Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2015 жылғы 9 ақпандағы № 291 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 10 наурызда № 5400 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 80 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 09.02.2024 № 80 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі, осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Қостанай қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы,
      № 20 сайлау округі
      бойынша депутаты А. Уралбаева
      Қостанай қалалық
      мәслихатының хатшысы Н. Халықов

      КЕЛІСІЛДІ

      "Қостанай қаласы әкімдігінің

      жұмыспен қамту және әлеуметтік

      бағдарламалары бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ______________________ С. Умаров

      "09" ақпан 2015 жыл

  Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешіміне
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай қаласында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қостанай қаласында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қостанай қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін алуға үмiткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 14.06.2023 № 35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы жергiлiктi өкiлдi орган белгiлеген айырма ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға 15 (он бес) шаршы метрден кем емес және 18 (он сегіз) шаршы метрден артық емес, бірақ бір бөлмелі пәтерден немесе жатақханадағы бөлмеден кем емес аудан нормасы қабылданады.

      5. "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлемі жүзеге асырылады (Нормативтік құқытық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 02.11.2023 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінеді.

      Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын қабылдаған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде шығыстар сметасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу шоттары бойынша жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тиісті қаржы жылына арналған қала бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Мәслихаттың
2015 жылғы 9 ақпандағы
№ 291 шешіміне
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғары оң жақ бұрышына өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 63 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Қостанай қалалық мәслихатының күші жойылды
деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-152 тіркелген, 2010 жылдың 24 тамызында және 2010 жылдың 26 тамызында "Костанай" газетінде жарияланған).

      2. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 11 қарашадағы № 470 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-1-174 тіркелген, 2011 жылдың 15 желтоқсанында "Костанай" газетінде жарияланған).

      3. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 28 наурыздағы № 30 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9-1-187 тіркелген, 2012 жылдың 17 сәуірінде "Костанай" газетінде жарияланған).

      4. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 12 қазандағы № 78 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3875 тіркелген, 2012 жылдың 13 қарашасында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      5. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 7 ақпандағы № 207 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4463 тіркелген, 2014 жылдың 6 наурызында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      6. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 6 қазандағы № 260 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5135 тіркелген, 2014 жылдың 6 қарашасында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

      7. Мәслихаттың "Мәслихаттың 2010 жылғы 9 шілдедегі № 313 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы № 272 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5238 тіркелген, 2014 жылдың 25 желтоқсанында "Наш Костанай" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады