2014 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 31/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қазанда № 2782 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41/01 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 24.11.2014 № 41/01 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Келесі санаттар халықтың нысаналы топтары болып анықталсын:
      1) табысы аз адамдар;
      2) жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      3) балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдары бар азаматтар;
      6) зейнеталды жастағы адамдар (жасы бойынша зейнетке шығуға дейін екі жыл қалған);
      7) мүгедектер;
      8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
      9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      10) оралмандар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
      14) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      15) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін адамдар;
      16) қырық бес жастан асқан адамдар.
      2. "Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылауды осы салаға басшылық ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       С. Шайдаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады