О мерах по организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 20 апреля 2010 года N 83. Зарегистрировано Управлением юстиции Каркаралинского района Карагандинской области 29 апреля 2010 года N 8-13-81. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14 июня 2011 года N 169

      Сноска. Утратило силу - постановлением акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 14.06.2011 N 169 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях оказания социальной поддержки безработных граждан, относящихся к целевым группам, в соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5 пункта 2 статьи 4 и статьей 18-1 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 марта 2009 года N 264 "О мерах по реализации Послания Главы Государства народу Казахстана от 6 марта 2009 года "Через кризис к обновлению и развитию"", руководствуясь решением 19 сессии Каркаралинского районного маслихата от 22 декабря 2009 года N 19/192 "О районном бюджете на 2010-2012 годы", зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под N 8-13-72, акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" (далее – отдел занятости) организовать работу по созданию социальных рабочих мест для временного трудоустройства безработных граждан из целевых групп, зарегистрированных в отделе занятости, в установленном законодательством порядке.
      2. Утвердить прилагаемые Правила организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе.
      3. Финансирование мероприятий по созданию социальных рабочих мест производить в пределах целевых трансфертов, выделенных из республиканского бюджета на 2010 год, предусмотренных по программе 002 "Программа занятости" подпрограмме 103 "Расширение программы социальных рабочих мест и молодежной практики за счет целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета", а также за счет средств районного бюджета, предусмотренных по программе 002 "Программа занятости" подпрограмме 102 "Дополнительные меры по социальной защите граждан в сфере занятости населения".
      4. Определить следующий порядок отбора работодателей, участвующих в формировании социальных рабочих мест для реализации бюджетных программ, указанных в пункте 3 настоящего постановления:
      1) по программам, финансируемым в пределах целевых трансфертов из республиканского бюджета, работодатели определяются при закупке товаров, работ и услуг способом конкурса с применением особого порядка для реализации антикризисных мер, определенных Правительством Республики Казахстан в рамках "Дорожной карты" на 2010 год;
      2) по программам, финансируемым за счет районного бюджета, работодатели определяются путем их обращения в государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района" при наличии у них возможности создания рабочих мест для целевых групп населения.
      5. Определить оплату труда безработным гражданам, финансируемую из целевых республиканских трансфертов, в размере 40000 тенге в месяц с учетом 50-ти процентного вклада работодателя.
      6. Определить оплату труда безработным гражданам, финансируемую из средств районного бюджета, в размере одной минимальной заработной платы, установленной на 2010 год, с учетом 50-ти процентного вклада работодателя.
      7. Постановление акимата Каркаралинского района от 3 марта 2009 года N 41 "Об организации социальных рабочих мест" (зарегистрирован в управлении Юстиции Каркаралинского района 1 апреля 2009 года за N 8-13-61, опубликован в газете "Қарқаралы" 4 апреля 2009 года N 24-25) признать утратившим силу.
      8. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Каркаралинского района Дюсетаева Серика Смагамбетовича.
      9. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 апреля 2010 года.

      Аким Каркаралинского района                Н. Омарханов

Утверждены
постановлением акимата
Каркаралинского района
от 20 апреля 2010 года N 83

Правила
организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе

      1. Настоящие Правила организации социальных рабочих мест в Каркаралинском районе (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и определяют порядок организации социальных рабочих мест для трудоустройства безработных из целевых групп населения.
      2. В настоящих Правилах используются следующие понятия:
      1) социальное рабочее место - рабочее место, создаваемое работодателем на договорной основе с уполномоченным органом, для трудоустройства безработных из целевых групп с частичной компенсацией затрат работодателя на оплату их труда;
      2) уполномоченный орган – государственное учреждение "Отдел занятости и социальных программ Каркаралинского района", обеспечивающее содействие в занятости населения и социальную защиту от безработицы в Каркаралинском районе;
      3) целевые группы - группы лиц, установленных Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", испытывающих затруднения в трудоустройстве и требующих социальной защиты.
      3. На лиц, трудоустроенных на социальные рабочие места, распространяются законодательные акты Республики Казахстан о труде, пенсионном обеспечении и страховании.
      4. Уполномоченный орган содействует в трудоустройстве безработных из целевых групп населения на социальные рабочие места.
      5. Социальные рабочие места организуются путем предоставления или создания временных рабочих мест работодателями на основе договоров с уполномоченным органом.
      6. Уполномоченный орган заключает с работодателем договор о трудоустройстве безработных на социальные рабочие места, который должен содержать обязанности сторон, виды, объемы работ, размер и условия оплаты труда, срок и источники финансирования социальных рабочих мест.
      7. Оплата труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, осуществляется работодателем ежемесячно в соответствии с условиями трудового договора.
      8. Оплата труда безработных, трудоустроенных на социальные рабочие места, производится за фактически выполненный объем работ.
      9. Социальные рабочие места по истечении шести месяцев могут быть сохранены (по инициативе работодателя), при этом оплата труда безработных на социальных рабочих местах будет осуществляться из средств работодателя без какого-либо возмещения из бюджета.

Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру шаралары туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 83 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 29 сәуірде N 8-13-81 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 14 маусымдағы N 169 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2011.06.14 N 169 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) қаулысымен.

      Нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабына және 4-бабының 2-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 Қаулысына сәйкес және нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8-13-72 нөмірмен тіркелген Қарқаралы аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 19 сессиясының "2010 - 2012 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" N 19/192 шешімін басшылыққа ала отырып, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімі) заңнамада белгіленген тәртіпте жұмыспен қамту бөлімінде тіркелген, нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру жұмыстарын ұйымдастырсын.
      2. Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың қоса ұсынылған Ережесі бекітілсін.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құру шараларын 2010 жылы қаржыландыру республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бағдарламашасында қарастырылған, сондай-ақ 002 "Еңбекпен қамту бағдарламасы" бағдарламасында 102 "Халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар" бағдарламашасында қарастырылған аудандық бюджет қаражаты есебінен жүргізілсін.
      4. Осы қаулының 3-тармағында көрсетілген бюджеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құруға қатысатын жұмыс берушілерді таңдау келесі тәртіпте белгіленсін:
      1) республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер шегінде қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылға арналған "Жол картасы" аясында дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асыру үшін конкурс өткізудің ерекше тәртібін қолдана отырып, тауар, жұмыс және қызметтерді сатып алу кезінде анықталынады;
      2) аудандық бюджет есебінен қаржыландырылатын бағдарламалар бойынша жұмыс берушілер тұрғындардың нысаналы топтары үшін жұмыс орнын құра алатын мүмкіндігі болған жағдайда, олардың "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне берген өтініштері бойынша анықталынады.
      5. Нысаналы республикалық трансферттерден қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, айына 40000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
      6. Аудандық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жұмыссыз азаматтардың еңбекақысы жұмыс берушінің 50-пайыздық салымын ескере отырып, 2010 жылға белгіленген ең төменгі айлық еңбекақы мөлшерінде белгіленсін.
      7. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 41 Қаулысының (Қарқаралы ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 1 сәуірінде N 8-13-61 болып тіркелген, 2009 жылдың 4 сәуірінде "Қарқаралы" газетінің N 24-25 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарқаралы ауданы әкімінің орынбасары Серік Смағамбетұлы Дюсетаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қарқаралы ауданының әкімі                  Н. Омарханов

Қарқаралы ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 20 сәуірдегі
N 83 қаулысымен
бекітілген

Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың Ережелері

      1. Қарқаралы ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың осы ережелері (бұдан әрі – Ережесі) "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      2. Осы Ережелерде келесі ұғымдар қолданылады:
      1) әлеуметтік жұмыс орны – жұмыс беруші нысаналы топтардағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін уәкілетті органмен шарттық негізде құратын, жұмыс берушінің олардың еңбегіне ақы төлеу шығындары ішінара өтелетін жұмыс орны;
      2) уәкілетті орган – Қарқаралы ауданында халықтың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесу ісін және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      3) нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген адамдар топтары.
      3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлік қамтамасыз ету және сақтандыру жөніндегі заңнамалық актілер тарайды.
      4. Уәкілетті орган жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.
      5. Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыс берушінің уәкілетті органмен жасасқан шарттың негізінде ұсыну немесе уақытша жұмыс орындарын құру арқылы ұйымдастырылады.
      6. Уәкілетті орган жұмыс берушімен жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарында жұмысқа орналастыру жөнінде шартқа отырысады, онда тараптардың міндеттері, жұмыс түрлері мен көлемі, еңбек ақысының көлемі мен талаптары, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен мерзімі көрсетілуі тиіс.
      7. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін төлеу еңбек шартының талаптарына сәйкес жұмыс берушімен ай сайын жүзеге асырылады.
      8. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегі нақтылы атқарылған жұмыс көлеміне қарай төленеді.
      9. Әлеуметтік жұмыс орындары алты ай өткеннен кейін сақталуы мүмкін (жұмыс берушінің бастамасымен) және әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыссыздардың еңбегін төлеу бюджеттен қандай да бір өтеусіз-ақ жұмыс берушінің қаражатынан жүзеге асырылады.