Әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алым ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының 2003 жылғы 5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2003 жылғы 8 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2599. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.
      Ескерту: Тақырыбы жаңа редакцияда жазылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 және 15-баптарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2007 жылғы 12 қазандағы N 943 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi туралы ереженiң 21-тармақтың 6) тармақшасына сәйкес, әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн берудiң бiрыңғай тәртiбi мен шарттарын белгiлеу мақсатында, бұйырамын:

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 23 ақпандағы N 58-НҚ (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi бекiтiлсiн.

      Ескерту: 1-тармаққа өзгертулер енгізілді- ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Көлiк және телекоммуникациялар секторларын реттеу жөнiндегi департаментi (М.А.Дәрiбаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде заңда белгiленген тәртiппен тiркелуiн қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгiнiң Әкiмшiлiк жұмысы департаментi (Б.Б.Досан) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн:

      1) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында белгiленген тәртiппен жариялануын қамтамасыз етсiн;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігiнiң құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының, Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Салық комитетiнiң, "Қазаэронавигация" РМК-ның назарына жеткiзсiн.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттігi төрағасының бiрiншi орынбасары Ж.Ж.Ертiлесоваға жүктелсiн.

      5. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Төраға


      Келісілді:

      Қазақстан Республикасының

      Көлік және коммуникациялар

      министрі

      2003 жылғы 21 қазан



  Қазақстан Республикасының Табиғи
монополияларды реттеу және
бәсекелестікті қорғау жөнiндегi
агенттігі төрағасының 2003 жылғы
5 қарашадағы N 263-НҚ бұйрығымен
бекiтiлген

Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту
Ережесі

      Ескерту: Тақырыбына өзгертулер енгізілді және барлық мәтін бойынша "белгілеу және алып тастау", "белгілеу", "белгіленген", "белгілеуге", "белгілеудің", "белгіленіп отырған" деген сөздер тиісінше "бекіту", "бекітілген", "бекітуге", "бекітудің", "бекітіліп отырған" деген сөздермен ауыстырылды, ",Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетіне, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне,", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті және Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,", "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің," деген сөздер алып тасталсын - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005.03.11 N 79-НҚ, 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 2 шiлдедегi қаулысымен бекiтiлген Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға (1944 жыл Чикаго), "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі, "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына және әуежайлар мен аэронавигация қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Ереже әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту тәртiбi мен шарттарын айқындайды.

      Ескерту: 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      3. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      әуе кемелерін пайдаланушы - әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе өздерінің осы саладағы қызметтерін ұсынатын, әуежайлар мен аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға;

      әуе кемесіне тиеу коэффициенті – әуе кемесіндегі отырғызу орындарының санына тасымалданатын жолаушылардың санының қатынасы;

      құзыретті орган - өз құзыретiнiң шегінде Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметін және әуе кеңiстiгiн пайдалануды үйлестіру мен реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;

      мерзiмi өткен кредиторлық берешек - төлем мерзiмдерi туралы шартқа сәйкес әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйымы алдындағы қаржылық мiндеттемелерiнiң, ақшалай қарыздарының белгіленген мерзiмде атқарылмаған сомасы;

      өтеу кестесi - әуе кемелерiн пайдаланушының, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның бiрiншi басшысының қолымен расталған, әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның алдында әуе кемелерiн пайдаланушының мерзiмi өткен кредиторлық берешегiн өтеу кестесi;

      өтініш беруші – уақытша төмендету коэффициентін бекітуге өтінімді ұсынған әуе кемесін пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигация ұйымы;

      табиғи монополия субъектісінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) – табиғи монополия саласындағы табиғи монополия субъектісі ұсынатын және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушыға белгілі бір тауар беру түрінде ұсыну жағдайларын қоса алғанда, уәкілетті органның мемлекеттік реттеуіне жататын көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар);

      уақытша төмендету коэффициенті – тұтынушылар мен табиғи монополия субъектісінің мүдделерін қорғау мақсатында уәкілетті орган белгілеген және тарифке (бағаға, алым ставкасына) қолданылатын шама;

      уәкілетті орган – табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      шартты-ауыспалы шығындар – реттеліп көрсетілетін қызметтер көлеміне тәуелді реттелетін қызметтер ұсынуға байланысты субъектінің шығындары.

      Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.06.07 № 162-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

2. Уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту принциптерi

      4. Уақытша төмендету коэффициенттерi мемлекет, әуе кемелерiн, әуежайларды пайдаланушылар немесе аэронавигациялық ұйым үшiн осы шараның экономикалық тиiмдiлiгi мен мақсаттылығын есептеу негiзiнде белгiленедi.

      Уақытша төмендету коэффициентiн бекітудің экономикалық тиiмдiлiгi реттеліп көрсетiлетiн қызметтер көлемiнiң, әуежай немесе аэронавигациялық ұйымның және әуе кемелерiн пайдаланушы табыстарының артуымен, халықтың жұмыспен қамтылу деңгейiмен және мемлекеттiк бюджетке түсетiн табыстың көбеюiмен белгiленедi.

      Ескерту: 4-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      5. Әуежайдың реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiне уақытша төмендету коэффициенттерi мынадай өлшемдердiң бiреуiне сәйкес келген жағдайда белгiленедi:

      1) белгiлi бiр кезеңге арналған өтiнiмде көрсетiлген әуе кемелерiне жерде қызмет көрсетудiң жоспарланған тұтыну көлемi өткен жылдың осы кезеңiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi нақты тұтыну көлемiнен асады;

      2) әуежайдың iске қосылмаған немесе шамалы iске қосылған қуатын пайдалану мүмкiндiгi;

      3) субсидияланатын авиакомпанияны қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген өлшемге жатқызылған жағдайда әуе кемесiн тиеу коэффициентi 0,5-тен кем құрайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерi мынадай өлшемдердiң бiреуiне сәйкес келген жағдайда белгiленедi:

      1) Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiнде әуе кемелерiнiң ұшу жиiлiгiнiң өсуi және (немесе) жаңа бағыттарды тарту;

      2) iске қосылмаған немесе шамалы iске қосылған әуе трассаларын пайдалану мүмкiндiгi;

      3) Қазақстан Республикасы әуе кеңістігі шегінде ішкі тұрақты авиарейстерді орындайтын әуе кемелеріне қызмет көрсету кезінде уәкілетті орган реттеліп көрсетілетін аэронавигациялық қызметтерге бекіткен ставкаларға 0,5 коэффициентін қолдану арқылы әуе тасымалдаудың республикалық нарығын дамыту үшін қолайлы жағдай жасау.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Уақытша төмендету коэффициенттерiн пайдалану кезiнде әуежайлар және (немесе) аэронавигациялық ұйым алған табыстар тиiстi реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсетумен байланысты шартты-ауыспалы шығындарды жабуға тиiс.

      Субъектінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі осы Ережеге 3-қосымшада келтірілген.

      Ескерту: 7-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ, 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрықтарымен.

      8. Осы Ереженің 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес уақытша төмендету коэффициенттері ұсынылатын жағдайды қоспағанда, әуе кемелерiн пайдаланушы үшiн уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның алдында қызметтерге ақы төлеу бойынша мерзiмi өткен кредиторлық берешегi болмаған жағдайда немесе кредиторлық берешегiн өтеу кестесiне сәйкес өтеген жағдайда жүргiзiледi.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2011.06.07 № 162-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      9. Уақытша төмендету коэффициенттері шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң бір күнтізбелік жылдан аспайтын белгілі бір уақытқа қолданысқа енгізіледі.

      Ескерту: 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

3. Уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекітудің тәртiбi

      10. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн әуе кемелерiн пайдаланушы, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым (бұдан әрi - өтiнiм берушi) Ереженiң 1-қосымшасына сай өтiнiмдер мен негiздеушi құжаттарды мынадай талаптарды сақтай отырып ұсынған жағдайда бекітеді:

      негiздеушi құжаттардың әрбiр парағына бiрiншi басшы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер де қол қояды. Бұл жағдайда факсимильдiк қол жарамсыз деп танылады;

      алдыңғы кезең ішіндегі қаржы-шаруашылық қызметтiң нәтижелерi бойынша нақты деректер, сондай-ақ оларды бекiтудi сұрап отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданудан күтiлiп отырған нәтижелер ұсынылады.

      Бұл ретте, әуе кемелерін пайдаланушы уәкілетті органға өтінімді және негіздеуші құжаттарды екі данада ұсынады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициенттерiн бекітуге өтiнiм түскен күнінен бастап 5 жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынылған өтiнiмдi қарауға қабылдау туралы не қарауға қабылдаудан бас тарту туралы өтiнiм берушiнi жазбаша түрде хабардар етеді. Әуе кемелерін пайдаланушының өтінімі қарауға алынған жағдайда уәкілетті орган оның бір данасын әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына қорытынды шығарту үшін жібереді.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Осы Ережеге сәйкес талап етiлетiн қажеттi құжаттарды ұсынбаған немесе толық көлемде ұсынбаған жағдайда уәкiлеттi орган өтiнiмдi қарауға қабылдаудан бас тартады.

      Ескерту: 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      13. Өтінім беруші уәкілетті органның өтінімді қарауға қабылдағаны туралы хабарламаны алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде құзыретті органның қарауына аталған өтінімді алынған хабарламамен бірге жолдайды.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Алынып тасталды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Құзыреттi орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым өтiнiм берушiден өтiнiмдi алған күнінен бастап 10 жұмыс күнінiң iшiнде уәкiлеттi органға қорытынды ұсынады, онда уақытша төмендету коэффициентінің ұсынылып отырған деңгейін бекіту мақсаттылығының негiздемесi не оны бекіту мақсатсыздылығының негiздемесi көрсетiледі.

      Уақытша төмендету коэффициентiн бекітуден бас тартылған жағдайда, уәкiлеттi орган дәлелді қорытынды шығарады, ол құзыреттi органға, әуе кемелерiн пайдаланушыға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға жiберiледі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      16. Уәкiлеттi орган әуе кемелерiн пайдаланушы ұсынған негiздеушi құжаттардың сараптамасын ескере отырып, құзыреттi орган, әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым ұсынған қорытындылардың негiзiнде өтiнiм қарауға қабылданған сәттен бастап 45 күнтізбелік күнiнiң iшiнде шешiм қабылдайды.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      17. Уәкiлеттi орган құзыреттi органның, әуежайдың, аэронавигациялық ұйымның, әуе кемелерiн пайдаланушылардың өкiлдерiнiң және тәуелсiз сарапшылардың қатысуымен уақытша төмендету коэффициентін қолдану мәселелері бойынша кеңес өткiзеді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Өткiзiлген сараптама қорытындысы бойынша уәкiлеттi орган уақытша төмендету коэффициентiн бекіту туралы не оларды бекітуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту туралы шешiм уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығы түрiнде қабылданады.

      Уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту туралы уақытша төмендету коэффициенті құзыреттi органға, әуе кемелерiн пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигациялық ұйымға бұйрық қолданысқа енгiзiлгенге дейiн кем дегенде 5 күнтiзбелiк күн бұрын жiберiледi.

      Ескерту: 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      19. Әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым тоқсан сайын уәкiлеттi органға осы Ереженiң 2-қосымшасына сәйкес әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы жөнiнде уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданып нақты реттеліп көрсетiлген қызмет көлемдерi туралы ақпарат ұсынады.

      Ескерту: 19-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

4. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін
қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн
қолдану тәртiбi

      Ескерту: 4-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен .

      20. Әуежай және аэронавигациялық ұйым уәкiлеттi органның бiрiншi басшысының бұйрығымен бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасында жасалған шарт (шартқа қосымша) негiзiнде қолданады. Осы шарт (шартқа қосымша) бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерiн қолдану кезеңiн және әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың мәлiмделген көлемдерiн әуе кемесiн пайдаланушының орындамағаны үшін тиiстi уақыт мерзiмiне уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданбастан көрсетілген қызметтердi тұтынудың нақты орындалған көлемiне тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) қайта есептеу түрiнде жауапкершiлiгін көздейдi.

      Бұл талап осы Ереженің 6-тармағы 3) тармақшасының негізінде төмендету коэффициенттерін ұсынған жағдайда қолданылмайды.

      Әуежай немесе аэронавигациялық ұйым мен әуе кемелерiн пайдаланушы арасындағы шарт (шартқа қосымша) осы Ереженің18-тармағында көрсетілген бұйрық күшiне енген күнiнен бастап 7 жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 17.06.2014 № 136-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

5. Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар
ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн
алып тастау тәртiбi

      Ескерту: 5-бөлімнің тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      . Уақытша төмендету коэффициентiнiң қолданысы бекітілген мерзiм өткеннен кейiн, сондай-ақ уәкiлеттi орган әуежай мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін қызметтерiне жаңа тарифтер бекiткен сәттен бастап тоқтатылады.

      Ескерту: 21-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ бұйрығымен.

      22. Бекітілген уақытша төмендету коэффициентi бекітілген мерзiм аяқталғанға дейiн немесе мынадай жағдайлардың бiреуi болған кезде:

      1) уақытша төмендету коэффициентiн одан әрi қолданудың экономикалық мақсатсыздығы жағдайында;

      2) әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым алдындағы мерзiмi өткен кредиторлық берешегiнiң пайда болған немесе өтеу кестесiн орындамаған жағдайда;

      3) осы Ереженiң 5, 6-тармақтарында бекітілген өлшемдерге сәйкес келмеген,;

      4) бұйрықта және осы Ереженiң 20-тармағына сәйкес жасалған шартта (шартқа толықтыруда) көзделген жағдайларды орындамаған жағдайда алып тасталынады.

      Ескерту: 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      23. Осы Ереженiң 22-тармағында көрсетiлген жағдайлар пайда болған кезде, әуежай немесе аэронавигациялық ұйым бұл туралы ақпаратты уәкiлеттi органға үш жұмыс күнiнiң iшiнде ұсынады.

      Ескерту: 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      24. Құзыретті орган, әуежай және аэронавигациялық ұйым өз бастамасы бойынша уәкілетті органға бекітілген уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы ұсыныс жасай алады, бұл ретте осындай күшін жоюды негіздейтін құжаттарды ұсынады.

      Осы Ереженің 5 және 6-тармақтарында көрсетілген талаптар орындамалған жағдайда, уәкілетті орган да уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға бастама көтереді. Бұл ретте уәкілетті орган құзыретті органнан, әуежайдан және аэронавигация ұйымынан дәлелді жазбаша қорытындыны сұратады.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      25. Уәкілетті орган материалдарды алғаннан бастап күнтізбелік 30 күн ішінде уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюды бас негіздейтін құжаттарға сараптама жүргізеді.

      Жүргізілген сараптама қорытындылары бойынша уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттернің күшін жою жөнінде шешім қабылдайды немесе құзыретті органға, әуежайға және аэронавигация ұйымына уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жоюға негіздің жоқтығы туралы дәлелді қорытындыны жолдайды.

      Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Уәкілетті орган уақытша төмендету коэффициенттерінің күшін жою туралы бұйырықты құзыретті органға, әуе кемелерін пайдаланушыға, әуежайға және (немесе) аэронавигация ұйымына уәкілетті органның бұйрығы қолданысқа енгізгілгенге дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей жолдайды.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      27. Уақытша төмендету коэффициенттерiн алып тастау туралы ұсыныс қабылданбаған жағдайда уәкiлеттi орган уәждемелi қорытынды шығарады және құзыреттi органға, әуежайға және аэронавигациялық ұйымға, сондай-ақ осындай ұсыныс жасаған тұлғаға жiбередi.

  Әуежайлар мен аэронавигация
қызметтерiнiң тарифтерiне
(бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту ережесiне
1-қосымша

      Әуежайлар мен аэронавигация қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алымдар ставкаларына) уақытша төмендету коэффициенттерiн бекіту үшiн өтiнiм

      берушi ұсынатын материалдар

      Ескерту: Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      1. Әуежайлардың немесе аэронавигацияның реттеліп көрсетілетін қызметіне уақытша төмендету коэффициентінің деңгейі, сондай-ақ оны ұсыну кезеңіне көрсетiлген уақытша төмендету коэффициентiн алуға өтiнiм (еркiн түрде).

      2. Өтiнiм берушiнiң толық атауы (жеке немесе заңды тұлға), мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (заңды тұлға), жеке кәсiпкердiң мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (жеке тұлға).

      3. Уақытша төмендету коэффициентiнiң сұралып отырған деңгейiнiң есебiн қоса, бекітудің мақсаттылығы (экономикалық және техникалық аспектiлерi) туралы анықтама-негiздеме.

      4. Өтiнiм берушiнiң баланс көлемiндегi қаржы-шаруашылық қызметiнiң талдауы және алдағы кезеңге (тоқсан, жарты жыл, жыл) түсiндiрме жазба.

      5. Сұралып отырған кезеңге уақытша төмендету коэффициентiн қолдануды ескере отырып және ескерусiз, өткен жылдың (тоқсан, жарты жыл, 9 ай, жыл) және өткен жылдың ұқсас кезеңiмен салыстырғандағы салық мiндеттерiнiң (салық түрлерiнiң бөлiгiнде) өсу (сақталу) динамикасы туралы анықтама-негiздеме.

      6. Ағымдағы айдың бiрiншi күнiне әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай немесе аэронавигациялық ұйым арасындағы өзара есеп айырысуды салыстыру актiсi. Несиелiк берешегi бар болған жағдайда - әуе кемелерiн пайдаланушының әуежай және (немесе) аэронавигациялық ұйым алдындағы мерзiмi өтiп кеткен несиелiк берешегiн өтеу кестесi.

      7. Әуежайлардың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерiн тұтынудың заттай және құндық көріністе тоқсандарға бөлінген нақты (алдыңғы аяқталған төрт тоқсан және алдыңғы күнтiзбелiк жыл) және жоспарланған мәлiмделген көлемдерi. Тұтыну көлемдерi табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметi бойынша көрсетiледі.

      8. Егер өтiнiм берушi әуежай немесе аэронавигациялық ұйым болған жағдайда - сұратылған кезеңде уақытша төмендету коэффициентiн қолданып және қолданбастан әуе кемелерiн пайдаланушыға реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсету бойынша әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның табыстары, шығыстары деңгейiнiң тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткiштерi.

      Егер өтiнiм берушi әуе кемелерiн пайдаланушы болған жағдайда жоспарланған кезеңге уақытша төмендету коэффициенттерiн қолданып және қолданбастан әуежайдың және (немесе) аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін қызметтерін тұтыну жағдайында әуе кемелерiн пайдаланушының табыстары деңгейiнiң тоқсандарға бөлінген болжамды көрсеткiштерi.

      Бұл ретте өтiнiм берушi табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік реттеуге жататын әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның әрбiр қызметiнің бөлінісінде барлық есептерді келтіреді.

  Әуежайлар мен аэронавигация
қызметтерiнiң тарифтерiне
(бағаларына, алым ставкаларына)
уақытша төмендету коэффициенттерiн
бекіту ережесiне
2-қосымша

      Әуежайлар мен аэронавигация реттеліп көрсетілетін

      қызметтерiнiң тарифтерiне (бағаларына, алым

      ставкаларына) уақытша төмендету

      коэффициенттерiн бекіту кезiнде әуежайлар мен

      аэронавигациялық ұйымның тоқсан сайын ұсынатын

      материалдары

      Ескерту: Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы N 79-НҚ; ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 14.05.2013 № 146-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      . Уақытша төмендету коэффициентi бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердi көрсету бойынша әуе кемелерiн пайдаланушымен жасасқан шарттар туралы ақпарат.

      2. Әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы бойынша уақытша төмендету коэффициентi бекітілген реттеліп көрсетілетін қызметтердiң нақты орындалған көлемi.

      3. Уақытша төмендету коэффициентiн бекіту нәтижесiнде әуежай мен аэронавигациялық ұйымның әрбiр әуе кемелерiн пайдаланушы бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетуден түскен қосымша табыстарының немесе шығындарының көлемi.

      Ескерту:

      Материалдар табиғи монополиялар туралы заңнамаға сәйкес әуежайдың немесе аэронавигациялық ұйымның реттеліп көрсетілетін әрбiр қызметiнің бөлінісінде ұсынылады.

  Әуежайлар мен аэронавигация
қызметтерінің тарифтеріне (бағаларына,
алым ставкаларына) уақытша төмендету
коэффициенттерін бекіту ережесіне
3-қосымша

      Ескерту: 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2010.12.30 N 360-НҚ (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

Реттеліп көрсетілетін қызмет түрлері бойынша шартты-ауыспалы шығындардың тізбесі

Қызметтердің атауы

Шығыс баптары

1

Әуе кемесінің ұшуы мен қонуын (қабылдау мен шығаруын) қамтамасыз ету қызметтері


1.1

Өндірістік-диспетчерлік қызметтің арнайы техникасын ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.2

Арнайы техниканы ұстау және пайдалану

Материалдық шығындар

1.3

Ұшу – қонуда жарық техникасымен қамтамасыз ету

Материалдық шығындар

1.4

Авариялық құтқару жұмыстары қызметтері

Материалдық шығындар

1.5

Авариялық - қону жолағын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

2

Авариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтері


2.1

Әуежайдағы өткізу және объектішілік режимдерді жүзеге асыру

Материалдық шығындар

2.2

Тұрақтағы әуе кемелерін тұрағын күзету

Материалдық шығындар

3

Әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру


3.1

Тұрақ орнын ұстау

Материалдық шығындар

3.2

Тұрақ орнын жарықтандыру

Материалдық шығындар

3.3

Тұрақ орнын ағымдағы жөндеу

Жөндеу

4

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) беру


4.1

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ұстау

Материалдық шығындар

4.2

Жолаушыларды тіркеу үшін жұмыс орнын (алаңын) ағымдағы жөндеу

Жөндеу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады