күннен бастап он төрт күннен аспайтын мерзімі;
      нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша кандидаттың оң нәтиже алуы;
      кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi көрсетілген бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ереже;
      7) Аккредиттеу қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз байқаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекiтiлген ереже;
      8) арызды қарау мерзiмдерін, оның және аппеляциялық комиссия (кеңес) шешiмiнің, нысанын белгiлей отырып, оның құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және емтихандардың нәтижелерi бойынша арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, комиссия (кеңес) туралы бекiтiлген ереже;
      9) пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң үш жылдық кезеңге арналған бекiтiлген кестесi;
      10) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша Аккредиттеу қағидаларына 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес емтихандық модульдер мен емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөнiндегi материалдар;
      11) кәсіби бухгалтер сертификатының жобасы.
      Аккредиттеу жүргізу үшін ҚБК-ға осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі ҚБК құжаттарды қабылдаған күні туралы тапсырылған күні белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлiкті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мыналарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) Аккредиттеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш.
      Сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмірiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы жариялауы;
      2) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беруi қажет.
      ҚБК өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулыларымен.
      12. Кәсіби аудиторлық ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне почта арқылы жіберіледі не қолма-қол тапсырылады.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтініштің екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      ҚБК өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тарту береді.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 537-кабинет мекенжайы бойынша өтініш берушіге немесе сенімхат бойынша оның өкіліне қолма-қол беріледі.
      17. Мыналар осы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) дұрыс емес құжаттар ұсыну;
      2) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
      3) консультативтік органның құрамына кәсіби ұйым мүшелерiнің аккредиттеу қағидаларында белгiленген санының жiберілмеуі және олардың толыққанды жұмысының қамтамасыз етілмеуі;
      4) белгiлеген тәртiппен ҚБК-ға өзiнiң қызметi туралы есептiлiктің ұсынылмауы;
      5) халықаралық стандарттарды және шетел мемлекеттерінің стандарттарын қолдану жөнiндегi сұраулардың қаралмауы.
      Кәсіби ұйымдар көрсетілген бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiш Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қаралады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 23.07.2013 № 735 қаулыларымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdmіnіstrator@mіnfіn.kz..
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің атына беріледі. Қаржы министрлігі кеңсесінің қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ҚБК төрағаның атына беріледі. Қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа кундері әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күні, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 іске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесі: 74-30-45.
      23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Шағымдар еркін жазбаша (баспа) түрде ресімделеді.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы қызметкерлерінен мынадай телефондар арқылы білуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-га дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-11, 74-35-63, 74-35-66, 74-38-20, электрондық почта мекенжайы аdmіnіstrator@mіnfіn.kz.

«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын 
аккредиттеу туралы куәлікті беру»
мемлекеттік қызмет       
стандартына қосымша       

Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2010 жылғы 26 мамырдағы
№ 476 қаулысымен  
бекітілген     

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды
аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік
қызмет стандарты

      Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.10.22 № 1093 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет, электрондық мекенжайы www.mіnfіn.kz мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - ҚБК) көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 5-тармағы 10) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
      5. Үш жыл мерзімге берілетін және Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылатын бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Аккредиттеу туралы куәлік беруден бас тартылған жағдайда өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      6. Мемлекеттік қызмет кәсіби бухгалтерлерге үміткерлерді сертификаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларға көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі өтініш пен осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар қабылданған сәттен бастап күнтізбелік отыз күнінен аспайды;
      2) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу үшін осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут;
      3) бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алу кезінде кезек күтудің ең көп рұқсат берілген уақыты - 15 минут.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Құжаттарды қабылдауды ҚБК кеңсесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күңдерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Жеке мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін Министрліктер үйінің ғимараты бойынша ыңғайлы жүріп-тұру жағдайлары (тоқтатуға арналған орын, көлбеушелер, лифтілер) көзделген. Қажетті құжаттарды (үстел, орындықтар) ҚБК кеңсесіне оларды тапсырғанға дейін күту мен дайындаудың қолайлы жағдайлары жасалған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Сертификаттау жөнiндегi ұйымды аккредиттеу туралы куәлiк алу үшiн мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1248 қаулысымен бекiтiлген Кәсіптік ұйымдарды, сертификаттау жөнiндегi ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына (бұдан әрi – Аккредиттеу қағидалары) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) мынадай құжаттардың: қызметiнiң негiзгi түрлерiнiң бiрi бухгалтерлердi кәсіби сертификаттау жөнiндегi ұйым ретiндегi қызмет деп көзделетін жарғының, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшiрмелерi немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi;
      ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) бухгалтерлердiң аккредиттелген кәсіби ұйымымен өзара іс-қимыл жасау туралы келісім;
      4) Аккредиттеу қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымның құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлiметтер;
      5) Аккредиттеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша оқудан тәуелсіз емтихан жүйесiнiң бар екенiн растайтын мәліметтер;
      6) мыналар:
      тест сұрақтары мен ахуалдық есептерді қамтитын емтихандық модульдердiң құрылымы;
      сертификаттау пәндерi бойынша емтихандардың кемінде үш сағат ұзақтығы;
      кәсіби бухгалтерге кандидаттардың (бұдан әрі – кандидат) жұмыстарына тексеру жүргiзу күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзiмi;
      соңғы сертификаттау пәні бойынша сертификаттар берудің оң нәтиже алынған күннен бастап он төрт күннен аспайтын мерзімі;
      нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi үш жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп» пәнi бойынша, нәтижесi бекiтілген күннен бастап келесi бес жылдың iшiнде ғана жарамды деп танылатын «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша кандидаттың оң нәтиже алуы;
      кандидаттардың құқықтары, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерi көрсетілген бухгалтерлердi кәсiптік сертификаттау жөнiндегi емтихандарды ұйымдастыру және өткiзу тәртiбi туралы бекiтiлген ереже;
      7) Аккредиттеу қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес емтихан комиссиясы төрағасының, оның мүшелерiнiң, тәуелсiз байқаушылардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiктерiн және оның құрамын көрсете отырып, көрсетілген комиссия туралы бекiтiлген ереже;
      8) арызды қарау мерзiмдерін, оның және аппеляциялық комиссия (кеңес) шешiмiнің, нысанын белгiлей отырып, оның құрамын, арыздарды беру мерзiмiн және емтихандардың нәтижелерi бойынша арыздарды сотқа дейiн қарауды жүргiзу тәртiбiн көрсете отырып, комиссия (кеңес) туралы бекiтiлген ереже;
      9) пәндер бойынша емтихандар өткiзудiң үш жылдық кезеңге арналған бекiтiлген кестесi;
      10) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп», «Салық және салық салу» және «Азаматтық құқық» пәндерi бойынша Аккредиттеу қағидаларына 7-қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес емтихандық модульдер мен емтихандардың нәтижелерін бағалау тәртібін қамтитын сертификаттау бағдарламалары жөнiндегi материалдар;
      11) кәсіби бухгалтер сертификатының жобасы.
      Аккредиттеу жүргізу үшін ҚБК-ға осы тармаққа сәйкес ұсынылған барлық құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі ҚБК құжаттарды қабылдаған күні туралы тапсырылған күні белгі қойылып, өтініш берушіге жіберіледі (тапсырылады).
      Осы тармақтың 3), 4), 5), 6), 7), 8) тармақшаларында санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда мемлекеттiк және орыс тілдерінде берiледі.
      Заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген, қайта ұйымдастырылған, заңды мекенжайы өзгерген жағдайда сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлiкті қайта ресімдеу үшін күнтізбелік он бес күн ішінде мыналарды ұсыну қажет:
      1) тиісті өзгерістер туралы жазбаша хабарлама;
      2) Аккредиттеу қағидаларының 3-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш.
      Сертификаттау жөнiндегi ұйым аккредиттеу туралы куәлiктi жоғалтқан жағдайда:
      1) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк бес күн iшiнде мерзiмдi баспа басылымдарында сериясын, нөмірiн және берiлген күнiн көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану туралы жариялауы;
      2) жоғалғаны белгiлi болғаннан кейiн күнтiзбелiк он бес күн iшiнде ҚБК-ға аккредиттеу туралы куәлiктi жарамсыз деп тану және телнұсқасын беру туралы өтiнiш беруi қажет.
      ҚБК өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жаңа нөмір бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар аккредиттеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.06.2013 № 574 қаулыларымен.
      12. Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік алуға арналған өтініш үлгісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің www.mіnfіn.kz. интернет-ресурсында орналастырылған.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК кеңсесіне почта арқылы жіберіледі не қолма-қол тапсырылады.
      14. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      15. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың (өтініштің екінші данасына немесе ұсынылатын құжаттарға ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылады) ҚБК кеңсесінде тіркелуі тапсырылғанын растау болып табылады.
      ҚБК өтініш берушіден аккредиттеуге арналған құжаттар түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген, ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәждемелі бас тарту береді.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      16. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік, берілген аккредиттеу туралы куәліктердің журналына қол қою арқылы, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 537-кабинет мекенжайы бойынша өтініш берушіге немесе сенімхат бойынша оның өкіліне қолма-қол беріледі.
      17. Мыналар осы қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз болып табылады:
      1) дұрыс емес құжаттар ұсыну;
      2) емтихандық модульдердің мазмұны бөлігінде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары сақталмауы;
      3) Аккредиттеу қағидаларына 7-қосымшада көрсетілген талаптарының бұзылуы.
      Сертификаттау жөніндегі ұйымдар көрсетілген бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтiнiш Аккредиттеу қағидаларына сәйкес қаралады.
      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.06.21 № 812 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

