О внесении изменений в решение маслихата от 9 июля 2010 года № 313 "О правилах оказания жилищной помощи"

Решение маслихата города Костаная Костанайской области от 11 ноября 2011 года № 470. Зарегистрировано Управлением юстиции города Костаная Костанайской области 8 декабря 2011 года № 9-1-174. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 9 февраля 2015 года № 291

      Сноска. Утратило силу решением маслихата города Костаная Костанайской области от 09.02.2015 № 291 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", Костанайский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Внести в решение маслихата "О правилах оказания жилищной помощи" от 9 июля 2010 года № 313 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9-1-152, опубликованное от 24 августа 2011 года и 26 августа 2011 года в газете "Костанай") следующие изменения:
      в Правилах оказания жилищной помощи, утвержденных указанным решением:
      абзац первый пункта 2 изложить в новой редакции:
      "2. Для назначения жилищной помощи гражданин (семья) (далее – заявитель) обращается в уполномоченный орган, осуществляющий назначение жилищной помощи (далее – уполномоченный орган), либо в центр обслуживания населения на альтернативной основе (далее – центр) с заявлением и представляет следующие документы:";
      пункты 34 изложить в новой редакции:
      "3. Документы представляются в уполномоченный орган, либо центр в подлинниках и копиях. После сверки подлинники документов возвращаются заявителю.
      Заверенные работниками уполномоченного органа, либо центра копии документов формируются в дело.
      4. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней с момента сдачи необходимых для назначения жилищной помощи документов принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи.".
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, депутат
      по избирательному округу № 8               Н. Шонов

      Секретарь Костанайского
      городского маслихата                       Г. Уралова

      СОГЛАСОВАНО:

      Начальник государственного
      учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ акимата
      города Костаная"
      ___________ В. Рубинский

Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2011 жылғы 11 қарашадағы № 470 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласы Әділет басқармасында 2011 жылғы 8 желтоқсанда № 9-1-174 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2015 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" мәслихатының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 9-1-152, 2011 жылғы 24 тамыздағы және 2011 жылғы 26 тамыздағы "Қостанай" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      2-тармақтың бірінші абзац жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) (бұдан әрі - өтініш беруші) тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) немесе баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталығына (бұдан әрі - орталық) өтінішпен өтініш жасайды және мынадай құжаттарды ұсынады:";
      34-тармақтары жаңа редакцияда жазылсын:
      "3. Уәкілетті органға немесе орталыққа құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырылғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      Уәкілетті органның немесе орталықтың қызметкерлерімен куәландырылған құжаттардың көшірмелері іске тіркеледі.
      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажетті құжаттарды беру сәтінен бастап күнтізбелік он күн ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      № 8 сайлау округі
      бойынша депутаты                           Н. Шонов

      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы                       Г. Уралова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы
      әкімдігінің жұмыспен
      қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В. Рубинский