О предоставлении социальной помощи специалистам государственных организаций, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах, на приобретение топлива

Решение Кокпектинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 07 ноября 2013 года № 19-4/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 26 ноября 2013 года № 3106. Утратило силу - решением Кокпектинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 3 октября 2018 года № 26-5/3

      Сноска. Утратило силу - решением Кокпектинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 03.10.2018 № 26-5/3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 5 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении в Республике Казахстан" Кокпектинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Предоставить социальную помощь на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах Кокпектинского района, за счет бюджетных средств.

      Социальная помощь специалистам государственных организаций здравоохранения предоставляется в размере, установленном решением Восточно-Казахстанского областного маслихата.

      Социальная помощь специалистам государственных организаций социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии предоставляется в размере 9200 (девять тысяч двести) тенге.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Кокпектинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.08.2014 № 27-5/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования); с изменением, внесенным решением Кокпектинского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 23.12.2015 № 42-6/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

Секретарь

районного маслихата

Б. Рахимов

Р. Беспаев


Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2013 жылғы 07 қарашадағы № 19-4/3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 қарашада № 3106 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 2018 жылғы 3 қазандағы № 26-5/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.10.2018 № 26-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Көкпекті ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.

      Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 9200 (тоғыз мың екі жүз) теңге көлемінде ұсынылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Көкпекті аудандық мәслихатының 21.08.2014 № 27-5/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Көкпекті аудандық мәслихатының 23.12.2015 № 42-6/4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған қүнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Рахимов

Аудандық


мәслихатының хатшысы

Р. Беспаев