3. Жұмыс қағидаттары

      18. ҚБК қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) қызметтік борышты өтеу кезінде заңдылықты сақтау;
      3) сыпайылық;
      4) мемлекеттік қызметтің рәсімі туралы толық ақпарат беру;
      5) ақпаратты қорғау және оның құпиялылығы;
      6) тұтынушы тапсырған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері

      19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың қосымшасына сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      20. «Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметін көрсететін мемлекеттік органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      21. ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасынан, мына телефондар арқылы: 74-30-97, 74-32-75, 74-30-57, немесе Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 650-кабинет мекенжайы бойынша алуға болады.
      Шағымдар жазбаша түрде почта немесе қолма-қол ҚБК кеңсесінің қызметкері арқылы, демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 554-кабинет мекенжайы бойынша қабылданады; электрондық почта мекенжайы: аdmіnіstrator@mіnfіn.kz.
      22. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің атына беріледі. Қаржы министрлігі кеңсесінің қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11, 612-кабинет мекенжайы бойынша.
      23. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда ҚБК қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым ҚБК төрағаның атына беріледі. Қабылдау күндері: демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген мереке күндерінен басқа күндері әр айдың бірінші және үшінші сәрсенбі күні, сағат 17.00-ден 18.30-ға дейін. Мекенжайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 648-кабинет, алдын ала жазылу мына телефон арқылы 74-35-58 іске асырылады, ҚБК төрағаның қабылдау бөлмесі: 74-30-45.
      23-1. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
      Ескерту. Стандарт 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2011.03.31 № 332 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      24. Шағымдар еркін жазбаша (баспа) түрде ресімделеді.
      25. Шағымның қабылданғанын растайтын ҚБК кеңсесінде тіркелуі (екінші данасына немесе шағым келіп түскен ілеспе хатқа мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні қойылуы) болып табылады. Шағымның қаралуы туралы ақпаратты ҚБК Ішкі әкімшілендіру және ҚБК персоналымен жұмыс істеу басқармасы қызметкерлерінен мынадай телефондар арқылы білуге болады: 74-30-57, 74-32-75, 74-30-97.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен және мерзімдерде жүзеге асырылады.
      26. Барлық сұрақтар бойынша Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8,Министрліктер үйі, № 7 кіреберіс, 552-кабинет мекенжайы бойынша ҚБК-ға хабарласуға болады.
      Жұмыс кестесі демалыс күндерінен және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліс.
      Байланыс телефондары: 74-29-57, 74-35-60, 74-30-68, электрондық почта мекенжайы аdmіnіstrator@mіnfіn.kz.

«Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау
жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы
куәлікті беру» мемлекеттік қызмет 
стандартына қосымша       

Кесте. Сана және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3. Қол жетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)




4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады