О внесении изменения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 5 ноября 2003 года № 263-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги аэропортов и аэронавигации"

Приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий от 17 июня 2014 года № 136-ОД. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 июля 2014 года № 9653. Утратил силу приказом Министра национальной экономики Республики Казахстан от 22 мая 2020 года № 42.

      Сноска. Утратил силу приказом Министра национальной экономики РК от 22.05.2020 № 42 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 2) статьи 12-1 и подпунктом 5) пункта 1 статьи 14-1 Закона Республики Казахстан от 9 июля 1998 года "О естественных монополиях и регулируемых рынках", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий и защите конкуренции от 5 ноября 2003 года № 263-ОД "О Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги аэропортов и аэронавигации" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2599, опубликованный в газете "Официальная газета" 27 декабря 2003 года № 52 (157)) следующее изменение:

      в Правилах утверждения временных понижающих коэффициентов к тарифам (ценам, ставкам сборов) на регулируемые услуги аэропортов и аэронавигации, утвержденных указанным приказом:

      пункт 20 изложить в следующей редакции:

      "20. Аэропорт и аэронавигационная организация применяет временные понижающие коэффициенты, утвержденные приказом первого руководителя уполномоченного органа, на основании договора (дополнения к договору), заключенного между аэропортом или аэронавигационной организацией и эксплуатантом воздушных судов.

      Данный договор (дополнение к договору) предусматривает период действия утвержденных временных понижающих коэффициентов и ответственность эксплуатанта воздушного судна за невыполнение заявленных объемов потребления регулируемых услуг аэропорта или аэронавигационной организации в виде перерасчета тарифов (цен, ставок сборов) на фактически выполненный объем потребления указанных услуг без применения временных понижающих коэффициентов за соответствующий период времени.

      Данные требования не распространяются в случае предоставления понижающего коэффициента на основании подпункта 3) пункта 6 настоящих Правил.

      Договор (дополнение к договору) между аэропортом или аэронавигационной организацией и эксплуатантом воздушных судов заключается не позднее 7 рабочих дней со дня вступления в силу приказа, указанного в пункте 18 настоящих Правил.".

      2. Департаменту по регулированию в сфере транспортной инфраструктуры Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий обеспечить:

      1) в установленном законодательством порядке государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) опубликование настоящего приказа на интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий, после официального опубликования в средствах массовой информации.

      3. Департаменту административной работы Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан:

      1) обеспечить в установленном законодательством порядке его опубликование в официальных средствах массовой информации с последующим представлением в Юридический департамент Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий сведений об опубликовании;

      2) довести его до сведения структурных подразделений и территориальных органов Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий;

      3) в срок не превышающий десяти календарных дней направить копию в бумажном и электронном носителе для официального опубликования в Информационно-правовой системе "Әділет".

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию естественных монополий Дуйсебаева А.Ж.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель

М. Оспанов


"СОГЛАСОВАНО":

Министр транспорта и

коммуникаций

Республики Казахстан

____________ Ж. Касымбек

15 июля 2014 год

"СОГЛАСОВАНО":

Министр экономики и

бюджетного планирования

Республики Казахстан

_____________ Е. Досаев

24 июня 2014 год





"Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2014 жылғы 17 маусымдағы № 136-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 30 шілдеде № 9653 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабы 2) тармақшасына және 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы № 263-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2599 тіркелген, "Ресми газет" газетінінің 2003 жылғы 27 желтоқсандағы № 52 (157) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесінде:

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа қосымша) негiзiнде қолданады. Осы шарт (шартқа қосымша) бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңiн және әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемдерiн әуе кемесiн пайдаланушының орындамағаны үшін тиiстi уақыт мерзiмiне уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданбастан көрсетілген қызметтердi тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрiнде жауапкершiлiгін көздейдi.

      Бұл талап осы Ереженің 6-тармағы 3) тармақшасының негізінде төмендету коэффициенттерін ұсынған жағдайда қолданылмайды.

      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Ереженің18-тармағында көрсетілген бұйрық күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалады.".

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Көліктік инфрақұрылым саласындағы реттеу департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:

      1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын;

      2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін;

      3) күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйеге ресми жариялануы үшін қағаз және электрондық жеткізгіштегі көшірмесін жолдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж.Дүйсебаевқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төраға

М. Оспанов

      "КЕЛІСІЛГЕН":

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникация

      министрі

      _____________ Ж. Қасымбек

      2014 жылғы 15 шілде


      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау министрі

      ______________ Е. Досаев

      2014 жылғы 24 маусым