Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 3 наурыздағы N 41 қаулысы. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Әділет басқармасында 2009 жылғы 01 сәуірде N 8-13-61 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010 жылғы 20 сәуірдегі N 83 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2010.04.20 N 83 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына сәйкес Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қала, кент және селолық округ әкімдеріне "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде тіркелген нысаналы топтарға жататын жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құру тапсырылсын.
      2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін, меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, сонымен қатар келісім-шартқа сәйкес 6 (алты) ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      3. "Қарқаралы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Он бес мың теңге сомасы көлемінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50 (елу) пайыз еңбек ақысын қабылдаған ұйымға өтесін. Қаражат ұйымның есеп-шотына бағытталады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009.05.19 N 146 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      4. Қарқаралы ауданының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі 451-02-102 "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар", 451-02-103 "Республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен әлеуметтік жұмыс орындар және жастар тәжірибесі бағдарламасын кеңейту" бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2009.05.19 N 146 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) қаулысымен.
      5. Қарқаралы ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы "Әлеуметтік жұмыс орындарды ұйымдастыру туралы" N 3 Қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 8-13-42 санмен тіркелген, 2008 жылғы 23 ақпандағы N 15-16 "Қарқаралы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Дюсетаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Омарханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады