Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2015 году

Постановление акимата Абайского района Карагандинской области от 24 ноября 2014 года № 41/01. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 22 декабря 2014 года № 2888. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения" и Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат Абайского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить целевыми группами населения следующие категории:

      1) малообеспеченные;

      2) молодежь в возрасте до двадцати одного года;

      3) воспитанники детских домов, дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей, в возрасте до двадцати трех лет;

      4) одинокие, многодетные родители, воспитывающие несовершеннолетних детей;

      5) граждане, имеющие на содержании лиц, которые в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, признаны нуждающимися в постоянном уходе, помощи или надзоре;

      6) лица предпенсионного возраста (за два года до выхода на пенсию по возрасту);

      7) инвалиды;

      8) лица, уволенные из рядов Вооруженных Сил Республики Казахстан;

      9) лица, освобожденные из мест лишения свободы и (или) принудительного лечения;

      9-1) лица, больные наркоманией;

      10) оралманы;

      11) выпускники организаций высшего и послевузовского образования;

      12) лица, высвобожденные в связи с ликвидацией работодателя – юридического лица либо прекращением деятельности работодателя – физического лица, сокращением численности или штата работников;

      13) лица, состоящие на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции;

      14) молодежь в возрасте от двадцати одного до двадцати девяти лет;

      15) лица, длительное время (более одного года) не работающие;

      16) лица старше сорока пяти лет.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлением акимата Абайского района Карагандинской области от 12.05.2015 № 15/01 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Государственному учреждению "Отдел занятости и социальных программ Абайского района" принять меры по обеспечению в трудоустройстве лиц, относящихся к целевым группам населения.

      3. Признать утратившим силу постановление акимата Абайского района от 5 сентября 2014 года № 31/04 "Об определении целевых групп населения и мер по содействию их занятости и социальной защите в 2014 году" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2782, опубликовано в районной газете "Абай-Ақиқат" от 25 октября 2014 года № 42).

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 января 2015 года.


Исполняющий обязанности


акима Абайского района



2015 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 2888 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:

      1) табысы аз адамдар;

      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;

      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;

      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;

      6) зейнеткерлік жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жыл қалған);

      7) мүгедектер;

      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;

      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;

      9-1) нашақорлықпен ауыратын адамдар;

      10) оралмандар;

      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;

      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар жатады;

      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;

      15) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;

      16) қырық бес жастан асқан адамдар.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Абай ауданының әкімдігінің 12.05.2015 № 15/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.

      3. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 31/04 "2014 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2782 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 қазандағы № 42 "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 қаңтарынан пайда болған құқықтық қатынастарға таралады.


Абай ауданы әкімінің


міндетін атқарушы

М. Бимағанбетов