О внесении изменений и дополнений в решение Ерейментауского районного маслихата от 7 сентября 2010 года № 4С-27/2-10 "Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Ерейментауского района"

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 26 апреля 2011 года № 4С-35/6-11. Зарегистрировано Управлением юстиции Ерейментауского района Акмолинской области 13 мая 2011 года № 1-9-176. Утратило силу - решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 13 декабря 2011 года № 4С-42/8-11

      Сноска. Утратило силу - решением Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 13.12.2011 № 4С-42/8-11
      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение Ерейментауского районного маслихата от 7 сентября 2010 года № 4С-27/2-10 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан Ерейментауского района» (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-9-158 опубликовано 18 сентября 2010 года в районной газете «Ереймен», 18 сентября 2010 года в районной газете «Ерейментау») следующие изменения и дополнения:
      В подпункте 1) пункта 2 слова «последствия пожара, наводнения, аварии; приобретение лекарств онкологическим больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения более 6 месяцев, на одного больного» исключить.
      Пункт 2 дополнить подпунктами 14), 15) следующего содержания:
      «14) на компенсацию при пожаре, наводнении, аварии, без учета доходов в размере не более 150000 (сто пятьдесят тысяч) тенге.
      «15) на приобретение лекарств онкологическим больным, состоящим на учете в организациях здравоохранения, на одного больного, без учета доходов в размере не более 50000 (пятьдесят тысяч) тенге».
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Ерейментауского районного
      маслихата                                  А.Ералинов

      Секретарь Ерейментауского
      районного маслихата                        К.Махметов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Ерейментауского района                М.Т.Мынжанов

      Начальник государственного
      учреждения «Отдел занятости
      и социальных программ
      Ерейментауского района»                    М.Л.Сердцева

Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі "Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" № 4С-27/2-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 26 сәуірдегі № 4С-35/6-11 шешімі. Ақмола облысы Ерейментау ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда № 1-9-176 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 4С-42/8-11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2011.12.13 № 4С-42/8-11 шешімімен
      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы 6 бабына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 4С -27/2-10 «Ерейментау ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 1-9-158 тіркелген, аудандық «Ереймен» газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде, аудандық «Ерейментау» газетінде 2010 жылдың 18 қыркүйегінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 тармағының 1 тармақшасында «өрт, су басу, апат жағдайында; денсаулық сақтау ұйымдарында 6 айдан аса тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға» сөздері алынып тасталсын:
      2 тармағы 14), 15) тармақшалармен келесі мазмұнда толықтырылсын:
      «14) кірісті есепке алмай, өрт, су басу, апат жағдайында 150000 (жүз елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде өтем ету»;
      «15) кірісті есепке алмай, денсаулық сақтау ұйымдарында тіркеуде тұрған онкологиялық науқастарға, дәрі-дәрмектер сатып алуға бір науқасқа 50000 (елу мың) теңгеден көп емес мөлшерде».
      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының сессия төрағасы               А.Ералинов

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының әкімі                 М.Т.Мыңжанов

      «Ерейментау ауданының
      жұмыспен қамту және
      әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        М.Л.Сердцева