Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 41/01 "2015 жылы халықтың нысаналы топтарын және оларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мен әлеуметтік қорғау бойынша шараларды анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2888 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 қаңтардағы № 3 (4058) "Абай ақиқат" аудандық газетінде жарияланған) келесі толықтыру енгізілсін:
1 тармақ 9-1) тармақшамен келесі мазмұнда толықтырылсын:
"9-1) нашақорлықпен ауыратын адамдар;".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары А.А. Жүніспековаға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Абай ауданының әкімі | С. Шайдаров |