Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района

Решение Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 14 апреля 2014 года N 194. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 14 мая 2014 года за N 4671. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 17 июля 2024 года № 23.

      Сноска. Утратило силу решением Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 17.07.2024 № 23 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 6 статьи 39-3 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества утвержденными Постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года N 1106 Жанакорганский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения раздельных сходов местного сообщества Жанакорганского района.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель внеочередной
ХХІХ сессии Жанакорганского
районного маслихата
Н. КАЛЖАНОВ
      Секретарь Жанакорганского
районного маслихата
А. НАЛИБАЕВ

  Утверждены решением
Жанакорганского районного маслихата
от "14" апреля 2014 года N 194

Правила проведения раздельных сходов местного сообщества в Жанакорганском районе

      Сноска. Приложение - в редакции решения Жанакорганского районного маслихата Кызылординской области от 27.12.2021 № 151 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие правила проведения раздельных сходов местного сообщества разработаны в соответствии со статьей 39-3 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с типовыми правилами проведения раздельных сходов местного сообщества, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 октября 2013 года № 1106 и устанавливают порядок проведения раздельных сходов местного сообщества жителей села, поселка, сельского округа, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в Жанакорганском районе.

      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:

      1) местное сообщество – совокупность жителей (членов местного сообщества), проживающих на территории соответствующей административно-территориальной единицы, в границах которой осуществляется местное самоуправление, формируются и функционируют его органы;

      2) раздельный сход местного сообщества – непосредственное участие жителей (членов местного сообщества) села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома в избрании представителей для участия в сходе местного сообщества.

Глава 2. Порядок проведения раздельных сходов местного сообщества

      3. Для проведения раздельного схода местного сообщества территория сельского округа (поселка) подразделяется на участки (села, микрорайоны, улицы, многоквартирные жилые дома).

      4. На раздельных сходах местного сообщества избираются представители для участия в сходе местного сообщества в количестве не более трех человек.

      5. Раздельный сход местного сообщества созывается и организуется акимом сельского округа (поселка).

      6. О времени, месте созыва раздельных сходов местного сообщества и обсуждаемых вопросах население местного сообщества оповещается акимом сельского округа (поселка) не позднее чем за десять календарных дней до дня его проведения через средства массовой информации или иными способами.

      7. Проведение раздельного схода местного сообщества в пределах села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома организуется акимом сельского округа (поселка).

      При наличии в пределах микрорайона или улицы многоквартирных домов раздельные сходы многоквартирного дома не проводятся.

      8. Перед открытием раздельного схода местного сообщества проводится регистрация присутствующих жителей соответствующего села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома, имеющих право в нем участвовать.

      Раздельный сход местного сообщества считается состоявшимся при участии не менее десяти процентов жителей (членов местного сообщества), проживающих в данном селе, микрорайоне, улице, многоквартирном доме и имеющих право в нем участвовать.

      9. Раздельный сход местного сообщества открывается акимом сельского округа (поселка) или уполномоченным им лицом.

      Председателем раздельного схода местного сообщества является аким сельского округа (поселка) или уполномоченное им лицо.

      Для оформления протокола раздельного схода местного сообщества открытым голосованием избирается секретарь.

      10. Кандидатуры представителей жителей села, микрорайона, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества выдвигаются участниками раздельного схода местного сообщества в соответствии с пунктом 4 настоящего положения.

      11. Голосование проводится открытым способом персонально по каждой кандидатуре. Избранными считаются кандидаты, набравшие наибольшее количество голосов участников раздельного схода местного сообщества.

      12. На раздельном сходе местного сообщества ведется протокол, который подписывается председателем и секретарем и передается в аппарат акима сельского округа (поселка).

Жаңақорған ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидасын бекіту туралы

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі N 194 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 мамырда N 4671 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2024 жылғы 17 шілдедегі № 23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 17.07.2024 № 23 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 18 қазандағы N 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң үлгi қағидаларына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берiлiп отырған Жаңақорған ауданының бөлек жергiлiктi қоғамдастық жиындарын өткiзудiң Қағидасы бекiтiлсiн.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Жаңақорған аудандық
мәслихатының кезектен тыс
ХХІХ сессиясының төрағасы
Н. КАЛЖАНОВ
      Жаңақорған аудандық
мәслихат хатшысы
А. НАЛИБАЕВ

  Жаңақорған аудандық мәслихатының
2014 жылғы "14" сәуірдегі N 194
шешімімен бекітілген

Жаңақорған ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 27.12.2021 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңақорған ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Жаңақорған ауданында ауыл, кент, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің (кенттің) аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округтің (кенттің) әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ (кент) әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ (кент) әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ (кент) әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ (кент) әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы қағидалардың 4 тармағына сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол ауылдық округ (кент) әкімінің аппаратына беріледі.