Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешімі. Қостанай облысы Қостанай қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 20 тамызда № 9-1-152 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2015 № 291 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 2010 жылдың 1 мамырынан бастап туындаған қатынастарға таратады.

      Сессия төрағасы, № 4 сайлау
      округі бойынша депутаты                    А. Айдосов

      Қостанай қалалық мәслихаты
      хатшысының міндетін атқарушы               Г. Уралова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        В. Рубинский

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Л. Кураева

      "Қостанай қаласы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        Н. Дорошок

Мәслихаттың     
2010 жылғы 9 шілдедегі
№ 313 шешімімен бекітілген

Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы 1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласының әкімшілік аумағында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
      байланыс саласындағы заңнамамен белгіленген тәртіпте тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлiгiнде байланыс қызметтеріне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге;
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге алынатын шығыстары, жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.10.12 № 78 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.02.2014 № 207 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратады) шешімдерімен.
      2. Тұрғын үй көмегін «Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) көрсетеді.
      Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалының Қостанай бөліміне (бұдан әрі - ХҚО) немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі - портал) балама негізде өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 қаулысымен бекітілген, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.03.28 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін ХҚО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде ұсынады - күнтізбелік 10 (он) күн.
      Құжаттар топтамасын ХҚО-ға тапсыру күні тұрғын үй көмегін көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте уәкілетті орган тұрғын үй көмегін көрсету нәтижесін мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын ұсынады.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Тұрғын үй көмегі өтініш беру айынан бастап тағайындалады және жылыту маусымының соңына дейін тағайындалатын жылдың бірінші тоқсанын қоспағанда, көрсетілетін қызметті алушы өтініш жасаған ағымдағы тоқсанға көрсетіледі. Зейнеткерлер мен мүгедектерге тұрғын үй көмегін тағайындау бүкіл жылыту маусымына жүзеге асырылады.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      7. Тұрғын үй көмегін алушы тұрғын үй көмегін төлеу мөлшерінің өзгеруіне негіз бола алатын мән-жайлары, сондай-ақ олардың дұрыс есептелмегені туралы уәкілетті органға хабарлайды.
      8. Тұрғын үй көмегі мөлшеріне ықпал ететін мән-жайлар туындаған жағдайда, (алушы қайтыс болуын қоспағанда) көрсетілген мән-жайлар түскен күннен бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған табыстардың сәйкессіздігі анықталған жағдайда мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған табыстар туралы мәліметтер есепке алынады.
      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      10. Жалғыз тұратын тұрғын үй көмегін алушы қайтыс болған жағдайда, тұрғын үй көмегін төлеу қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      Тұрғын үй көмегін алушы отбасы мүшесінің бірі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болған айдан кейінгі айдан бастап қайта есептеу жүргізіледі.
      Қайтыс болғанға байланысты төлемдерді тоқтату немесе қайта есептеу уәкілетті органмен азаматтық хал актілерін тіркеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органынан ай сайын сұратып алатын қайтыс болған адамдардың тізімдері негізінде немесе отбасы мүшелері беретін мәліметтер бойынша жүргізіледі.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 28.11.2014 № 272 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      11. Тұрғын үй көмегін көрсету мәселелері жөнінде туындаған келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін анықтау

      12. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 07.02.2014 № 207 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және өз әрекетін 01.01.2014 бастап туындаған қатынастарға таратады).
      13. Уәкілетті органмен отбасының (азаматтың) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш жасаған тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледі.
      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.03.28 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      14. алынып тасталды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 06.10.2014 № 260 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      15. Белгiленген нормалар шегiндегi шектi жол берiлетiн отбасының (азаматының) шығыстар үлесi жиынтық табыстың он пайызы мөлшерiнде белгiленедi.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.03.28 № 30 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде алаңның нормасы есепке алынады:
      1) бір отбасы мүшесіне – көп бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін пайдалы алаңының 18 шаршы метрі және отбасына 9 шаршы метрін қосымша; бір бөлмелі тұрғын жайларда (пәтерлерде) тұратындар үшін – тұрғын жайдың жалпы алаңы;
      2) жалғыз тұратын азаматтар үшін - пайдаланатын алаңына қарамастан нақты алаңынан асырмай 30 шаршы метр, осы норма жатақханалар үшін де қолданылады.
      17. Есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін өтем шараларымен қамтамасыз етілетін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленеді.
      Егер шығыстарға тарифтер мен нормативтер заңмен белгіленген тәртіпте анықталмаса, шығынды өтеу нақтылы шығыстар бойынша жүргізіледі.
      18. Коммуналдық қызметтерді тұтынатын есептегіш құралдары бар тұтынушыларға есеп айырысу үшін, өткен тоқсанның немесе қызмет толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсандағы есептегіш құралдардың көрсеткіштері негізінде, бірақ есептегіш құралдары жоқ тұтынушылар үшін белгіленген коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларынан аспайтын нақтылы шығынмен анықталады.
      19. Электр қуатын төлеу бойынша шығындарды өтеу бір адамға 100 киловатт; электр плитасы, электр су жылтқыштары бар жатақханалар мен үйлерде бір адамға, 130 киловатт есебінен, бірақ нақты шығындардан асырмай жүргізіледі.
      20. Телекоммуникациялар желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы "Әлеуметтік тұрғыдан корғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 қаулысымен бекітілген, әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы қаулысына сәйкес жүргізіледі.
      21. Осы Қағидамен белгіленген нормалардан тыс ақысы тұрғын жайдың меншік иелерімен немесе жалдаушыларымен (қосымша жалдаушыларымен) жалпы негізінде жүргізеді.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      22. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ ағымдағы нысаналы трансферттер қаражаты есебінен (олар бөлінген жағдайда) жүзеге асырылады.
      23. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктер немесе банктік операциялардың тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының банктік шоттарына, есептелінген сомаларды аудару жолымен жүзеге асырылады.
      Шоттарға ақшалай сомаларды аудару уәкілетті органмен ай сайын жүргізіледі.
      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2012.10.12 № 78 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады